1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар
Бөлім
«Отан отбасынан
басталады»
Сөйлеу әрекетінің
түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу
мақсаты
6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің
бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені
болжау 6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын
білу
Бағалау
критерийі: Білім
алушы
•
Мәтін бөліктері, тірек сөздер
негізінде тақырыпты, мәселені болжайды
•
Диалогке қатысуда сөз әдебі
мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі: Қолдану
Орындау
уақыты: 15-20
минут
Тапсырма
-
Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр
бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта,
кішкентай Отан. «Отан –
отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны
рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Ата –
асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата
– ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық
мақалына қайран қаларсың.
Тірек
сөздер
-
Қазақ отбасында әуелі әке,
содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Қазақ
халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Менің
отбасымда төрт адам бар.
Тірек
сөздер
-
Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз
– жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді
тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым
көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп,
сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан
қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан
тұтамын.
Тірек
сөздер
-
2.Тірек сөздердің көмегімен
мәтінге тақырып қойыңыз
Тақырып
________________________________________
3.Жұпта «Отан отбасынан
басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі
тірек сөздер мен сөз тіркестерін
қолданыңыз.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
|
Білім алушы
|
|
Тақырыпқа қатысты тірек
сөздерді анықтайды
|
1
|
|
|
|
мәтіннен тірек сөздерді
анықтайды:
1-бөлік
2-бөлік
3-бөлік
|
1
1
1
|
|
Мәтіннің тақырыбын
анықтайды
|
2
|
Мәтіннің тақырыбын
анықтайды
|
2
|
|
Тірек сөздерге сүйеніп
әңгімелейді
|
3
|
тақырыпқа сәйкес диалог құрап
айтады;
|
1
1
1
|
|
тірек сөздерді орынды
қолданады;
|
|
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
|
|
Барлығы
|
|
|
8
|