Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Отан-отбасынан басталады!» (Ойын-сауық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Отан-отбасынан басталады!»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға ата-аналарымен өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өздерінің қимылдық тәжірибесін пайдалану, алғырлығын, шапшаңдылығын, күштілігін, төзімділігін дамыту, балалар мен ата-аналар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.

Барысы:

Жүргізуші:

Ал! жанұя отыр сынға түскелі,

Сынамақшы ептілік пен күштерін

Әрбірінің жігер күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

«Отан-отбасынан басталады!» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Енді сөз кезегін балабақшамыздың директоры Сакенова Айгүл Мықтыбайқызына береміз.

Олай болса, құрметті қонақтар, жанкүйерлер, сайысқа қатысатын топтарды қарсы алайық!

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.

Спорт пен жылдамдықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазыларымызды таныстырып жіберейік!

Жүргізуші:

Жиырма жыл он ғасырдың жүгін арттың,

Ел болып еркіндіктің туын тарттың

Әнұраным көк байрағым қалықтады,

Қазақтың бар әлемге үнін қаттың!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады:

Жүргізуші:

Ал, енді жарыстың шарттарымен таныстыра өтейік.

1. Таныстыру (Топтың аты, ұраны, эмблемасы)

2. «Нық қадамдар жасаймын!»

3. «Көңілді қаптар мен доптар».

4. «Кім жылдам?» сайысы.

5. «Көңілді эстафета»

6. «Арқан тартыс» сайысы.

Жүргізуші:

Қызады бүгін той-сайыс

Ырыс дәулет мол болсын.

Жылда осындай той болсын,

Ал, қанекей жол болсын!

1-кезеңі: Таныстыру. (Топтың аты, ұраны, эмблемасымен таныстыру).

2-кезеңі: «Нық қадамдар жасаймын!»

Ойын шарты: әке мен ана таяқшаны баланың алдына ұстап, бала оны аттай отырып белгіленген жерге жетіп, кері қайту.

3-кезеңі: «Көңілді қаптар мен доптар» сайысы.

Ойын шарты: әке мен ана кезектесіп қаппен секіріп барып кері қайту, бала секіргіш доппен секіру.

4-кезеңі: «Кім жылдам?» сайысы.

Ойын шарты: әке мен ана екі қолдарын айқастыра ұстап баланы отырғызып кеглдер арасымен жүгіру.

5-кезеңі: «Көңілді эстафета».

Ойын шарты: бала самокатпен, ана секіргішпен, әке теннис ракеткасымен кеглді айналып жүгіру.

6-кезеңі; «Арқан тартыс» сайысы.

Ойын шарты: отбасылар өзара арқан тартып күш сынасу.

Жүргізуші:

Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге,

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,

Ауру, сырқауды жолатпайды тәнімізге.

Әділ-қазыларға сөз беру.

Жарыстың қорытындысын шығару.

Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі,

О халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жеңген топтарға сыйлықтар мен грамоталар беріледі.

Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.






Бекітемін

145 «Балапан» балабақшасы КМҚК

директоры Сакенова А.М.







Байқаудың ережелері


3 «Жұлдыз» ересектер тобы ішінде Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Отан-отбасынан басталады» атты отбасылық сайысы өткізіледі.


Байқауды «Шынықсын денеміз!» жобасын қорғаушылар ұйымдастырған.


Байқаудың мақсаты:

Балалардың рухани патриоттық сезімдерін ояту, дене тәрбиесіне қызығушылықтарын арттыру.


Байқаудың бағыттары:

-Тәуелсіздік мерекесі жайлы мағлұмат беру, Отан,отбасы құндылықтары жайлы түсіндіру.

-Өз Отанын сүюге,мақтан тұтуға, құрметтеуге баулу.

-Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

-Балаларға ата-аналарымен өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру.

-Өздерінің қимылдық тәжірибесін пайдалану, алғырлығын, шапшаңдылығын, күштілігін, төзімділігін дамыту.

-Балалар мен ата-аналар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.



Байқауға 3 отбасы қатыса алады.Команда құрамы: әке, ана, бала.

Өткізілу уақыты: 08.12.2017



Өткізілу шарттары мен тәртібі:

Байқауға эстафеталық ойындар ойналады және ҚР Тәуелсіздігі туралы тақпақтар оқылады.


Байқау номинациялары:

1, 2, 3-орын анықталып мадақтамалар беріледі.


Байқауды қорытындылау, марапаттау.

Қазылар алқасының мүшелері:

  1. Сакенова А.М.-директор

  2. Жакулова С.С.-әдіскер


Байқауды бағалау жоғарғы ұпай саны-5 балл


Сайысқа қойылатын талаптар:

  1. Ойындар балалар жасына сай келуі.

  2. Отбасы мүшелері толық қатысуы.

  3. Қатысушылар спорттық киімде болуы.

  4. Қатысушылардың белсенділігі.


Сайыстың жеңімпаздары жинаған ұпай сандарымен анықталады. Қорытынды ең соңғы кезеңде анықталады. Қатысушы командаларға І,ІІ,ІІІ орындар беріліп жүлделі сыйлықтармен, грамоталармен марапатталады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
1590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12