«Менің Отаным!»
І Кіріспе бөлім «Өзге емес байтақ далам жағдайында
Жүрегім жалын атқн сөз дайында...»
ІІ Негізгі бөлім 1. «Отан, Отан бәрінен биік екен...»
2. «Бақытым бар үшінші- Отан деген...»
ІІІ Қорытынды бөлім Менің Отаным- Қазақстан
«Өзге емес байтақ далам жағдайында
Жүрегім жалын атқан сөз дайында»- деп өз шығармамды Қасымша толғап бастасам. Отан... Осы бір төрт әріп ұлы күшке, үлкен құдіретке ие. Бұл сөз әр адамзат үшін құнды, бағалы. Осы бір сөзде қанша мағына, қасиет жатыр десеңізші?! Дүниеге шыр етіп келгеннен топырағын басып, ауасын жұтқан атамекен әрбір адам баласын алыста жүрсе аңсатып, қасында жүргенде жанына сая болары анық. Отан дегеніміз- туып өскен жерің, 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып азаттық аңсаған қазақ халқының бастан кешкен тарихы. Отан дегеніміз- ел басына күн туғанда етігімен су кешіп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел егемендігі үшін қасық қанын қиып құрбан болған өр мінезді қыздарымыз бен есіл ерлеріміз.Отан дегеніміз- көшпенді қазақ жұртының қонысы болған Алтай мен Атыраудың арасындағы Ұлан- ғайыр алқап, Ертіс пен Еділдің , Арқа мен Алатаудың арасындағы Ұлан- ғайыр атырап қазақтың алтын бесік ата жұрты. Ата- бабамыз аңсаған азат күнде алаңсыз ғұмыр кешіп жатқан бүгінгі ұрпақ осы Отанның киесін сезініп, жауапкершілікпен ендігі иесі өзіміз екендігімізді әрдайым есте ұстағанымыз абзал.
«Отан, отан бәрінен биік екен,
«Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем»- деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап кеткендей, әрине, отан бәрінен биік, бәрінен ұлы. Отан мен үшін тек туған жер ғана емес, менің бал дәурен балалық шағымның куәсі, менің болашағым, менің ертеңім... Менің Отаным- тарих пен даналықтың, рухани құндылықтардың мекені. Осы өлкенің ауасын жұтып, суын ішіп өскеннен кейін жас ұрпақ біздердің алдымызда үлкен жауапкершілік бар, ол Отан алдындағы перзенттік борышымызды адал өтеу. Біздің Отан алдындағы басты парызымыздың бірі ата- бабамыз ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен аман сақтап, келер ұрпаққа аманаттап кеткен ұлан ғайыр атырап жерімізді, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді, қазақ екенімізді айқындап өзге елден ерекшелеп тұратын салт- дәстүрлерімізді, рухани құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп дана халқымыз айтқандай бұлбұл да өз бағында ғана сайрайды емес пе?! Ендеше, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевша айтатын болсам «Бақытым бар үшінші- Отан деген». Ақын аталарымыз айтқандай әрбір жас ұрпақ «Отан» деген ұлы сөзді бақьтымызға балай білсек біздің еліміздің ғұмыры ұзақ, бақыты баянды болатынына сенімім кәміл. Бүгінгі Ұлы Далада өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бақыты үшін қаншама батыр ұлдарымыз бен батыл қыздарымыз бақилық болғаны тарихымыздан белгілі. Ендігі еліміздің өсіп- өркендеуі үшін тер төгетін өскелең ұрпақ біздерміз. Сол батыр да батыл, дана ата- бабамыздың ұрпағы болғанымызды мақтанышпен айта аламыз.
Менің Отаным- Қазақстан. Мен осы елде туылып, осы елде өсіп келе жатырмын. Мен үшін осы елдің ауасын жұтып, топырағына аунап, ана тілінде сөйлеп, Ұлы елдің ұланы болғаным үлкен мақтаныш. Туған жер- адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап- ақ отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. Мен шығармамның соңында өзімнің шағын ауылым туралы сөз қозғағанды жөн көрдім. Менің кіндік қаным тамған туған ауылым Қызылқайың ауылы. Мен үшін осы өлкенің әрбір тал ағашы мен жусаны, тауы мен тасы бәрінен қымбат, бәрінен артық.
Ай мен жыл өтіп арқалап келем,
Сағыныш дейтін жүкті ауыр.
Тербетіп жатқан шартарапты өлең,
Қызылқайыңым құтты ауыл!
Қайыңы қызыл, Қара ағаш жасыл,
Алмасы тәтті бағында.
Салушы ем ойнап жалаңаш асыр
Балдәурен балғын шағымда- деп өз шығармамды осы өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отан шығарма

шағым қалдыра аласыз