400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отан тарихы – Ұлт тарихы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттің қарыштап дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені даусыз. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жетуге бәрімізді бірігіп әрекет етуге шақырады. Әрине, ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы сан алуан. Соның бірі және бірегейі – Отан тарихы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Укешова Клара Тоқтасынқызы

Директордың тәрбие жұмысының орынбасары

Жұмыс орны: Алматы облысы, Ескелді ауданы

Абай атындағы орта мектебінің


Отан тарихы – Ұлт тарихы


Мемлекеттің қарыштап дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені даусыз. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жетуге бәрімізді бірігіп әрекет етуге шақырады. Әрине, ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы сан алуан. Соның бірі және бірегейі – Отан тарихы.

Тарих – халықтың зердесі. Ел тарихын білу ар­қылы тарихи сана қалып­таса­ды, тарихи сана арқылы ұлт­тық сана өсіп жетіледі. Ал ұлттық санамыз биік дәрежеге көтерілсе, тәуелсіздігіміз тұғырлы болмақ.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарих сахнасының жаңа сапалық са­тысына көтерілді. Оған тың серпіліс берген, әрине, Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев жариялаған тарихи құжаттар. Сол саяси да салмақты құжаттардың ең бастысы – «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Аталмыш Жол­дауда Мемлекет басшысы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек», – деген болатын.

Елбасы тапсырмасына орай елімізде «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы әзірленіп, нәтижесінде ұлттық сананы қалыптастырудағы Отан тарихының рөлін насихаттауда сан мыңдаған іс-шара атқарылды. Біздің шәкірттер Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу аясында талай дерек пен дәйекке қанықты. Мәселен, елімізде дүбірлеп өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойы қарсаңында алғаш рет Қытай мұрағаттарынан біздің тарихқа қатысты мыңдаған құжат том-том болып көшіріліп алынып, Иран мен Үндістаннан да тарихи құнды қолжазбалар жеткізілгендігінен хабардар болдық. «Тарих толқынында» бағдарламасының аясында пәнаралық байланыс жұмыстарын үйлестіруді қолға алу арқылы ұлттық тарихты зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Біз алдымызда отырған шәкірттерімізге халқының шындық тарихын білген адам ғана өзінің отаншылдық бағытынан жаңылыспайтындығын үнемі айтып, талқылап отырамыз. Сол арқылы олардың өз еліне, жеріне адал қызмет ететін, отансүйгіш, елжанды асқақ азамат болып қалыптасуын көздейміз.

Қазақ хандығы демекші, адам өткенін жақсы білмей тұрып, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары – Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне, міне, биыл 550 жыл толды. Тарихқа көз жүгіртсек, тағдырдың талай соққысы қазақ халқының басына таяқ болып тиді. Дәл сол уақытта да Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын түрлі қауіптерден қорғап, болашаққа қарай жылжуына, дамуына жағдай жасады. Қазақ хандығының жері бірнеше есе ұлғайып, халқының саны миллионға жеткен тұс – Қасым ханның дәуірі болатын.

Әлемдегі адамзатқа тән барлық қиыншылық пен қайшылықтар қазақ ұлтының да басынан өткен. Олардың салдары біздің рухани өмірімізге де, тарихи санамызға да айқұш-ұйқыш іздерін салмай кетпеді. Қазақ ұлты өз даму жолын­да сыртқы басым күштердің ықпалын ерекше сезінді. Олармен күресте өте ауыр жеңілістерге де ұшырады. Миллиондаған адам құрбан болды. Жасыратыны жоқ, осы кезеңге дейін Қазақстан тарихының негізгі мәселесінің барлығын Ресей тарихының негізгі басымдылықтарына бағындырып келдік. Бұл қателік Қазақстанның әлемдік өркениеттегі орнын, оның көне тарихын дұрыс, әділ бағалауға мүмкіндік бермей келді.   

Шындық сол, Қазақ елі Ресей боданы болғанға дейін өз тағдырын өзі шешіп келген ел, бостандықтағы халық болған. Ал XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап біз тарих сахнасынан ысырыла бастадық. Себебі, Ресей Қазақстанға тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізуге мүмкіндік бермеген. XIV ғасырдан бастап қазақ халқы үш азулы елдің қоршауында, шырмауында қалды. Олар: Қытай, Ресей және Жоңғария. Далалық екі мемлекет – Жоңғария мен Қазақ хандығы Еуразиядағы өз орындары үшін 100 жылдай текетіресе соғысты. Ақырында Жоңғария тізе бүкті. Әлсіреген Жоңғарияның ұлан-ғайыр территориясын Қытай империясы жұтып қойды. Ал күйі тайған Қазақстан біртіндеп Ресей империясының боданына айналды. Ал орыс мемлекетінің қазақ ұлтын сақтайын, оны білім мен ғылымға үйретейін деген ниеті болған емес. Олар қазақ тіліне, мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүрлері мен дүниетаным жүйесіне аяусыз соққы берді. Бірақ, отар болып жүрсе де біздің қазақ ұлтының өкілдері орыстың озық білімі мен ғылымын меңгеруге, сол білген-тоқығандарын қандастарына беруге ұмтылды. Олар осындай отарлық саясатқа төтеп бере жүріп, қазақ ұлтын сақтаудың алғашқы шарттарын жасай бастады. Қазақтың ұлы ағартушылары халықты білімге, өнерге, ғылымға, мәдениетке тарта отырып, қазақ ұлтын, салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау жолында тер төкті. Ағартушылық отаншылдықты оятып, ұлттық құндылықтарды сақтауға, қазақ тілінің дамуына көмектесті. Ұлттық сана ұлттың қорғаныс тетіктерін іске қосты. Соның негізінде қазақ тарихында батырлар, хандар, жырау, ақындар үлгілері болды.   

Бүгінгі таңдағы көптеген кемшілік пен қайшылық-олқылықтардың түпкі себептері баяғы бодандық өмірімізде жатыр. Еңбекші халықтың диктатурасын орнатамыз деген Кеңес өкіметі де қазақ ұлтын жарылқамады. Керісінше, күшпен модернизациялау саясаты арқылы 1920-1921, 1931-1933 жылдары жасанды аштық ұйымдастырып, ел халқының 3 миллионнан астамын қолдан қырып тастады. 1 миллион­нан астам қазақ басқа мемлекеттерге босқын болып шашырап кетті.

Әрине, Кеңес одағы құрамында болған жылдарды толықтай «қара бояумен» жағып тастауға да болмайды. Осы кезеңде қазақ ұлты өзін сақтаудың қамын да жасады. Көптеген ғалым, мемлекет қайраткерлері, еңбек адамдары үлкен табыстарға қол жеткізді. Ірі құрылыстар, қалалар салынды, қоғамның индустриялдық инфра­құрылымы жасалды. Сондықтан қазақ ұлтының Кеңестік қоғамдағы тарихының ақ пен қарасын ажыратып алуымыз міндет. Сонда ғана бүгінгі Қазақстанның мемлекетілігін кү­шейту жолдарын дұрыс түсіне аламыз, бүгінгі ұрпаққа дұрыс тарихи тәрбие береміз.

Иә, тарих – ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттеле бастады. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қайта таразыланып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Бірнеше ғасыр бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жасаған деректерін ғылым талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде елдігімізді əлемге таныттық.

Біздің тарих – тұлғаға негізделген тарих. Жеке тұлға қазақ үшін өте маңызды. Халқымыздың осы ерекшелігін Елбасы дұрыс түсінді. Осыған орай, Мемлекет басшысының Жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 – «Қоғамдық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 — «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп аталған болатын. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. Ал, 2003 жылы бұрын-соңды болып көрмеген «Мəдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Мұның бәрі өткенімізді зерделеп, түгендеуге жол ашты.

Қазақ халқы күрмеуі қиын, тығырыққа тіреген жағдайлардан Керей, Жәнібек сынды елжанды хас батырларының арқасында әрдайым аман-есен, елдігін, бірлігін жоғалтпай шығып отырған. Өйткені, олардың жігерін еселеп, рухын асқақтата ту етіп желбіретіп, арманын биіктеткен тəуелсіздікке, азаттыққа деген ұмтылысы мен құштарлығы еді. Осы орайда Елбасының: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ", – деген салиқалы сөзі ойға оралады

Иә, баршаңызға белгілі, қазақтар еш уақытта ешкімге өзі барып соқтықпаған, соғыс ашпаған, ата-бабалар жерін ерлікпен, намыспен қорғаған халық. Сондықтан бізге тарих арқылы рухы биік Қазақ ұлтын əлемге таныту өте маңызды. Ол үшін алдымен өзіміз білімді болуымыз керек.  Себебі, біздің жиған-терген білім-ілімімізден сан мың оқушы нәр алады. Ал, біздің мектептегі ұстаз қауымының, яғни әріптестерімнің бүгінгі білім бәсекесіндегі алар асуларының биік болатындығына күмән келтірмеймін. Олардың ел игілігіне еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрлерді сіңіруде жалғастырып келе жатқан даңқты дағдыларынан танбайтындығына кәміл сенемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі