Отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?

Жадыраған жаз келгенде әрбір адам демалысымызды қай жерде өткіземіз деп ойланатыны рас. Шүкір, қазақ жері табиғаты көркем, тауы мен даласы жанға жайлы мекендерге кенде емес. Жер жәннаты Жетісу, шыңдары көк тіреген Алтай, емдік қасиеті де, шипасы да мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш… айта берсек көп. Бірақ біз өз еліміздегі туристік орындардың қадірін әлі күнге дейін білмей жүрген сияқтымыз. Қазақстандағы туризмді қолдайық деп қаншама бастамалар көтеріліп, идеялар айтылса да, азаматшалардың шетелдерге аңсарымыз ауып тұратыны неліктен екен?

Бұл орайда әркімнің айтар өз уәжі бар. Біреулері Қазақстандағы туристік орын­дарда қазіргі тілмен айтқанда дұрыс сервис жоқ немесе бағалары тым қымбат дегенді алға тартады. Одан да сол кеткен ақшаға бірнеше елді аралап қайтуға болатынын дәлелдейді. Бірақ қалай болғанда да біз ішкі туризмді дамытуға күш салуымыз керек емес пе? Жасыратыны жоқ, әлемдік талаптар тұрғысынан қарайтын болсақ, бізге әлі көп шаруаларды атқаруға тура келеді. Өйткені туризм бұл мемлекеттің бет-бейнесін танытатын бірден бір жоба. Демек, оған стратегиялық тұрғыдан қарауға тиіспіз. Статистикаға жүгінсек, дамыған елдер осы саладан қыруар пайда тауып отыр. Кішкентай аралдың үстінде отырып-ақ мол табысқа ке­неліп отырған мемлекеттерді білеміз. Ал сонда біздің елдегі туристік әлеуеттің мүмкіндігі бірнеше есе үлкен емес пе деген ой келеді. Бәлкім, арнайы бағдарламалар қабылдау керек шығар деп ойлаймын. Бұл да отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауына себеп емес пе? Сонымен қатар, туризм саласы өзге секторлар сияқты сандық технологияның игерілуін қажет етеді. Еліміздегі инфрақұрылымның жоқтығы мен сала мамандары біліктілігінің төмендігі де шетелдіктердің елімізге қыдырып келуіне кедергісін келтіріп жатқан көрінеді. Нақтырақ айтсақ, әлемдік брендтерді санамағанда, әдеттегі туристік нысандар мен қонақүй, мейрамхана қызметкерлерінің шет тілге шорқақтығынан да туризм саласы ақсап тұр дер едім.

Қорытындылай келсем, әрине, әлемнің кейбір елдері туризмнен мол табыс тауып отырғаны белгілі. Тұмса табиғатымен баурап алатын көрікті мекендер біздің елімізде де жетерлік. Алайда қолда барды ұқсата алмай келеміз. Бәзбір елдер сияқты отандық туризмді дамытуға жұмыла күш салсақ, қаншама қаржы сыртқа кетпес пе еді?! Талай жылдан бері әңгіме арқауына айналған отандық туризмді өрге жүздіруге неге немкетті қараймыз? Ол үшін бізге әлі де болса, өз елімізге деген махаббат пен іңкәрлік, патриоттық рух пен ерік-жігер жетіспейтін секілді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2024
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі