Отантану – өлкетанудан
басталады
Халқым мен туған елімді сүю –
өзімнің еншіміе тиген мұрат деп түсінетін едім. Туған өлкемнің
жасыл шалғынын да, шалқар көлін де құмайытты шөлін де, сағымды
белін де – бәрін бірдей жанымдай жақсы көремін. Оны ешкімге қиғым
келмейді. Сонау желі қобыздай сарнаған сар даламды дүниенің ең сұлу
жеріне де айырбастамас едім.
(Ілияс
Есенберлин)
Еліміздің егемендігін нығайту
жағдайында жас ұрпақты Отаншылдыққа тәрбиелеу, бойындағы күш
-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, оларды
елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, елдің әдет-ғұрпы мен
дәстүрін құрмет тұтатын адамзат болып өсуін қамтамасыз ету білім
жүйесінің басты мақсаты деуге болады. Оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің бірден бір құралы – ол мектеп өлкетануы болып табылады.
Ізденушілік өлкетану жұмысы барысында оқушыларда туған өлкенің,
ауылының тарихына деген қызығушылық, туған өлкеге деген
сүйіспеншілік, өткені мен бүгінгі тарихын оқып-үйрену, негізінде
патриоттық, азаматтық тәрбие қалыптасады. Әр халықтың мәдени мұрасы
өз тұрмысын көрсетіп, ұрпақтан ұрпаққа оны мирас қылып оны сақтауға
қызмет етеді. Сондықтан да, ұлт тарихы – өлке тарихынан бастау
алады. Сонымен қатар өлке тарихын қастерлей білген оқушы, өзге
елдің тарихын да құрметтеуге, олардың салт-санасын бойына сіңіріп,
өмірде жан-жақты қалыптасуға бет бұрады. Соның нәтижесінде
ғылыми-зерттеу жұмысына икемделіп, шығармашылық қабілетін де шыңдай
түседі. Ең басты мақсаты Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілік
сезімін қалыптастыру болып табылады. Осы патриоттық тәрбиемен
қатар, қазіргі таңда кеңінен қолға алынып отырған мәдение мұралар
сабақтастығын дамыту мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы
рухани-мәдени өміміріміздегі ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі
белесті кезең ретінде бүгінге ел арасында үлкен серпіліс туғызуда.
Бұл бағытта жас ұрпаққа мәдени мұралар арқылы патриоттық тәрбие
берудің негізгі идеялары Елбасының «қазақстан-2030» стратегиялық
жолдауында «Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің
патриоттары болады делінсе, Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық
пен елжандылық, өз Отаны-Қазақстан Республикасына» деген
сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін
қастерлеу, әлемдік және Отандық мәдениетін, жетістіктеріне
баулу,қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының
тілдерін меңгерту деп атап өтілген. Патриоттық сезімнің нысаны мен
қайнар көзі Отан десек мазмұны туған жер, таюиғат және оның
таусылмас байлықтарын тілін, дәстүрін, тарихи ескерткіштерін, туған
өлкедегі тамаша киелі орындарын насихаттау болып табылады. Осы
мақсатта біз сырдария ауданының Оқушылар Үйінің жұмысы да жыл
артқан сайын жандану үстінде. Мысалы, өскелең ұрпақ бойына
саналылықты, азаматтылықты, патриотылықты сіңіріп, Отанға туған
өлкеге деген сүйіспеншілікті арттырып, халық тарихын, салт-дәстүрін
үйренуге талаптандыру арқылы балаларға шығармашылықпен жұмыс жасау
дағыдысын қалыптастыруға мән беріледі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне келер болсақ, өлкетану – ғылыми ізденімпаздыққа басталатын
нақты жол болмақ. Сондықтан да өлке тарихын іздену, оқып үйрену
барысында оқушылар белсенділік танытумен қатар бүтіндей оқу
материалын меңгереді және білімдерін, танымждық іс-әрекеттерін
күнделікті өмірде пайдаланумен қатар болашақта өз қажеттеріне
жаратады. Өзінің туған өлкесі туралы оқып, оны үйрену тарихи
ұғымдарды қалыптастырады деген түйін жасай отырып, өлке тарихын
сабақта, үйірмелер барысында, әсіресе тәрбиелік шараларда
пайдаланудың ереекшелігі зор деп білемін.