Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Отаным-тағдырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Отаным – тағдырым! Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға дағдыландыру. Түрі: саяхат сабақ Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас, «Зымыран» сұрақтар, «Мозайка» әдісі Көрнекіліктері:гүлдер, тақырыптық суреттер, жалауша, суреттер, плакат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

28 Құсмұрын орта мектебі» ММ






Shape1







































4 «Ә» сынып

Мұғалім: Габдуллина А.Т.









2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: Отаным – тағдырым!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға дағдыландыру.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас, «Зымыран» сұрақтар, «Мозайка» әдісі
Көрнекіліктері:гүлдер, тақырыптық суреттер, жалауша, суреттер, плакат.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал.
Әнұран.
Санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді
І топ – «Аудан»
ІІ топ – «Қала»
ІІІ топ – «Облыс»
ІV топ – «Республика»
- Кәне, балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.

-Тағдыр деген сөзді қалай түсінесіндер?
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Балалар Отан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Қоржынымызға ұпай жинайық.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын.
Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған ата?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Сенің ата - бабаларың бірнеше жылдар бұрын орыс халқымен бірге өмір сүрді. Өз Отаны Қазақстанға келу арман болатын. Сол арманымызға жетуге ел ағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлының еңбегі зор болды. Ол кісі біздің өз Отанымыз Қазақстанды тәуелсіз ел қылып, сендердің осындай қалада тұруларыңа, мынадай зәулім мектепте оқуларыңа орасан зор еңбек етті. Президентіміздің қолдауымен, ел ағаларының еңбектерінің арқасында осындай «Қазақстан» атты мемлекет пайда болды.
Немересі: Ата, ол кісі қалай мықты болған?
Атасы: Балам, ол кісі терең, жан - жақты білімді адам. Ендігі кезде туған жерді гүлдендірер ұл - қызы, мына, сендерсіңдер.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды өте жақсы оқитын боламын.
Атасы: Солай болсын балам, солай болсын. (Атасы мен немересі шығып кетеді).
Олай болса, елімізге деген шашуымызды шашайық!
1-бала
Елбасы келіп еліне, үндеуін елге жолдады,
Елімнің ой - пікірін ден қойып әбден тыңдады,
Уәде беріп ел - жұрттың көңілін көтеріп тастады,
Пилоттық жоба «Нұрлы көш» жұмысын солай бастады.

2-бала
Көп ұлттың еңбек өкілі еңбек етті еселі
Жемісін көріп еңбектің мерейлері өседі.
Бос жатқан жердің орнына, құрдығой көркем жас қала
Елге оралған ағайын құтты болсын баспана.

3-бала
Құрылып мектеп, бақшасы, суы менен жарық, газы бар
Жұмыс орны болсын деп, құрылды алып заводтар.
Бау - бақшамен, жылы жай, саябағы тағы бар
Қоныстанған Асарға елімнің сондай бағы бар.
2. - Балалар, біз қай қалада тұрамыз?
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! деп ақын ағаларымыз жырлағандай сұлу да, көркем елдерімізге саяхатқа шығамыз. «Менің қалам», «Сөз ойла, тез ойла» әдісі бойынша суретке қарап әңгіме құрау.
3.- Біз қай облыста жасаймыз?
Ендеше «Мозайка» әдісі бойынша аудандарды біріктіру арқылы Солтүстік Қазақстан облысының картасын жасайық.
Олай болса облыс орталығына қарай сапарымызды жалғастырайық.
- Солтүстік Қазақстан облысы жайлы мәлімет...
4. – Біз қай Республикада жасаймыз?
- Қазақстан
- Республикаға саяхатымызды жалғастырамыз.

5. Оқушылар Отан туралы өлең оқиды
Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.

Жүргізуші: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін.

Мен есепші боламын.

Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде, жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.

Мен әкім боламын.

Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.

Мен білім министрі боламын.

Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.

Мен дәрігер боламын.

Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.

Мен мұғалім боламын.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.

Мен полиция қызметкері боламын.

Еліме адал қызмет етемін.

Мен кәсіпкер боламын.

Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.

Мұғалім Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. Біздің еліміз биыл Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесін атап өтеді. Сендер осы Тәуелсіз елде туып, оның ары қарай өреуіне үлес қосатын болащақ азаматтарысыңдар. Тәуелсіз елдің патриоттары болуға тілектеспін.

Ән «Атамекен» орындау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12