Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отанымның табиғаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақша балаларына Отан туралы сабақ үлгісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Даярлық топ

24.11. 2015 жыл

Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімдері:Қазақ тілі

Тақырыбы : Отанымның табиғаты

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру.
ә) дамытушылық: арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;
Табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру.
б) тәрбиелік: туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға, болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;

Көрнекіліктер :слайдтар, Қазақстан картасы, тақырыптық суреттер, бейне көрініс, магнитофон

Сөздік жұмыс : табиғат, ормандар, таулар, көлдер,теңіздер, көлдер, өзендер, жабайы аңдар, таза, жер-Ана, қорғайық.

Билингвалды компонент : орман-лес, тау- гора, көл- озеро, өзен- река, теңіз- море, жабайы аңдар- дикие животные, таза- чистый, табиғат- природа


Видеослайд «Табиғат – адамзатқа аманат»

Балалар залға кіреді , дөңгеленіп тұрады.

СPicture 2 абақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы таң, мұғалім!

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

Мұғалім:Рахмет, балалар! Орындарыңа отыруға рұқсат.

Қалдарың қалай? Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Дайын екендерінді мына сұрақтар арқылы байқайын.

Сұрақтар:

-Жыл мезгілдерін атаңдар?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз айларын ата?

-Күзде не жауады, күн қандай болады?

-Күзде нелер піседі?

-Қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер?

-Күз туралы кім тақпақ айтады?

Тақпақ:

Алақай,, алақай!

Қуанды балақай.

Береке- салты күз,

Мереке- алтын күз.

Мұғалім: Тамаша. Ендеше саяхатқа шығайық. Кәне, балалар бас киімімізді киеміз, сөмкелерімізді иығымызға асамыз, велосипедке отырамыз, жүреміз. Музыка «Туған жер»

Сурет -тау

Музыка- жел /

Мұғалім: Қандай қатты жел соғып кетті, ауа райы бұзылайын деп тұр.Кәне тоқтап , мынау таудың бауырында желдің басылғанын күтейік. Егерде сендер мына сұрақтарға жауап берсеңдер, мүмкін жел де басылар.

Сұрақтар:

  • Отан деген не? (Отан туралы тақпақтар айтады)

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан- ана, Отан- үлкен

Қазақстан туған жер. Руслан


Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен Қазақстан. Даша Е.


  • Елбасы кім?

  • Елорда қай қала?

  • Астана қандай қала?

  • Қазақстан рәміздерін атаңдар?

  • Тудың түсі қандай?

  • Туда не бейнеленген?

Мұғалім: Керемет, желде басылды велосипедке отырайық , жолға шығайық .

Музыка «Туған жер»


Музыка- жаңбыр/ Сурет- шырша


М ұғалім: Балалар, аспан да бұлттанып жаңбыр жауайын деп тұр..Кәне,тоқтап, жаңбырдың басылғанын шыршалардың бауырында күтейік .Балалар қараңдаршы, қандай әдемі тілек-шыршысы. Кто из вас знает пословицы, поговорки о земле, природе родного края может завязать ленточку.

1. Туған жер- алтын бесік / Эльдар

2. Жер- ырыстың кіндігі

Жер- ана, ел- бала. / Богдан

3. Көлдің көркі- құрақ, таудың көркі- бұлақ./ Катя

4. Орман көп болса, олжаң көп. / Рита

5. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады./ Даша Е.

6. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас. / Ариша

7. Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді. / Бинура

8. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз./ Құралай


Мұғалім: Балалар, сендердің армандарың көп екенін білемін, сондықтан осы шыршының жанында билеп, бойымызды сергітіп алайық.

Я знаю что у вас много пожеланий, поэтому предлагаю возле нашей елочки потанцевать. Физминутка «Елочка»

Мұғалім: Жаңбыр да басылды велосипедке отырайық әрі қарай жүрейік.

Музыка «Туған жер»



Мұғалім: Міне, Бурабайға жетіп қалдық, айналаға қараңдаршы қандай сұлу табиғат.

Вот и доехали до Бурабая. Помотрите как здесь красиво.

Бейнеслайд: «Бурабай – путешествие в сказку»


Мұғалім:

Picture 3 Бізді қоршағанның бәрі- табиғат.

Ол биік таулар, жасылормандар, көгілдір көлдер, өзендер, үлкен теңіздер.

Аң- құстары, жан- жануарлары көп. Ауасы таза. Бурабай аңызға айналған жер. Табиғат пен адам бір- бірімен байланысты. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ. Отанымыздың, Бурабайдың табиғаты әдемі, тамаша.

Мұғалім: Балалар, сендер табиғат деген не білесіңдер ме?

Табиғат- бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. / Дени

Мұғалім: Табиғаттың басты байлығы не?

Табиғаттың басты байлығы- жер.

Жер- біздің қазынамыз, байлығымыз. / Ариша


Мұғалім: Кім табиғат туралы тақпақ біледі. Вы знаете стихи о природе родного края.

Табиғат біздің анамыз,

Жер- Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман болмыз. / Лера


Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтайық

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық. / Элина


Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін.

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін. / Настя Ш.


Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем. / Катя


Мұғалім: Табиғаттың аясында көңілімізді көтерейікші

ФPicture 4 изминутка «Көңілді күн»

Мұғалім: Балалар, бақыт деген не екенін білесіңдер ме?

А вы знаете что такое счастье?

Музыка- Детство

А вот и ата идет давайте спросим.

Көрініс: «Бақыт деген не?»

Милана: Айтшы білсең егер де, ата бақыт деген не?

Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Рахмет, ата.


Мұғалім: Қаншама әдемі жерлерді, табиғатың аясында демалдық, енді велосипедтерімізге отырып, балабақшамызға қайтайық. Музыка «Туған жер»


Мұғалім: Балалар, міне бақшамызға да жетіп қалдық.

Слайд «Табиғат»


Біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстанның табиғаты қандай?

-Қазақстанда нелер бар? (ормандар, таулар, өзендер, көлдер, теңіздер)

- Өзен, көлдер түсі қандай? (көк, көгілдір)

-Орманда нелер мекендейді?

-Қандай жабайы аңдар?(түлкі,кірпі, тышқан, қасқыр)


Мұғалім: Сонымен табиғатты қорғайық!

Мұғалім: Ал енді шеңбер жасап тұрамыз, бір- бірімізге тілектер айтамыз.

Picture 5

  • Бұлақтай мөлдір таза бол! Құралай

  • Жұлдызың жарық болсын! Бинура

  • Айың оңыңнан тусын! Элина

  • Көңілің клдей шалқысын! Катя

  • Гүлдей жайнай бер! Богдан

  • Таудай талап бер! Руслан

  • Қызғалдақтай құлпыра бер! Лера




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12