№43
жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты
«Отбасы тәрбиенің басты
ұясы»
(8
«A» сыныбы)
Өткізген: Балтабаева
А.С.
Орал –
2018
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Отбасы тәрбиенің басты
ұясы».
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін
шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын
дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін,
тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын
дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,
ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сыныптан тыс шара.
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру,
сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер,
нақылсөздер, суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал
туғыз.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт.
«Еркелету» жылулық шеңбері.
(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін
айту.)
ІІ. Негізгі
бөлім.
Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)
Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай
түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы
қандай?
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние
есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер
жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала
тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң
қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі
баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе
жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн
сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.
Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi.
Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді
қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында
қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке,
ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.
Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың»
үлгісін құрастырайық.
Ол
үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық.
Ойын: " Бұл кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау
қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап,
жасырынған отбасы мүшесін табу.
1.
Айтары мол ғұлама,
Көп
жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол
кім? Ата.
2.
Ертегі айтып береді,
Күнімен саған ереді.
Әкешіңнің анасы,
Әкең оған баласы. Ол кім? Әже
3.
Атаңның баласы,
Кей
кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол
кім?Әке
4.
Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн
ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл
кім? Ана
Топтық жұмыс.
1.Отбасындағы әкенің орны.
2.Отбасындағы ананың орны.
3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып,
бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың
керек?
Сұрақ – жауап:
1
топ.
1.
Балдан тәтті не? (бала)
2.
Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3.
Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4.
Әкеден балаға беріледі. (мұра)
5.
Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала
қадірлі)
6.
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7.
Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер
мал шашпақ)
2
топ.
1.
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым)
2.
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
3.
Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке,
сіңілі,
іні.)
4.
Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі,
аға, іні)
5.
Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау,
айтқан
ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы,
кішіге - көмекші.
6.
Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті
одағы)
7.
Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата -
анасына)
3
топ.
1.
« Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын
көтеріп,
айтқандарын істеу керек.)
2.
Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
3.
Отбасының басшысы кім? ( Әке)
4
Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен
мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)
5.
Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт,
нағашы)
6.
Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы
ата)
7.
Ат – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?
Мақал -мәтелдің жалғасын табу.
1топ.
1.Атаға қарап -
...............,
Анаға қарап -
..................
2.
Ананың көңілі балада, ..........................
3.
Ата-ананың қадірін -
................................
4.
Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны
ілерсің)
2
топ.
5.
Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу
мазар)
6.
Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон
пішер)
7.
Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі –
бал)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. (
бала)
3-топ.
9.
Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар
көл)
10.«Жеті атасын білмеген:
................(жетесіз»),
11.Ата көрген оқ жонар,
..........................( ана көрген тон пішер)
12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз
сөйлегеннен без)
«Бақытты отбасы модулін»
аяқтау.
Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы
мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның
мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.
Қорытындылау.
-
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік,
бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау
болсын!