Материалдар / «Отбасы - өмір аясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отбасы - өмір аясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасы - өмір аясы»

Сынып сағатының мақсаты: а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.

Сынып сағатының барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Тақырыппен таныстыру

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

«Отбасы –өмір аясы» деп аталатын мерекемізді бастаймыз. 
Бүгінгі мейрамымызға біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізді шақырдық ендеше сол кісілерге қол шапалақтап қойсақ.

(Сырттан иттің үрген дауысы шығады). 
Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.

Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік! 
Қырағы да, сақ күшік. 
Түні бойы жатпаймын, 
Қоралы малды сақтаймын.

Әжем мені мақтайды, 
Тамағымнан қақпайды. 
Ақылды итке санайды, 
Аппақ жүнімді тарайды.

Мен де оған еркелеп, 
Әжеме жылы қараймын. 
Мен күшікпін, ақ күшік! 
Қырағы да, сақ күшік. 
Түні бойы жатпаймын, 
Қоралы малды сақтаймын. 
Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушылар өлең оқиды

Әке деген - биік шыңы адамның, Ернар

Әке деген - тірегі ғой ғаламның,

Әке деген – бойыңда аққан қаны да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.


Ақ жаулығың қымбат маған анашым Саят

Тілегімсің, сүйенішім панамсың,

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол мейірімді данамсың.

О, ата-анам, Таяныщым тірегім! Әділет

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Рамазан
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай

Бас қосты бүгін жиынға Фарида
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Маған ақыл беретін , Гүлназ

Әжем менің асыл жан

Сипап жақсы көретін

«Құлыным» деп басымнан.

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.


Айтады ертегі жан анам

Ақ сақалын салалап,

Құмарымды тарқатам

Жер мен көкті аралап,

Ертегілер еліне,

Бір шегетін сапар

Ардақтаймын өмірді,

Асқар таудай Атамды.

Жүргізуші –

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғанына

Бишілерге қызығып қарасасын. Ортаға Шашу тобын шақырамыз.

«Білімдіге дүние жарық» ата-аналар мен балаларға арналған сұрақтар.


Жүргізуші: 
- Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма? 
- Ия! 
- Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.

Күшік: 
- Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер. 
1-жұмбақ: 
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? 
(АТА) 
2- жұмбақ: 
Айтары мол ғұлама, 
Көп жасаған бұл адам. 
Әкесі ол әкеңнің 
Білер оны сұраған. Ол кім? 
( Атаң) 






Бала, бала, бала деп, 
Түнде шошып оянған; 
Түн ұйқысын төрт бөліп, 
Түнде бесік таянған; 
Аялы қолда талпынтқан; 
Айналасына ас қойып, 
Өзенді көлдей шалқытқан; 
Қолын қатты тигізбей, 
Кірлі көйлек кигізбей, 
Иісін жұпар аңқытқан. 
Қаймақты сүттей қалқытқан; 
Суық болса жөргегін, 
Қорғасындай балқытқан
;  ана

Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!
2-Бала: Анамызға мың алғыс

Аялаған, баптаған,  Назира
Асыраған сақтаған. 
Сақтандырып күнде еппен, 
Айтып бәрін үйреткен 
Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін, 
Еңбек еткен біз үшін, 
Еркелеткен біздерді, 
Еркіндеткен біздерді. 
Анамызға мың алғыс!

«Адал бол, - деп, - балдырған», 
Әділдікке баулыған. 
Жүрегінде – махаббат, 
Тілегінде – марқабат 
Анамызға мың алғыс! 

Ән аке ана орындайтындар Фарида, Дарина


«Алма ағашы» ойыны

1-алма Сабырлы, ізденуден талмайтын еңбекқор. Білімін толықтырудан жалықпайтын ұлттың обалына қалмайды. Ұстамдылық та артық етпейді. Себебі ұстамды жан тереңнен ойлайды. Кез келген істі «жеті рет өлшеп, бір рет кеседі». Бұл кім

2-алма

3-алма Әдепті бала ата-анасын мақтар

4. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді

5.Балаңыздың парталас көршісі кім ?





Ойын

Біз тағы да көрермендермен ойын ойнамақпыз. Бізге ортаға ата-аналар керек жұптарымен. Ойын шарты мынадай: Жұбайының арқасына мақал жапсырып қоямыз. Ал ері сол мақалға бір аяқпен секіріп барып мақалды оқып, жалғасын табуы керек. Бірінші келіп мақалдың жалғасын дұрыс тапқан жұп жеңіске жетеді.






- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, отбасынын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ). 
5 – ші жұмбақ: 
Атаңның баласы 
Кей кезде таласып, 
Қаласың әжеге 
Білгенің асады кәдеге? 
Ол кім? 
(Әкең) 
1-Бала: Әке

Атам айтса «Ұлым» деп,  Дарина
Әжем айтар «Күнім» деп, 
Екеуінен қаймығып, 
Айтады әкем «Інім» деп.

Ықыласы бір менде, 
Бір шытпайды қабағын. 
Үйде, түзде жүргенде, 
Соған ұқсап бағамын.

Мақал мәтелдің жалғасын табу. Ата-аналарға арналған тапсырма.

6 -шы жұмбақ. 
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім?
(ӘЖЕ). 
7 – жұмбақ: 
Аймалайды күнім деп, 
Мейірімді жүзі күлімдеп. 
Тәтті – ақ дейді немере 
Бал шырындай үнің деп. 
Ол кім? 
(Әжең) 
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.







Менің әжем. Әділет

Маған ақыл беретін, 
Әжем менің асыл жан, 
Сипап жақсы көретін, 
«Құлыным» деп басымнан.

Жақсылыққа үйретіп, 
Жамандықтан шектейді, 
Ертегі айтып беретін, 
Әжеге ешкім жетпейді.


Жүргізуші: Ал, Ақкүшік, енді балалардың дайындаған слайдттарын тамашалайық

Ерте кетіп жұмысқа,

Үйге кештеп қайтатын,

Болған күндіз далада

Қызықтарды айтатын Ернар



Жаз келісімен,күн қызып,

Машинасын жүргізіп,

Барлық көрші баланы

Маған қоса мінгізіп,

Аралайтын даланы,

Қыдыртатын қаланы-

Әкем менің қандай-ды! Әділет



Қарағанда басқаға,

Қызықты көп бастайтын.

Күнде ертемен мектепке

Мені апарып тастайтын.

Талай-талай істерде

Үлгі болар біздерге

Ағам менің қандай-ды! дарина







10 жас үлкен өзімнен,

Оқи,жаза білетін.

Мені титтей кезімнен

Ойнатуды сүйетін.

Кітабынан кіл қызық

Әңгіме оқып беретін-

Әпкем менің қандай-ды фарида



Атамнан басталар, Рамазан

Әжемнен қосталар

Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар

- Әкем мен анам бар,

Бір туған апам бар..

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін,еремін!



Титтей бөбек кезімнен

Әлдилеген емізген,

Еркелетіп күлгізген,

Алғаш «апа» дегізген. Салтанат


Ең жақын адамдар –  Гүлназ
Әкем мен анам бар. 
Әкемнің әкесі – 
Ақ басты Атам бар. 
Әкемнің шешесі – 
Ақ шашты Әжем бар.

Ұлдардың үлкені – 
Бір туған ----- бар, 
Қыздардың үлкені – 
Бір туған әпкем бар.

Үлдардың кішісі - 
Бір туған ------ бар, 
Қыздардың кішісі- 
Бір туған қарындас 
Әпкеге – сіңілі бар.

Ақ күшік: 
- Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды.

Жүргізуші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық.

Енді Ақ күшікке рахметімізді айтайық, біздің көңілімізді көтеріп, зор қуанышқа бөледі. 





Рефлексия Ағашқа тілек жазу ортаға оқушылармен бірге ата-аналар шығып тілек жазады.

Сенің- анаң алтын орындайтындар Әділет пен Ернар.

Қорытынды сөз беремін.




























Қарабұтақ орта мектебі









Тақырыбы: «Отбасы - өмір аясы»



Ашық тәрбие сағаты

5а класс













Класс жетекшісі-Туремуратова А







2016 ж наурыз







Қарабұтақ орта мектебі



Тақырыбы: «Отбасы - өмір аясы »

Классы:

Уақыты: Наурыз , 2016 жыл

Мақсаты:«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;



А н ы қ т а м а

5а класта 11оқушы бар, оның ішінде 5 қыз бала, 6 ер бала.

Тәрбие сағаты пікір талас түрінде өткізілді сабаққа 8 оқушы қатысты. Сабаққа пайдаланған көрнекіліктер слайдттар, түрлі түсті қағаздар, тәрбие туралы нақыл сөздер . Класс белсенді қатысты Оқушылар өлең оқыды, Фарида мен Дарина ана туралы әнмен тәрбие сағатын ашты. «Білімдіге дүние жарық» ата-аналар мен балаларға арналған сұрақтар беріліп ауызша жауап берді.

Оқушыларға қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып берді. «Алма ағашы» ойыны ойнатылды, Мақал мәтелдің жалғасын табуда оқушылар өз белсенділіктерін көрсете білді.Ата-аналарға арналған тапсырма беріліп өз ойларын айтып шықты.

Рефлексия Ағашқа тілек жазу ортаға оқушылармен бірге ата-аналар шығып тілек жазды.

Сенің- анаң алтын орындағандар Әділет пен Ернар.

Ата-аналарға қорытынды сөз бердім.





Класс жетекшісі Туремуратова А.


































































Қарға тамырды қазақпыз.

Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

 

 

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.



Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді өлгенше бағасың.



 

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,

Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

 

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

 

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол  

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

 

Ағаның үйі – ақ жайлау.

 

 Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

 

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

 

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.















Текст песни «Алтын


Айналдым ана деген асқақ аттан

Ұлыңмын атқа мініп көкпар шапқан

Бүгінгі бұл мереке сіздердікі

Мейрамың құтты болсын болып жатқан


Қайырмасы: 2 рет

Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын

Құлпыра бер қарындасым аман болып жалпың

Ақ жеңгелер әнін, сұлу қыздар сәнін

Аналарды құттықтап қол соғыңдар бәрің


Біз түгіл, пайғамбар да ұлы анадан

Қыз мүсін, ару ана қынамадан

Сағасы тіршіліктің адам атқа

Жар болған «ана» есімді бір-ақ адам









Ситуациялық сұрақтар.



  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы,бейімділігі ой бөлісініз



  1. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?


  1. Балаңыз сабақтан қашып , мектептен ерте келеді ,не істейсіз?



  1. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?













Отбасы өмір аясы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!