Ата -аналар
жиналысы
Отбасы
-тәрбиенің бастауы
Ата- аналар
жиналысы:
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының
ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық,
қайырымдылық,достық қарым- қатынасты
қалыптастыру;
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш
тапсырмасы бар; қағаз қалам.
Жоспар
1. Тренинг: шаттық
шеңбері
2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы
бала
3. Ата -аналармен ойын
өткізіледі.
4.
Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар,
қонақтар!
Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп
тұр.
1.Тренинг: Ата аналар
ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні
айтады.Содан кейін ата аналар топқа
бөлінеді.
Ата- ананың басты қуанышы-
бала.
Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі-
бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы
мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани
жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан
-жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым
қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық,
әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін
сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Сондықтан
ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау
тиіс.
2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген»
ойыны өткізіледі.
Баланың
жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай
болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз
өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың
қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды
жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған
сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың
махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы
баланың өз орнын таба білуге
үйретесіздер.
3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат
үйі»
Ал енді қазір сіздермен
«отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген
махаббатты анықтай
аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ
ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және
күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана
армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға
бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше
материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның
негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі,
түсінушілік,
шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр.
Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар,
артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй
құрамыз.Ойлануға бір екі минут
беріледі.
Ойын
тапсырмалары;
1. «Парасатты»
кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата
аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу,
айту.
2. «Достық»
кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай
түсінесіз?
Мысалы: менің
қорғанысым,күтетін жер, отбасылық
ұйытқысы
3. «Махаббат»
кірпіші
Мимика жест арқылы
өзіңіздің бала деген махаббатыңызды
жеткізесіз
4. «Тапқырлық»
кірпіші
Балабақша сөзінің әрбір
әрпінен балаңыздың мінезін
сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін
анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір
минут үйдің ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және
жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл
махаббат үйі, ал бала
–бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты
балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын
ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны
ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті,
сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі
санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі
көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында
туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі
есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін
рахмет!