400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

«Отбасы – өмір мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



Тақырыбы: «Отбасы – өмір мәні»

«Т о л а ғ а й» спорттық сайыс


Мақсаты:Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану–адамжанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетінорны: Спорт зал

Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, скакалка, қапшық, арқан

Өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңайма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

II. Негізгібөлім

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар және ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 5 сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Жылдам да шапшаң,

Қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

(әр топ орындарына келіп тұрады)


1. …….....................тобы,

2. ............................ тобы,

3. ............................ тобы,

4. ............................ тобы,


Жүргізуші:

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

«ТОЛАҒАЙ» спорттық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. ............................................................

2. ...............................................................

3. ...............................................................

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.


Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады:

1. Эстафета

2. Скакалка

3. Кенгуру

4.Қаппен жүгіру

5. Допты теуіп жүгіру

6. Допты қолына ұстап жүгіру

7. Арқан тартыс


Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Жеребе суыру арқылы отбасылар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.

Жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

1-тур: Эстафета

Шарты: Бірінші ойыншы кедергілер арқылы жүгіре отырып орнына келіп, келесі ойыншы жүгіреді

2-тур :Скакалка

Шарты: Бірінші ойыншы скакалка арқылы кедергілерден жүгіре отырып орнына келіп, скакалканы келесі ойыншығатапсырады

3-тур: «Кенгуру»

Ойынның шарты: Топ мүшелері доптыаяғының арасына қысып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, белгіленген жердегі қайтып келеді.

4-тур: Қаппен жүгіру

Шарты : Бірінші ойыншы қаппен кедергілер арқылы жүгіре отырып орнына келіп, келесі ойыншыға тапсырады

5-тур: Допты теуіп жүгіру

Ойынның шарты: Топ мүшесінен әкесі мен баласы кедергі арасымен допты теуіп алып жүріп, белгіленген жердегі шеңбер ішінде тұрған анасына допты беру, кейін қайтара алу арқылы кері айнала өтіп шығу.

6-тур: «Тасымал»

Ойынның шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын баланы отыратындай ыңғайлы етіп, баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру. Нәтижесі мәреге бірінші жету.


7-тур: Допты қолына ұстап жүгіру

Ойынның шарты: Әр команда мүшесі допты кедергілерден алып жүру.

8-тур: Арқан тартыс

Ойынның шарты: әр топ өзара арқан тартысады.

III. Қорытынды бөлім

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын –

ІІ орын –

ІІІ орын –

ІІІ орын –

Жүргізуші:

Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген.

Бой тұмарғып ар-ожданқазынасын,

Отбасылар ел қамынсақтап жүрген, -

демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.

Құрметті қонақтар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Сау болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі