"Отбасы – тәрбиенің басты ұясы" ата - аналармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отбасы – тәрбиенің басты ұясы" ата - аналармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәлім – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата – аналар ынтымақтастығын күшейту. Мектеп пен ата – ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға .йрету, жауап беру қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Минск орта мектебі







Shape1



Өткізген: педагог – психолог Сағит Оразкүл

















2017 – 2018 оқу жылы

Отбасы – тәрбиенің басты ұясы

(Тренинг)

Мақсаты: Отбасы тәлім – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата – аналар ынтымақтастығын күшейту. Мектеп пен ата – ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға .йрету, жауап беру қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: бейнематериал, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, маркер, стикерлер

Кіріспе:

Сәлеметсіздер ме?!

Бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата – аналар сіздерді көргеніме қуаныштымын! Бүгінгі «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты тренингті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Алдарыңызға ұсынылып отырған алма ағашына назар аударайық.


Ия, осы алма ағашымыз мектеп болса, ондағы жас жеткіншек жемісі деп қарап, жемісі шырынды болу үшін білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол азамат қалыптасуы керек. «Ырыс алды ынтымақ демекші», ынтымақ – істі бітірер, ата – ана мен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр. Сондықтан, бүгінгі тренингіміздің тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» деп аталады.

Қандай азамат қоғам мүшесі? Сол болашақ қоғамның қандай болуы, бүгінгі мектептегі тәрбиеден басталады. Осы бағытта мектебімізде жүйелі жүргізіліп келе жатқан өзін – өзі, бірін – бірі бағалау диагностикасы әр жыл аяғында жүргізіліп, сол бойынша жаңа оқу жылына жоспар құрамыз. Ол – әртүрлі критерийлерден тұрады. Ол үшін сіздердің арнайы келісім – рұқсаттарыңыз керек.


Рұқсат қағазы

Мен _____________________________________________________

балам (ларым) ____________________________________________

психологиялық диагностика жасауға және эксперимент жүргізуге,

бақылау, сауалнама әдістерін жүргізіп, педагог – психологтың

талдау жасауына ата – ана ретінде өз келісімімді беремін.


Күні: ________ Қолы:__________


Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане,осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан,баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар?

Ендеше, мына тренингті орындап көрейік. «100 сөзбен айтылған өмірбаян».

Мақсаты: ата – аналарды өз ойларын ашық айтуға және тығыз қарым – қатынас жасау.

Тренинг барысы: Сіздер осы кезге дейінгі өмір жолдарыңызды бір сәт көз алдарыңыздан өткізіп көріңіздерші. Қызығы мен шыжығы араласқан өмірде сан алуан қызықтар мен қуанышты сәттер ақ пен қара түстер секілді қатар алмасып жатты. Олай болса сол өмір жолымызды 100 сөзбен, сонымен қатар тек атаулы сөйлеммен жазып шығыңыздар. (ата – аналарға парақ пен қалам таратылып беріледі).

Мысалы: Бесік. Жөргек. Жылау. Сөз. Қадам. Дәрігер. Жүгіру. Ойыншық. Іні. Есік алды. Әткеншек. Балабақша. Мектеп. Екі. Үш. Төрт. Бес. Доп. Аяқтан шалу. Гипс. Керует. Төбелес. Бұзылған тұмсық. Есік алды. Достар. Алаяқтық. Сәнқойлық. Институт. Көктем. Қыдыру.

Жаз. Сессия. Қарыздар. Сыра. Арақ. Мұз салынған джин. Кафе. Сессия. Диплом. Арман. Махаббат. Жұлдыз. Қол. Ерін. Ұйқысыз түн. Той. Ене. Қайын аға. Қақпан. Жанжал. Клуб. Достар. Стакан. Үй. Жұмыс. Үй. Отбасы. Күн. Жаз. Қар. Қыс. т.б.

Талдау.

  1. Сіздерге тренинг қиын болды ма?

  2. Қызық жағы мен қиын тұсын сипаттап беріңіз.


« 7 құндылық» тренингі

Мақсаты: Адам бойындағы адамгершілік құндылық негіздерін қалыптастыру.

Тренинг барысы: Әр қатысушы өзіне қымбат 7 құндылық атауларын жазып шығады. Одан кейін әр кездескен қиындық сайын бір – бір құндылықтан беріп отырады. Ал ең соңғы қалған құндылық ол адам үшін ең маңызды құндылық болып саналады.

(қарт адам, ауру бала, суыққа тонған жануар, көзі ашылмаған бұлақ, аяғы ауыр келіншек, мұқабасы жыртылған кітап)

Талдау.

  1. Өзіңізде қалған құндылық шынымен сіз үшін маңызды бола ма?

Қорытынды.

Әрине, өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ. Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге, әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі