Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы- тәрбиенің ұясы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Бітік мектеп-бөбекжай» кешені» КММ

















Өткізген: Л.Т.Кенжегалиева


























2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: «Отбасы-тәрбиенің ұясы»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырақ», карточкалар.

Түрі: танымдық сайыс, пікірталас

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім «Таныстыру». «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы.

Топтың атын таныстырып мағлұмат береді.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаға берілетін зат ( мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

7. Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)

8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

(14 жас)

ІІ топ

  1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

  2. Абайдың туған жылы? (1845ж)

  3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

  4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

  5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, әнұран)

  8. Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.

  9. Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

ІІІ бөлім. «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.Екі топ суретін салғанша шағын көріністі тамашалық.

Ситуациялық көрініс.

Көріністен соң екі топ суреттерін қорғайды.

ІV бөлім. «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

V бөлім. «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

Ананың көңілі балада, ..........................

Ата-ананың қадірін - ................................

Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( атыңа ауыр жүк артпа)

............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты » дегендей,

VІ бөлім. Пікірталас

Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?

І топ: дұрыс емес

ІІ топ: дұрыс

VІІ бөлім. «Сөз тапқанға .....» деп аталады.

Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.

І топ

1.Тілді қадірлейсің бе?

2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?

3. Мерекеге қандай киім киесің?

4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

5. Лотореядан акша ұтсаң, не істейсің?

6 Достарың кімдер, коп пе?

7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8 Түнде аспанда не болады?

9 Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?

10 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

ІІ топ

1. Тіл сүйектен өте ме?

2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?

3. Мектепке немен келесің?

4. Көршіңмен татусың ба?

5. Ауа райы салқын ба?

6. Дүниедегі қымбат жан

7. Түлкі неге қу аң

8. Су тіршілік көзі ме?

9. Бақыт дегеніміз не?

10. Ит жеті қазынаның бірі ме?


Қорытындылау: А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Баланың айтайын деген өтінішін , ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.05.2019
2437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12