Материалдар / Отбасы алтын-діңгек тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы алтын-діңгек тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тәрбие сағаты отбасы тәрбиесіне байланысты өтіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
3170
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Отбасы – алтын діңгек
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Отбасы-алтын діңгек». Осы ашық сабағымыз барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?

1. Қызығушылықты ояту.А) Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

Отбасы

қоғамның

ұясы

Отбасы

тәрбие

бақыты

Отбасы

махаббат

іргетасы

Отбасы

бала

көзі

«Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

2. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
1.Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұртың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
2.
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
3.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
4.
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)
3. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...
4. «Менің отбасым» суретке қарап өз ойларын айту.
5. Жаңа білімді бекіту(топпен жұмыс).

Жағдаяттар талдау.

1.Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы  тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?

2.“Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3.Жадыра есімді ана соғыстан кейін жолдасынан айырылып, Айгүл есімді қызымен жалғыз қалды. Анасы  қызына мейірімділік танытпай, қатал ұстады. Тіпті кей жағдайларда дауыс көтеріп, қол жұмсауға дейін барды. Бір күндері  анасы өмірден озды. Айгүл өзіне “менің қызым болғанда, алақаныма ұстап, аялап өсіремін деп  өзіне уәде берді”. Сол күндерге де келіп жетті. Айгүл уәдесінде тұрып, қызын еркелетіп, өсіріп, оқытып, алақанында ұстады. Бірақ қызы мейірімділігіне мән бермей, кей кезде анасына дауыс көтеретін болды. Қалай түсінуге болады,  себебі неде деп ойлайсыңдар?

ІҮ. Қорытынды.

«Жүрекке жылу силайық» жүректеріңнен шыққан жылы сөздеріңді жазып ілулі тұрған жүрекке жапсырыңдар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!