Отбасы: дәстүр мен заманауилық тоғысқан тәрбие мектебі
Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Ол — адам баласының өсіп-өніп, қанат жайып, өмірге бейімделетін қасиетті ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттер ең алдымен отбасыда қалыптасады. Бұл қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіретін — ардақты әкелер мен аяулы аналар.
Ананың ақ сүтін, әкенің адал еңбегін ақтау — өз болашағыңа деген жауапкершілік. Отбасы шаттығын сақтаудың, оның берекесін арттырудың түп-төркіні де осында жатыр. Отбасы — тек бірге өмір сүру емес, ортақ құндылықтар мен мақсаттардың бірлігі.
Отбасылық құндылықтар — бір-бірін сүйіп қосылған жандардың шаңырағын сақтап қалу үшін ұстанатын өмірлік қағидалары мен салт-дәстүрлері. Әрбір отбасының өзіне тән құндылықтары бар. Олар ата-бабадан мирас болып қалған немесе заман талабына сай қалыптасқан жаңа құндылықтар болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылық құндылықтар дәстүрлі және заманауи деп бөлінеді.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар — ата-бабамыздан жеткен асыл мұра. Атасының батасын алып, әжесінің «айналайынын» естіп, әке-шешесінің мейіріміне бөленіп өскен баланың иманды, көреген, көпшіл болып қалыптасары анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы осыны меңзейді. Ана сүтімен, әке қаны арқылы бойға сіңген тәрбие баланың бүкіл ғұмырына бағдаршам іспетті.
Күнделікті өмірде отбасы мүшелерінің бірге дастархан басына жиналуы, үлкендердің бата беруі, жеті атаны білу, жеті шелпек пісіру сынды қарапайым салт-дәстүрлердің өзі — ұрпаққа үлгі-өнеге. Әр отбасында бұл құндылықтар әртүрлі көрініс табады: бірі үшін ортақ ас ішу маңызды болса, бірі үшін бүкіл әулеттің бас қосуы — басты құндылық.
Заманауи отбасылық құндылықтар дәстүрдің жалғасы ретінде қалыптасып келеді. Қазіргі отбасылар байырғы салт-дәстүрлерді сақтай отырып, оларды өмір салтына сай бейімдеуде. Отбасы мүшелерімен серуенге шығу, бірге тамақтану, ашық әңгіме құру, бір-біріне уақыт бөлу — қазіргі отбасының маңызды құндылықтарына айналды. Сондай-ақ әр отбасы мүшесінің туған күнін атап өту, жылы лебіз білдіру, бірін-бірі қолдау — отбасындағы ауызбірлікті нығайта түседі. Қазіргі отбасы байырғы мен жаңаны ұштастырып, жаңа өмірлік ұстанымдар қалыптастыруда.
Заман өзгерсе де, отбасыда өзгермейтін құндылықтар бар. Олар — ананың қыздарына айтқан ақылы, әке мен баланың сырласуы, қыздың әкесіне еркелеп, пана тұтуы. Әке — әр баланың сүйенер тірегі, өмір жолында бағыт-бағдар берер қорғаны. Ал ана — отбасының жүрегі. Ана мен қыздың құрбыдай сырласуы — өзара сенім мен махаббаттың айғағы. Бірге ас әзірлеу, шаш өріп отырып ақыл айту — болашаққа жасалған үлкен рухани дайындық.
Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ешбір құндылықпен салыстыру мүмкін емес. Жастарды ұлттық құндылықтарды бағалауға, салт-дәстүрді сақтай отырып, оны келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Отбасы — тәрбиенің бастауы, рухани құндылықтардың қайнар көзі. Сондықтан отбасынан бастау алатын асыл мұраларды ұмытпай, оларды жаңғыртып, рухани болмысымызды сақтай білейік.
Талдықорған қаласы. 28 IT мектеп-лицейінің оқушысы Ғалия Елубай
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы: дәстүр мен заманауилық тоғысқан тәрбие мектебі
Отбасы: дәстүр мен заманауилық тоғысқан тәрбие мектебі
Отбасы: дәстүр мен заманауилық тоғысқан тәрбие мектебі
Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Ол — адам баласының өсіп-өніп, қанат жайып, өмірге бейімделетін қасиетті ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттер ең алдымен отбасыда қалыптасады. Бұл қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіретін — ардақты әкелер мен аяулы аналар.
Ананың ақ сүтін, әкенің адал еңбегін ақтау — өз болашағыңа деген жауапкершілік. Отбасы шаттығын сақтаудың, оның берекесін арттырудың түп-төркіні де осында жатыр. Отбасы — тек бірге өмір сүру емес, ортақ құндылықтар мен мақсаттардың бірлігі.
Отбасылық құндылықтар — бір-бірін сүйіп қосылған жандардың шаңырағын сақтап қалу үшін ұстанатын өмірлік қағидалары мен салт-дәстүрлері. Әрбір отбасының өзіне тән құндылықтары бар. Олар ата-бабадан мирас болып қалған немесе заман талабына сай қалыптасқан жаңа құндылықтар болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылық құндылықтар дәстүрлі және заманауи деп бөлінеді.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар — ата-бабамыздан жеткен асыл мұра. Атасының батасын алып, әжесінің «айналайынын» естіп, әке-шешесінің мейіріміне бөленіп өскен баланың иманды, көреген, көпшіл болып қалыптасары анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы осыны меңзейді. Ана сүтімен, әке қаны арқылы бойға сіңген тәрбие баланың бүкіл ғұмырына бағдаршам іспетті.
Күнделікті өмірде отбасы мүшелерінің бірге дастархан басына жиналуы, үлкендердің бата беруі, жеті атаны білу, жеті шелпек пісіру сынды қарапайым салт-дәстүрлердің өзі — ұрпаққа үлгі-өнеге. Әр отбасында бұл құндылықтар әртүрлі көрініс табады: бірі үшін ортақ ас ішу маңызды болса, бірі үшін бүкіл әулеттің бас қосуы — басты құндылық.
Заманауи отбасылық құндылықтар дәстүрдің жалғасы ретінде қалыптасып келеді. Қазіргі отбасылар байырғы салт-дәстүрлерді сақтай отырып, оларды өмір салтына сай бейімдеуде. Отбасы мүшелерімен серуенге шығу, бірге тамақтану, ашық әңгіме құру, бір-біріне уақыт бөлу — қазіргі отбасының маңызды құндылықтарына айналды. Сондай-ақ әр отбасы мүшесінің туған күнін атап өту, жылы лебіз білдіру, бірін-бірі қолдау — отбасындағы ауызбірлікті нығайта түседі. Қазіргі отбасы байырғы мен жаңаны ұштастырып, жаңа өмірлік ұстанымдар қалыптастыруда.
Заман өзгерсе де, отбасыда өзгермейтін құндылықтар бар. Олар — ананың қыздарына айтқан ақылы, әке мен баланың сырласуы, қыздың әкесіне еркелеп, пана тұтуы. Әке — әр баланың сүйенер тірегі, өмір жолында бағыт-бағдар берер қорғаны. Ал ана — отбасының жүрегі. Ана мен қыздың құрбыдай сырласуы — өзара сенім мен махаббаттың айғағы. Бірге ас әзірлеу, шаш өріп отырып ақыл айту — болашаққа жасалған үлкен рухани дайындық.
Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ешбір құндылықпен салыстыру мүмкін емес. Жастарды ұлттық құндылықтарды бағалауға, салт-дәстүрді сақтай отырып, оны келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Отбасы — тәрбиенің бастауы, рухани құндылықтардың қайнар көзі. Сондықтан отбасынан бастау алатын асыл мұраларды ұмытпай, оларды жаңғыртып, рухани болмысымызды сақтай білейік.
Талдықорған қаласы. 28 IT мектеп-лицейінің оқушысы Ғалия Елубай
шағым қалдыра аласыз













