Материалдар / Отбасы және қоғам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы және қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары, аналардың жауапкершілігі туралы ұғымдардың мәнін ашып көрсету Отбасы және қоғам, жастар туралы, отбасын құру, ұстанымдарын, атқаратын функциясын, тұрпаттарын, отбасындағы қатынастар туралы түсінік беру. Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар мен зандылықтарды игерудегі танымдылық белсенділігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
965
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ №

Күні: 09.10.2017

Қатысқаны:

Сілтеме Сабақтың тақырыбы:

9 «Ә» сынып. Адам Қоғам Құқық. Ашық сабақ

Отбасы және қоғам

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары, аналардың жауапкершілігі туралы ұғымдардың мәнін ашып көрсету

 Отбасы және қоғам, жастар туралы, отбасын құру, ұстанымдарын, атқаратын функциясын, тұрпаттарын, отбасындағы қатынастар туралы түсінік беру.

 Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар  мен зандылықтарды игерудегі танымдылық  белсенділігін арттыру.



Көрнекіліктер

ҚР Конституциясы, «Неке және отбасы» туралы заңы, Бала кұкықтары туралы Конвенция, карточкалар, кестелер, SWOT әдісі

Әдіс - тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, СТО – стратегиясы, ақпараттық, оқытудың құрылымдық логикалық технологиясы АКТ .SWOT әдісі

Оқыту нәтижелері

Өткенге шолу жасап ,мағұлмат беру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

2. Өз беттерінше жұмыс жасай алады және материалды меңгереді.

3. Мәлімет беретін тарихи дерек көздерімен танысады, сол туралы өз ойларын ашық айта алады.

4. Мәтінді пайдалана отырып, қажетті ақпаратты іздеп , жұмыс жасай алады.

Түйінді идея Негізгі түсініктер

Әлеуметтік қатнас

Дерек көздер

Оқулық материалы, интернет көздері

Сабақтың барысы

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың кезеңдері:

1-кезең.

Қызығушылықты

ояту:

-ұйымдастыру;

3мин.

Тренинг «Көңіл күйлеріңіз қалай?...»


Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

Отбасы

қоғамның

ұясы

Отбасы

тәрбие

бақыты

Отбасы

махаббат

іргетасы

Отбасы

бала

көзі


Б) Мақалдың мән – мағынасына көңіл бөлу

В) Мағынаны ажырату.


Оқушылар шеңбер болып тұрып, өз көңіл күйлерін айтып шығады.


Үй тапсырмасын тексеру;

қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

-белсенді әрекетке жұмылдыру ынталанырылады

15мин

Адам құқығының жалпы Декларациясының баптары?

Бала құқығы туралы не айта аласын?



Оқушылар тыңдайды, «түртіп алу» әдісін орындайды.


2-кезең.Мағынаны ажырату:

-оқушылар өз тәжірибелері арқылы білгендерін туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

ойларын қорытындылауға өзіндік түсінік қалыптастырады.


Отбасы туралы түсінік.

Неке. Неке шарты.

Баланың құқықтары.

«Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

1а.  Отбасын құру.

–        еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

–        отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;

–        бөгде адамның отбасы ісіне араласуын болдырмау;

–        балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;

–        отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;

–        отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;

–        отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.

Отбасының атқаратын функциялары:

–        бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

–        баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау;

–        отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

2а. «Неке»

Отбасын құру негізі – махаббат.

3а. Балалар мен ата-ана құқықтары мен міндеті.

  • Ата – ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп – жетілуіне жауапты.

  • Ата – аналары балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуіне міндетті. Ата – аналары, әдетте баласы оқитын мекемені баласымен келісе отырып таңдайды. Ата – аналары баласының сабақтан қалуын, мектепте нашар қылық көрсетуін қолпаштамауы тиіс.

  • Ата – аналардың балаларды өз бетінше жеке тәрбиелеуге құқығы бар.

  • Ата – аналары әр түрлі теріс қылықтардың алдын алу үшін балаларын қадағалап отыруға міндетті

  • Баласына патриоттық, имандылық, ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті.

  • Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т. б улы затарды қолданбауға, балаға зиян екенін түсіндіруге міндетті.

Отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

ž   Отбасындағы баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту,  бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

ž   Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.

ž   Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

ž   Оқудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру.

ž   Отбасыдағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

ž   Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануға ұйымдастыру.

ž   Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.

ž   Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естелікке баулу.

ž   Өзін – өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.


Оқушылар өз түсініктерімен жауап береді.

Кітаптан ізденеді., қажет деп тапса, дәптерге жазып алады

Сәйкестікке келтіру

Топпен жұмыс

Жағдаяттар талдау.

1. Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы  тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?

  1. Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

  2. Жадыра есімді ана соғыстан кейін жолдасынан айырылып, Айгүл есімді қызымен жалғыз қалды. Анасы  қызына мейірімділік танытпай, қатал ұстады. Тіпті кей жағдайларда дауыс көтеріп, қол жұмсауға дейін барды. Бір күндері  анасы өмірден озды. Айгүл өзіне “менің қызым болғанда, алақаныма ұстап, аялап өсіремін деп  өзіне уәде берді”. Сол күндерге де келіп жетті. Айгүл уәдесінде тұрып, қызын еркелетіп, өсіріп, оқытып, алақанында ұстады. Бірақ қызы мейірімділігіне мән бермей, кей кезде анасына дауыс көтеретін болды. Қалай түсінуге болады,  себебі неде деп ойлайсыңдар?




3-кезең. Ой- толғаныс:

- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

синтез, бір-бірімен ой бөліседі;

- сабақ қорытындысы


Отбасы дегеніміз не?

Неке жайлы не айта аласын?

Неке шарты жайлы не айта аласын?




«Отбасы»сөзіне сөзжұмбақ құр

Бағалау

3 мн.




Келесі оқу

1мин



Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады

Рефлексия

1мин

Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.


Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын,ұсыныстарын жазады



































Семей қаласы «№4 жалпы орта блім беретін мектеп» КММ













Тақырыбы:

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Пән мұғалімі: Жакупова Н.К.





2017-2018 оқу жылы



1-топ

Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы  тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?





2-топ

Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?





3-топ

Жадыра есімді ана соғыстан кейін жолдасынан айырылып, Айгүл есімді қызымен жалғыз қалды. Анасы  қызына мейірімділік танытпай, қатал ұстады. Тіпті кей жағдайларда дауыс көтеріп, қол жұмсауға дейін барды. Бір күндері  анасы өмірден озды. Айгүл өзіне “менің қызым болғанда, алақаныма ұстап, аялап өсіремін деп  өзіне уәде берді”. Сол күндерге де келіп жетті. Айгүл уәдесінде тұрып, қызын еркелетіп, өсіріп, оқытып, алақанында ұстады. Бірақ қызы мейірімділігіне мән бермей, кей кезде анасына дауыс көтеретін болды. Қалай түсінуге болады,  себебі неде деп ойлайсыңдар?





Picture 2








9 «Ә»-сынып. Адам Қоғам Құқық.

Отбасы және қоғам

Оқып үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары, аналардың жауапкершілігі туралы ұғымдардың мәнін ашып көрсету. Отбасы және қоғам, жастар туралы, отбасын құру, ұстанымдарын, атқаратын функциясын, тұрпаттарын, отбасындағы қатынастар туралы түсінік беру. Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға,түйген ойларын, ұжымдар  мен зандылықтарды игерудегі танымдылық белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Өткенге шолу жасап ,мағұлмат беру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады. Өз беттерінше жұмыс жасай алады және материалды меңгереді. Мәлімет беретін тарихи дерек көздерімен танысады, сол туралы өз ойларын ашық айта алады. Мәтінді пайдалана отырып, қажетті ақпаратты іздеп , жұмыс жасай алады.

Сыныпта 18 оқушы бар, олардың бәрі белсене қатысып отырады. Топтық жұмыста үлегрімі төмен оқушыларды, үлгерімі жоғары оқушылар сабаққа тарту арқылы олар да өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың барысы:

Тренинг «Көңіл күйлеріңіз қалай?...» Кестедегі сөздерден мақал – мәтелдерді дұрыс табу

Отбасы

қоғамның

ұясы

Отбасы

тәрбие

бақыты

Отбасы

махаббат

іргетасы

Отбасы

бала

көзі

Б) Мақалдың мән – мағынасына көңіл бөлу В) Мағынаны ажырату.

Оқушылар шеңбер болып тұрып, өз көңіл күйлерін айтып шығады.

Үй тапсырмасын тексеру; қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; белсенді әрекетке жұмылдыру ынталанырылады

Адам құқығының жалпы Декларациясының баптары? Бала құқығы туралы не айта аласын? Деген сияқты тағы басқа сұрақтар қою арқылы өткен материалдарға шолу жасадым.

Оқушылар тыңдайды, «түртіп алу» әдісін орындайды.

-оқушылар өз тәжірибелері арқылы білгендерін туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; ойларын қорытындылауға өзіндік түсінік қалыптастырады.

Отбасы туралы түсінік. Неке. Неке шарты. Баланың құқықтары. «Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

Мысалы:

Рисунок 1

ž  Мұндай ассоциация жасатуымның мақсаты: баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету; бБақылау, тексеру, бағалау; тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке баулу; өзін – өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

Сабағымның тағы бір маңызды бөлімі анализ жсау, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтерімен бөлісе алу, өзгеге жеткізе білу; синтез жасау, ол арқылы бір-бірімен ой бөлісу;

Осы әдістер көмегімен сабағымның қорытындысын жасадым.

«Отбасы дегеніміз не?, Неке жайлы не айта аласын?, Неке шарты жайлы не айта аласын?» - деген сияқты сұрақтар қойдым, және тиянақты, жүйелі жауап берулерін талап еттім.

Үйге тапсырма: «Отбасы» сөзіне сөзжұмбақ құрып әкелу. Бұл келесі жаңа сабағымызда өткен материалды қайталауға тиімді әдіс деп санайын.

Рефлексияға оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер тараттым.Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын,ұсыныстарын жазып тақтаға жабыстырады.

Қорыта келе «Отбасы және қоғам» тақырыбында өткізілген сабағымда оқушылар өздерін еркін сезініп, пікір алмасып, білімдерін толықтырып, дарынды оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмектерін ұсынды. Өздерінің отбасына деген құрметі мен махаббаты артты деп ойлаймын. Тақырыбым отбасы жайында болғандықтан оқушылар сабаққа ерекше ынтамен, қызығушылықпен қатысып отырды.

Кемшіліктер: оқушылар бағалау кезеңінде артығырақ бағалаулары байқалды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!