Материалдар / Отбасы жарастығы 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы жарастығы 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Госплемстанция ЖОББМ

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, жағымды қарым-қатынас, сыйластық

Мұғалiм: Альмуханбетова Гульжамал Жардемхановна

Класс: 5

Сабақ мақсаты: оқушыларға сыйластық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Тыныштық сәтi. (баяу әуенмен) «Нұрға бөлену»


Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау


Сабақ барысын талқылау:







Хрустальная грусть


Ой қозғау.

- Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Дәйексөз.

«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы»

В.А.Сухомлинский

Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу

- Отбасы қандай орта?

- Жақсылық жасауды адам қайдан үйренеді?


Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз әңгіме


«Ана махаббаты»

аңыз әңгіме


Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол - мен!

Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

-Жоқ!

- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендер де аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!


- Балалар не себепті келісімге келе алмады?

- Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

- Жақсы ой, сөз, іс - әрекеті үйлескен адам қандай адам?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І-топ: «Отбасы жарастығы» постер қорғау.

ІІ-топ: «Отбасындағы бақытты өмірге мен де жауаптымын» міндеттерін жазу.

ІІІ-топ: «Отбасы жарастығы өзара сыйластық пен құрмет болған жағдайда туындайды» эссе жазу


Тренинг: “Отбасы мүшелерінің орны”

Жаңа сабақты бекіту мақсатында тренинг өткізу. Оқушылар алдарына ақ бет алып, сол бетке өз үйлерінің суретін салып, сол үйдің іргетасын, шаңырағын, қабырғасын, терезесін, есігін кім деп бағалайтынын айтады

Енді сабақты қорытындылай келе адамға өмірде ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.


Отбасындағы әкенің рөлі

Отбасындағы ананың рөлі



Топпен ән айту.

«Жан әкешім- жан анашым»


Үй тапсырмасы.


«Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқу


Соңғы тыныштық сәтi. (баяу әуенмен)

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!

Формативті бағалау

Алған әсерлерін «Үлкен жүрекке» жазып жапсыру.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!