психологиялық
семинар-практикум:
«ОТБАСЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ЖҰПТЫҚ ЖАРАСЫМ
БҰЛАР –
ШАҢЫРАҚТЫҢ АЛТЫН
ДІҢГЕКТЕРІ»
Мақсаты: отбасындағы ерлі-зайыптылардың
өзара міндеттерін сезіне отырып, жағымды қарым-қатынас орнатуына
ықпал ету. Жанұя жылуын арттыру.
Міндеттері:
-
Ер-әйел адамның бір-біріне
қатысты міндеттерін ұғындыру;
-
Жанұядағы психологиялық
ахуалды жақсартуға бағыттау;
-
Жұптық жарасым құпияларымен
бөлісу.
-
Кіріспе
Ер мен әйел бас қосып, шаңырақ
құрып – отбасының салт-дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп,
ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп қалдырған.
Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орыны мен атқаратын қызметі,
отбасы үшін жауапкершілігі бар. Отбасы жауапкершілігі үйленген ер
мен әйелдің бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай
орындаудан басталады. Отбасы жауапкершілігі үйленген ер мен әйелдің
бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай орындаудан
басталады.
- Халқымызда: «Екі жақсы
қосылса, ай мен күндей жарасар, екі жаман қосылса, ырылдасып
айрылысар», - деген дана сөз бар.
- Отбасы беріктігі ерлі-зайыптылар-дың бір-біріне керектігін
жан-дүниесімен сезініп, қашанда бір-біріне мейіріммен қарауы арқылы
нығаяды.
- Күнделікті қарапайым тіршілікте әйелі дайындаған тамағының дәмді
екендігін күйеуінің аузынан естіп, риза болғысы келсе, күйеуі
отбасына қажетті бір шаруаны тындырып қайт-қаны үшін жұбайының жылы
лебізін тыңдағысы келеді. Немесе, жұмыстан шаршап үйге қайтқанында
әйелінің балаларына: «Әкеңе көрпе сал, жастық әкеліп бер, дем
алсын, мазасын алмаңдар», - деген тәрізді ыстық ықыласын
күтеді.
- Мұның бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, жұп- тық жарасымды
гүлдендіретін мінез-құлық, жауапкершілік,
сыйластық.
2.
Отбасы
жауапкершілігі
Отбасы жауапкершілігінде бала
тәрбиесі басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ
жонады, қыз бала шешеге тартып тон пішеді. Бұл орайда отбасы және
туыстық дәстүрді зерттеушілердің бірі Ардақ Нұрғали былай дейді:
«... үй ішіндегілердің өз міндеттеріне жататын аса қырағылықпен әрі
байсалды түрде орындайтын ісі – тәрбие.
Осынау отбасылық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің жемісті жүзеге асырылуы
ата- аналардың, яғни ерлі-зайыптылардың отбасылық жауапкершілікті
қалай сезініп, қалай атқаратынына тығыз байланысты. Жұптық
жарасымға жету жолдары Отбасындағы жұптық жарасым – бақытты болудың
басты тірегі. Ол үшін ерлі-зайыптылардың үнемі есте сақтайтын
қаЖұптық жарасымға жету жолдары Отбасындағы жұптық жарасым –
бақытты болудың басты тірегі. Ол үшін ерлі-зайыптылардың үнемі есте
сақтайтын қағидалары, бұл-жытпай орындайтын міндеттері, басшылыққа
алатын ақыл-кеңестері бар.
-
Кімде қандай жауапкершілік
бар
Өмірде көріп жүрген бір
жағдай, көптеген әйелдер күйеулерін «Отбасы өміріне жауапсыз
қарайды. Бала-шағасын бағуды ойламайды. Жұрттың еркегі болса үйді
де алып, автокөлікті де мініп, ата-анасына сыйлық та жасап, қолынан
келген бар тірлігін жасап жатыр. Біздің күйеуіміз ұйқыдан бас
көтер-мейді, ішетіні арақ, сыра», - деп зар
жылайды.
Кейде еркектің отбасы үшін
жауапкершілік танытпауы, яғни, жауапсыздығы әйелінің отбасы үшін
жауапкершілікті өз мойнына алып, бәрін де өзі билеп-төстеуінен де
болады. Иә, отбасындағы кез-келген мәселені шешуге әйелінің
белсенді түрде араласып, үстемдікті өз қолына алуы күйеуін отбасы
жау- апкершілігінде енжарлыққа, бейтараптылыққа әкеліп соқ-тырады.
Еркек отбасы үшін ең басты жауапты жан екенін
ұмытады.
-
Әйелдер есіне сақтайтын 13
қағида
1. Өзіңізге киім
таңдағаныңызда күйеуіңіздің де талғамымен, ақыл-кеңесімен
санасыңыз.
2. Күйеуіңіздің қатты
қастерлейтін заттарына тиіспеңіз, пайдаланбаңыз, басқаларға ұстап
көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшігін, үстелінің
тартпасын, портфелін ақтармаңыз, ішін тәртіпке келтіремін деп әуре
болмаңыз, киімінің қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуіңіз ұнататын тағамды
қай кезде дайындау қажетін сұратпай-ақ білуге, дастарханға қоюға
үйрені-ңіз.
4. Көпшілік ортасында
күйеуіңіз өзіңе таныс бір әңгімені айтып отырса да, оны ықыласпен
тыңдап отырған қалып танытып, сөзін бөлмеңіз, күмән келтірмеңіз,
қарсы дау шығармаңыз.
5. Отбасы мүшелерінің алдында
күйеуіңізді сынап, мінемеңіз.
6. Жүріс-тұрысын аңдып,
телефон арқылы біреумен сөйлескен әңгімесін тыңдап, өзгелердің
айтқан өсегіне мән беріп сенімсіздік танытпаңыз. Олай жасасаңыз,
оның көңіліне ауыр дақ қалдырасыз. Көшеде бір әйелмен сөйлесіп
тұрғанын, бірге келе жатқанын көрсеңіз «Ол кім? Неге онымен бірге
келе жатырсың? Қайда барасыңдар?», - деп алқымынан
алмаңыз.
7. Күйеуіңіздің әке-шешесіне,
туған-туыстарына деген ыстық ықыласына қызғаныш білдірмеңіз. Өз
туған-туыстарыңызды қалай жақсы көріп қадірлесеңіз – жолдасыңның да
туғандарын солай сыйлаңыз.
8. Күйеуіңіздің ұнатпайтын
адамын қонаққа шақырмаңыз. Ол жақтырмайтын ортаға бармаңыз. Жалғыз
қыдырмаңыз, қонаққа да жалғыз бармаңыз.
9. Реті келгенде күйеуіңізді
мадақтап қойған артық емес. Ақыл-кеңесіне де құлақ
асыңыз.
10. Күйеуіңіздің жұмыстан соң,
еңбек демалысында, демалыс күндері жақсы тынығуына, рухани күш-қуат
алуына жәрдемдесіңіз. Күйеуіңіз ұйықтап жатқаанда теледидар,
радионы қосып, компьютерде жұмыс істеп мазасын алушы
болмаңыз.
11. Жұмыста кешігетін
болсаңыз, жұмыстан соң бір жаққа баратын болсаңыз күйеуіңізге
ескертуді ұмытпаңыз.
12. Үйден бір жаққа кетіп бара
жатсаңыз қайда бара жатқаныңызды, қашан келетініңізді күйеуіңізге
ескертуді ұмытпаңыз.
13. Күйеуіңізді қашан да
сыйлаңыз. беймаза әңгімелермен қажытпай, бірінші ұрыс бастауға әуес
болмаңыз.
-
Ер адамның әйелі алдындағы
жеті міндеті
1. Ер адам ізгі мінезбен
әйелін қадірлеп, жарасымды өмір сүруге тиісті. Ешуақытта әйеліне
жаманшылық жасауына болмайды. Өйткені Ұлық пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
былай деген: «Сіздердің ең жақсыларыңыз - әйелдеріңізге жайлы
болғандарыңыз». Тек сырт көзге сыпайы болып, әйеліңе үйде дөрекі
мінез таныту ер азаматқа лайықты іс емес.
2. Ер адам үй шаруасында
әйеліне көмектесуге міндетті. Бұл-сүннет. Сахабалар Айша (р.а.ғ.)
анамыздан «Аллаһ Тағала елшісі бос уақытында немен шұғылданады?», -
деп сұрағанда ол былай деп жауап берген: «Ол бос уақытында үй
шаруасына көмектесетін еді».
3. Ер адам әйеліне мейірімді
болуға тиіс.
4. Ер адам әйелінің намысын
аяқасты етпей, қадірін сақтауға, оны құрметтеуге міндетті. Аяғы
абыройсыздыққа апаратын істерден де сақтандырып отыруға
тиіс.
5. Әйелін- балаларын асырау,
киіндіру, отбасы табысын ысырапқа ұшыратпай тиімді пайдалану – ер
азаматтың парызы.
6. Егер әйелі өз міндеттерін
білмесе, күйеуі үйретуге тиіс.
7. сөзімен де, ісімен де
әйелінің жаратылысын, яғни мінезін келемеждеуге немесе
туған-туыстарын балағаттап, кемсітіп қорлауға рұхсат
жоқ.
-
«Менің
отбасым» жобалық
тест
-
«Отбасы жарастығы»
әңгіме (талдау)
Ерлі-зайыптылар күніге
ұрыссады екен. Үйінің қасында дәл өздеріндей жас көршілері тұрады
екен. Бірақ олардың ренжіскен дауыстары шықпайды. Өздері өте тату
болыпты. Содан үй иесі «Біз неге күніге ұрысса береміз, ал
көршілеріміз неге ренжіспейді» деп ойлайды. Сырттай байқап келуге
әйелін жібереді. Біраз уақыттан соң жұбайы келеді. Келіп әңгімесін
бастайды:
«Күйеуі шаң сорғызып, әйелі
тамақ пісіріп жатыр екен. Үстелдің жанынан өтіп бара жатырған
күйеуі үстел үстінде тұрған құмыраны қағып кетіп, сындырып алады.
Сол кезде асханадан әйелі жүгіріп келеді. Күйеуі: «кешірші байқамай
қағып кеттім» десе, әйелі тұрып: «жоқ бұған мен кінәлімін, құмыраны
үстел шетіне қойып кетіппін»деп жауап беріпті»
дейді...
-
Суретке қарап
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айту
Үй, ер-әйел адам, отбасы,
балалар
-
Психологиялық
тренингтер
-
Рефлексия