Материалдар / Отбасы-кіші Отаным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы-кіші Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық жарыс сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2018
562
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ







Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген

«Отбасы - кіші Отаным»

отбасылық спорттық сайыс













Өткізген: Абикаева Жайнагуль Галымовна

Бастауыш сынып мұғалімі

87755799010





Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні:«Отбасы кіші Отаным»отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы:  4 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, шар.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Негізгі бөлім.

1-Жүргізуші:

Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасы кіші Отаным» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Спорт биі

2-Жүргізуші:

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 7 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

 1-Жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

  1. «Қыран» тобы Бектуровтар отбасы

  2. «Барыс» тобы Аубакировтар отбасы

  3. «Достық» тобы Төлеу отбасы

  4. «Болашақ» тобы Советовтар отбасы

  5. «Алау» Асангазиндар отбасы

  6. «Сұңқар» тобы Мырзағалиевтар отбасы

  7. «Қазақ елі» тобы Шәкен отбасы

2үргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ОмароваҚалампыр Байтұрсынқызы

  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразалин Саулет

  3. Бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Бикен Қорғанбекқызы


Ән «Қазақстан»

1-Жүргізуші:

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:

1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру

2-тур: «Кім жылдам?»

3-тур: «Жеңіл қарбыз»

4-тур: «Орындық»

5-тур: «Бәйге»

6-тур: «Сыңарын тап»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

2-Жүргізуші:

І. «Менің отбасым».  Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

  • Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

1-Жүргізуші:

ІІ. «Кім жылдам?»

Шарты: Әр отбасы мүшелері мәреге кезектесе секіргішпен секіріп барып, ҚАЗАҚСТАН деген сөзден сөз құрайды.Бір әріп екі рет қайталанбауы керек.

2-Жүргізуші:

ІІІ. «Жеңіл қарбыз»

Шарты: Әр отбасы  мүшелері отыра жүре табақтағы шардымжерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.

  • Сәт сапар!

  • Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

1-Жүргізуші:

ІV. «Орындық»

Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана  баласын айқастырылып ұсталған  қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.

 

2үргізуші:

VI «Бәйге»

Шарты:  Әр отбасы  мүшелері кедергілерден шаңғымен өту. Кедергілерді құлатпау керек.

 

1-Жүргізуші:

VII «Сыңарын тап»

Шарты:  Отбасы  мүшелері көздерін орамалмен таңып,мәреде тұрған орындыққа келіп аяқ киім кигізеді. Қай отбасы аяқ киім сыңарын дұрыс кигізсе, сол топ жеңеді.

1-Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

2үргізуші:

Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

«Қазақ елі» әні.

«Туған жер» әні 

1-Жүргізуші:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.

1-орын Мырзағалиевтар отбасы

2-орын Төлеу отбасы, Шәкен отбасы

3-орын Бектуровтар отбасы, Асангазиндар отбасы

1-Жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!




















Жарыстың мәресіне жеткен шағы Сайыскерлер

Бәйге жарысы кезінде

Оқушылардың өнерін тамашалау сәті



Тәрбиелік іс-шараны талдау

Күні: 25.11.2017 жыл

Сынып: 4 сыныптар

Қатысқаны: ата-аналар, оқушылар

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні:«Отбасы кіші Отаным»отбасылық спорттық сайыс


Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сайыс

Көрнекіліктері: суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.


Қызығушылығы, белсенділігі:

Оқушылардың, ата-аналардың іс-шараға қызығушылығы жоғары болды.

Мазмұнның мақсатқа сәйкестілігі:

Іс-шара мазмұны мақсатқа сай алынған.

Материалдың танымдылық-тәрбиелік құндылығы:

Ата-анаар мен оқушыларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шара жетістіктері:

Ата-ана баласымен мектепшілік іс шараға қатысты. Балалар демалыс уақытын жақсы көңілмен өткізді.



Өткізген: Абикаева Ж.Г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!