Материалдар / Отбасы мүшелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалараға отбасы мүшелерін атап үйрету. отбасына деген сүйіспеншіліке баулу, тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды жас тобы
Жаратылыстану: Отбасы және туыстарым*

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың отбасы туралы түсініктерін тиянақтау, туыстық атауларды
түсіндіру; отбасының барлық мүшелерін дұрыс атауды үйрету; отбасындағы
адамдардың бір-біріне қамқорлықпен қарайтыны, жақсы көретіні, құрметтейтіні
туралы түсініктерін дамыту; зейінін, ақыл-ойын, еске сақтау және түйсік
қабілеттерін дамыту; отбасындағы өзара көмек сезімін тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС
Сөйлеуде "жанұя", "жанұя мүшелері", "еркелету есімдері", "табиғаттағы тіршілік
иелерінің отбасылары", "жылулық" сөздерін пайдалануға талпындыру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Сәлемдесу шеңбері, психологиялық сәті, жұмбақ жасыру, түсіндіру, сөздік
жаттығу, сергіту сәті, логикалық жаттығу, ой-түйін жаттығуы, сұрақ-жауап,
бағалау, пысықтау, рефлексия.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Интербелсенді тақта, «Дастарқан» BilimKids бейнеролигі, ырғақтығы орташа
әуенжазбасы, ежелгі адамдардың отбасының суреті, қазіргі заманның отбасы
суреті, "отбасы терегі", отбасы мүшелерінің бір үйде өзі шаруасымен
айналысқаны туралы сюжетті сурет.
2. Үлестірмелі материалдар.
Отбасы мүшелерінің шаруасына қатысты заттардың үлестірмелі суреттері;
жануарлардың және құстардың отбасыларына жататын жұптар өкілдерінің жеке
суреттері (енесі, төлі).

1

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Сәлемдесу шеңбері. "Аяғымызды басайық".
Педагог:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Бүгін күн райы тамаша екен! 
- Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетті бастамас бұрын, біраз сергіп алайық.
Педагог бәсеңдеу дыбыста көңілді аудиожазбаны қосады.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Аяқтармен басайық,
Топ-топ-топ, топ-топ-топ! 
Қолды шапалақтайық,
Хлоп-хлоп-хлоп, хлоп-хлоп-хлоп!
Орнымызда айналамыз,  
Жақсыны қайталаймыз.
Құшақтасып қауышамыз!
Қандай көңілді баламыз!
1.2. Психологиялық көңілді ахуал орнату.
"Жылулықты сыйлайық".
Педагог:
- Қане, балалар, бір-бірімізге қарап күлімдейік, шын жүрекпен құшағымызды
жайып, жанымыздағы көршімізбен құшақтасайық.
- Жарайсыңдар, балалар, қазір қандай сезімдесіңдер?
- Иә, бойымызға жылулық тарап, көңіліміз көтерілді ...
- Балалар, біз құшақтасып, жағымды көңіл күйлермен бөлісіп жатқанда, бірбірімізге нені білдірдік?
- Біз татулық пен достықты білдіріп жаттық. Барлығымыздан жылулық таралып
жатты.
- Балалар, тақырыбымыз осы жылулық, татулық жайлы болмақ.
- Қазір мен бір жұмбақ жасырамын, жауабы бүгінгі тақырыптың атауы болады.

2

Жұмбақ.
Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.
- Ал енді жауабын айтайық.
(Балалар жауап береді).
-  Жарайсыңдар! Отбасы, жанұя. Бүгін біз отбасы туралы әңгімелесеміз.
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, отбасы дегеніміз не?
(Балалар жауап береді.)
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жаңа тақырыпты тиянақтау. "Отбасы".
Отбасы дегеніміз - бірге тұратын ата-аналардан, балалардан, немерелерден
және жақын туыстардан тұратын адамдар тобы.

- Мен сендерге отбасы қалай пайда болғаны туралы бір аңызды айтқым келеді. 
- Жер бетінде өмір сүрген ең алғашқы адамдар – Адам ата мен Хауа ана. Олар
жер бетіндегі ең алғашқы адамдар. Екеуінен ұрпақ көп тарап, жер бетіндегі
адамдар көбейді. 
- Ежелгі адамдар өмір сүрген заманда заманауи технологиялар болмаған.
Адамдар от жағып тамақ жасаған, үйлерін жылытқан, жанұя мүшелері оттың
жанында жиналып тамақ ішіп, бір-бірімен әңгімелесіп отыратын болған.
- Содан "Отбасы" сөзі пайда болды. Қане, балалар, суретке қарайықшы, оттың
басында кімдер отыр?
Балалар жауап береді.
- Жарайсыңдар, балалар, дұрыс айтасыңдар! 
- Балалар, сол және осы замандағы отбасына қарасақ, қандай өзгерістер туралы
айтуға болады?
- Иә, киім үлгілері, тұрғын үйіміз өзгерсе де, отбасы мүшелерінің атаулары
өзгерген емес: әке, ана, ата, әже, балалар ол кезде де, қазір де бір мағынаны
білдіреді.
- Ертедегі кезде де, қазіргі уақытта да отбасы мүшелері үлкен дастарқанда бас
қосады. Олай болса, балалар, дастарқан басындағы отбасы туралы көңілді
бейнеролик көрейік.

3

Балалар қуана келіседі.
«Дастарқан» BilimKids.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

2.2. Сөздік жаттығу. "Еркелету есімдері".
Педагог:
- Қане, балалар, өз отбасыларың жайлы айтып беріңдерші.
- Айша, сенің отбасыңда неше адам бар?
- Әкеңнің аты, анаңның аты кім?
- Тағы қандай отбасы мүшелері туралы айтып бересің?
- Жарайсың, Ернұр, сен айта ғой ...
Балалар жауап береді.
- Балалар, отбасында адамдар бір-бірін еркелетіп атайды, өйткені бір-бірін
жақсы көреді.
- Қазір ойын ойнайық.
- Мен отбасы мүшелерін атаймын, ал сендер еркелететін есімін айтыңдар, әркім
өз отбасындағы еркелету есімдерін айтыңдар.
Педагог бірінші сөзді айтады, балалар жалғастырады.
- Қыз баланы қалай атайды?
- Иә, қызым, еркем, қызғалдағым, гүлім және тағы басқа.
- Ұл баланы қалай атауға болады?
- Дұрыс, ұлым, құлыным, ботам, батырым.
- Әкемізді қалай еркелетеміз?
- Жарайсыңдар, әкетай, әкешім, әкежан.
- Атамызды қалай еркелетеміз?
- Тамаша, ататайым, аташым.
- Ал анамызды қалай еркелетеміз?
- Дұрыс айтасыңдар, анашым, шешетай, ақ анам.
- Әпкемізді - әпкетайым, әпкешім.
- Ағамызды ше?
- Иә, ағатайым, қамқоршым.
- Ай, жарайсыңдар, балалар!
2.3. Сергіту сәті. "Менің отбасым".

4

Педагог:
- Қане, балалар, орнымыздан тұрайық. Ойын ойнау үшін ортаға жиналайық.
- Қазір мен отбасы мүшелерін атаймын кімнің үйінде аталған адамдар бар болса,
менің қасыма келіп құшақтасамыз.
Педагог көтеріңкі топта көңілді атмосфера орнату үшін бәсеңдеу дыбыста әдемі
әуенжазбасын қосып қояды.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Менің атам бар,
Менің әжем бар,
Менің әпкем бар,
Менің ағам бар.
Менің інім бар,
Менің мысығым бар,
Менің итім бар,
Менің сіңлім, 
Қарындасым бар,
Менің тәтем бар.
Менің киімім бар,
Менің сыйым бар.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ойын сендерге ұнады ма?
- Балалар, бұл жаттығуымызда біз атап кеткен барлық отбасы мүшелері бар ма?
2.4. Логикалық жаттығу. "Отбасыңда кім бар?"
Педагог балаларға отбасының терек сұлбасына орналасқан отбасы мүшелерінің
суретін көрсетеді.
Балалар қазір мына суретке назар аударайық.

- Отбасы ағашының басында кім тұр?
- Отбасымыздың басында атамыз бен әжеміз бар, себебі олар біздің үйдің
үлкендері.
5

- Одан кейін кімдер бар?
- Иә, балалар, әкеміз бен анамыз үйдің үлкендері біздің қамқоршыларымыз.
- Әрине, сендердің аналарың  мен әкелеріңнің туған бауырлары бар, олар
сендерге тәте және аға болып келеді. Сендер оларды жақсы көресіңдер.
- Отбасы ағашының астында кім тұр?
- Иә, сендер және сендердің туған аға, әпке, іні, қарындастарың.
- Тамаша. Сендерге отбасы ағашы ұнады ма? 
- Әркімдерің үйде өз отбасылары мүшелеріңнің адамдарын осындай теректің
басына орналастыруларыңа болады.
2.5. Ой-түйін жаттығуы. "Отбасын не біріктіреді?"
Педагог:
- Ал енді, балалар, отбасының барлық мүшелерін не біріктіреді деп ойлайсыңдар?
- Ол үшін мына суретке қарап, ойланып, содан соң жауапты айтуларыңа болады.

Балалар отбасында өмір сүру көңілді және оңай болу үшін ондағы әр адам үйде
өз қолынан келетін іспен айналысатыны, бір-бірін жақсы көретіні, құрметтейтіні,
6

бір пәтерде тұратыны, бірге демалатыны, бос уақытын бірге өткізетіні, үй
шаруашылығымен бірге айналысатыны туралы айтып жатады.
- Балалар, сендер отбасы мүшелерін не біріктіретінін атадыңдар.
- Ал отбасы басқа адамдар тобынан немен ерекшеленеді?
- Біздің топты отбасы деп атауға бола ма?
Балалар бірлесіп ойнайтыны, бірге тамақ ішіп, бір бөлмеде ойнайтыны, бір-бірін
құрметтейтіні туралы айтады.
- Иә, бізді де көптеген әрекеттер мен ойындар біріктіреді, дегенмен, біздің өз
туыстарымыз бар.
- Біз бір-бірімізге кімміз?
Балалар құрдас, дос туралы айтып жатады.
- Жарайсыңдар!
- Ал қазір осы сурет-карточкаларға қарап, өздерің немесе отбасы мүшелеріңнің
қайсы үйде немен айналысатынын айтып беріңдерші.

Балалардың әрқайсы тапсырманы жеке орындайды.
- Жарайсыңдар, балалар, тамаша!
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылау, балалардың білімін
пысықтау, бағалау.
Педагог:
- Балалар, бүгін біз қандай тақырып бойынша әңгімеледік?
- Барлық бірлескен адамдарды отбасы деп атауға бола ма?
- Неге?
- Балалар отбасыны не біріктіреді?
- Балалар, бүгін сендердің аса белсенді болғандарың мен үшін үлкен қуаныш.
Барлықтарың отбасыларыңдағы жақындарыңды жақсы көресіңдер екен.
Жарайсыңдар!
- Отбасыда үнемі түсінушілік пен мейірім, сыйластық пен құрмет болсын деп
тілеймін. Рақмет сендерге!
Рефлексия. "Жануарлардың отбасылары".
- Балалар, табиғатта да "отбасылар" бар. Табиғаттағы жануарлар топтасып
жүреді. Жылқы үйірмен жайылады. Қой отармен жайылады. Сиыр табынмен

7

жайылады. 
- Қазір қолдарыңа бір суреттен алып, табиғаттағы "отбасылар" жұптарын
құрастырыңдар.

Педагог балалардың құраған жұптарын қадағалайды, балалар табиғаттағы
отбасылық жұптарды, енесі мен төлін атайды.

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!