жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы өмір негізі
Тақырыбы: Отбасы – өмір негізі
Пән: «Тәрбие жұмысының технологиясы»
Оқытушы:Айтжанова А.К.
Топ: ШБ-17-1
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік, әдептілік.
|
Сабақтың мақсаты: Студенттерге отбасының
маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу. |
Ресурстар: (Слайд, үн таспа, бейнетаспа, маркер, түрлі қағаздар) |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысу деңгейін анықтау). «5 Т» ережесі бойынша ынта-зейіндерін сабаққа аударуы. Тәртіп болса талап болады, онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса, тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады. 2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» жаттығуын орындау. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз.: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.» Енді, осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! - Қандай көңіл-күйде болдыңыздар? -Өз ойларыңызбен бөлісулеріңізге болады. |
Ескерту Сазды әуен |
|
3.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру. «Орамал тастау» әдісі (Студенттер өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды). -Жарасымды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз? -Кез-келген адаммен қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек? - Қарым-қатынас жайлы дәйек сөздер білеміз бе? |
Слайд |
|
4. Мұғалімнің сыйы Бейнебаян «Отбасы құндылығы» |
Бейнебаян «Отбасы құндылығы» |
|
5. «Миға шабуыл» әдісі 1. Бейнебаян туралы ой-пікіріңіз? 2. Отбасының қоғамдағы орны қандай? 3. Бақытты отбасының құпиясы неде? 4. Бір шаңырақта тұратын адамдар арасында қандай сыйластық болады? 5. Өз отбасы мүшелеріңіздің қарым-қатынасы қандай? 6. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты? |
Слайд |
|
6.Жағымды ой-пікір (Дәйексөз)
«Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана, жанұялық тұрмыс зор бақытқа кенеледі».
Халық даналығы
Шаңырақ жарастығының негізі сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты, өзара сыйластығы құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, ынтымақ та, береке де байлық та болады. Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады. |
Слайд |
|
7. Жаңа ақпарат «Отбасы-қоғам негізі» Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірімен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. |
Слайд |
|
8. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс Білім алушылар топқа бірігіп отырады, берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс орындалады.
1-топ
«Бақытты отбасы
моделін»
салу. Постер
қорғау 4-топ «Отбасы, сенімділік, махаббат, бақыт, сенім, қуаныш» сөздерін 3-тілде аудару, әр сөзге түсінік беру. |
Слайд |
|
9.Топпен ән айту «Менің қос бәйтерегім» Әкешім пана болған, Биік шыңын! Үйреткен мына өмірдің, Барлық сырын! Қ-сы Жербетін кезген менен, Сендердің көздеріңнен. 2-рет Төгілген жылылықты Ешкімнен сезбедім мен. Анашым ақ сүт беріп мәпелеген, Кешірген коп кенсе де қәте менен! Қ-сы Анамның алақаны, Әкемнің қарағаны. 2-рет Ұқтырды бізде екенін Бақытқа балағаны! Сендердің арқаларың жүргеніміз, Алаңсыз мына өмірде күлгеніміз. Қ-сы Менің қос бәйтерегім Сендерсіз қайтер едім. 2-рет Әрқашан бірге болсақ, Түгел ғой бар керегім. |
Ән айту |
|
10. Үй тапсырмасы. Осы тақырып бойынша білімдерімізді толықтырып, «Менің жанұям» тақырыбында жоба дайындап келу. |
|
|
11. Кері байланыс: Тілек беті Жақсы... Қызықты... Өзіме алдым... Кедергілер... |
Слайд |
|
12. Сабақтың қорытынды сәті.
Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады. |
Слайд |
|
13. Соңғы тыныштық сәті. Жақсы болыңыздар! Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар! Жақсы нәрсе айтыңыздар! Жақсы нәрсе тыңдаңыздар! Жақсы нәрсе көріңіздер! Жақсы нәрсе жасаңыздар! Бақытқа жеткізер жол-осы! |
Сазды әуен |
«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ
МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
«Бекітемін»
«Педагогика, психология
және жеке әдістемелер»
ПЦК жетекшісі_______
А.Д. Джанизакова
« » ___________ 2018 жыл
«Педагогика, психология және жеке әдістемелер»
пәндік циклдік комиссиясының
апталығында өткізілген ашық сабақ
жоспары
Тақырыбы: «Отбасы – қоғам негізі»
Өткізген: Койшыгулова А.К. – арнайы пәндер оқытушысы
Пәні: Өзін-өзі тану
Тобы: ӨБ-31
Күні: 24.04.2018ж.
Уақыты: 09.40
Кабинеті: 209
Ақтау қаласы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген