400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы қоғамның шағын жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласындағы болып жатқан жаңартулар- ұстаз тұлғасына түбегейлі сапалық қасиеттерін жаңа қырынан қарастыруды көздеп отыр. Жаңартылған білім мазмұнында оқушының өз бетімен ізденіп, алған білімдерін тікелей практикада қолдануға болатынын ойланауға мүмкіндік беріп отыр.осы тұрғыда жаңартылған білім мазмұнын жүйелі жүргізіп, нәтижеге жететін, сапала білім мен тәрбиені ұштастыра отырып білім беретін ұстаздың ролі зор.яғни, ұстаздан жаңашылдықты, тың көзқарастары мен кәсіби және сапалық қасиеттерінің қайта қарап, тұлғалық жаңғыруды талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Отбасы қоғамның шағын жүйесі”

Орындаған: Муратова Жұлдыз Қайдарқызы “Бастауыш білім беру” мамандығының 121топ білім алушысы Жетекшісі: Бекузакова Ақбота Құрманғазықызы

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.


Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.



Отбасы – адамзат қоғамының ен шағын бейнесі. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғаш тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасылық тәрбие, отбасының тұрмысы қазіргі кезде тек ата – аналар ісі емес, жалпы мемлекеттік іс екені анық. Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден тұрады: олар-әке,ана,бала. Үшеуінің бірлігі – отбасының берекесі. Осындай берекелі отбасы – қоғамның іргетасы, шағын мемлекет.

Психолог Александр Полеев қазіргі таңда «отбасы» ұғымы өз мәнін жоғалтып, «ерлі-зайыптылардың одағы» деген мағынаға ойысып бара жатқанын айтады.   Қазіргі некедегі  басты тенденциясы оның кеш орын алуы.  Көп жағдайда жас кезде  некеге тұратындар тез ажырасып кетіп жатады.

Заман  дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы ӨЗГЕРЕДІ. Бұл-бұлтартпас шындық, факті. Себебі заманға сай адам психологиясы өзгереді, бір қалыпта тұрмайды. Демек, адамның қарым-қатынасқа деген көзқарасы өзгереді. Ал біздің менталитетімізге отбасы құндылықтарын бірінші орынға қою, отбасы ұйытқысын сақтау сынды нәрселер сіңіп, ата-баба дәстүрі мен салты бойынша «ажырасу» ұғымы – табу-ға айналған. Осыдан біраз жыл бұрын ажырасуға бару – үлкен күнә, қылмыс, яки болмаса ерсі қылық ретінде қабылданды.   Гендерлік құқық заңнамасы қабылданған соң, әйелдер құқығы қоғамда айқын көрініс таба бастағаннан кейін ажырасу фактісі де көптеп тіркеле бастаған. Оның себебі- әйелдердің өз-өздерін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жетуі

Ажырасу эпидемиясы. Танымал американдық әлеуметтанушы мен психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады.

Ажырасу- әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастады. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да осындай деңгейге жетті.Ажырасу стресс, қайғы деңгейіне байланысты өлімнен кейін бірінші орында тұр.  Бұл ауыр әрі қиын, өмірдің қысқаруына әкелетін үлкен өмірлік  тәжірибе.Қазір отбасын құрудың патриархалдық моделіне қарағанда екі жақтың теңдігіне құрылған үлгідегі жанұялар көбеюде.Бұл өз кезегінде әрбір адамның серігін, жарын өз еркінше таңдауға мүмкіндік береді. Алайда таңдау кеңістігі кеңейгенмен де отбасы беріктігі нығайып жатқаны шамалы. Оны еліміздің статистикасынан көруге болады. Мәселен, 2015 жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 148 769-ды құраған. 2016 жылдың қаңтар-сәуір айында  39 682 неке заңдастырылған. Неке қию 4,6% төмендеген. Осы жылдың қаңтар-сәуір айында 16 338 ажырасу фактісі тіркелген.

Қазақстанда ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарға Павлодар облысы (53%), Қостанай облысы (51%), Солтүстік Қазақстан облысы  (50%) жатады. Ал ажырасу аз тіркелген аймақ ОҚО .

Бүкіл әлемде ресми, заңды некеге тұруға қызығушылық азайып бара жатқанын байқауға болады. Әсіресе, Еуропада заңсыз некеден  туған бала коэфиценті өскен. Себебі көпшілігі «азаматтық некеде» тұрады.

Қазақстан БҰҰ-ға кіретін 100 елдің ішінде 16-орнында тұр. Қазақстан Иран, Ресей, Албания, Тәжікстан мен Мысыр сияқты елдерден кейін тұрақтаған. Ал ажырасу коэффиценті бойынша Қазақстан осы елдер арасында 24-орында. Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффиценті ең жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия екен.

Ислам дінін ұстанатын елдердің арасында Қазақстанның ажырасу коэффиценті ең жоғары. Таяу Шығыс елдері, соның ішінде Мысыр, Сирия, Иордания, Индонезия, Сауд Арабиясы мен Ливияда барлық неке заң жүзінде дін өкілінің қатысуынсыз  жүзеге асады. Ал Иран мен Израильде барлық неке дін өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Осыған байланысты, егер жұбайлардың бірі ажырасуға қарсы болған жағдайда қиындықтар туындайды.

Жалпы ажырасу көрсеткішінің осыншалықты өсуі бірнеше факторларға тікелей байланысты. Ең бірінші, ол елдің экономикалық даму жағдайы мен қоғамның әл-ауқаты мәселелері. Қоғам арасында ажырасудың басты себебі ретінде есептелетін кең таралған пікір: "Жастардың үлкен өмірге дайындықсыз келетіндігі".

Қазіргі заманауи қоғамда әйелдер  құқықтары, бостандықтары, бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда   жоғарылаған.  Жылдар бойы  біршама түнекте өмір сүрген әйелдерге, білім алуға, мансап жасауға, ары қарай сол жолда тұрмыс құрмай кете беруге- барлығына толық мүмкіндік бар. Осыдан 10-20 жыл бұрынғы өмірмен салыстырғанда әйелдер құқығы әлдеқайда нығайған. Бұрын отбасы үшін, бала-шағасы үшін шыдап, қиналып күйеуімен айырыласпайтын әйел бұл заманда өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Әйелдер ғана емес, ер адамдар да, жалпы қоғамда эгоцентристік (менмендік) көзқарас басым болып бара жатқанын байқауға болады. Бұл-дұрыс емес деп кесіп айта алмаймыз. Себебі, басқаша жағынан алып қарасақ, ажырасу- бір-бірімен сыйыспайтын, ұрыс-керісі таусылмайтын, біріне-бірі сәйкес келмейтін, көзқарастары мен өмірлік құндылықтары бір арнаға тоғыспайтын екі адамға бостандық пен еркіндік беру, жандарына тыныштық сыйлау. Көптеген ажырасқан жұптардың сөздеріне сүйенсек, ажырасқан соң реніш, айғай-шу, өкпеден құтылғандарын айтады.

Ажырасудың себептері. Негізгі мәселе – осы ажырасу факторын болдыртпау. Қарым-қатынасты осы шарықтау шегіне дейін алып келмеу. Себебі, не дегенмен де, ажырасу- отбасының ойрандалуы, ал арада бала болса тағдырдың бұзылуы.  Ажырасуды болдыртпау үшін ең бірінші, оның орын алу себептерін анықтау керек. Шын мәнінде -себеп өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары әр түрлі. Бірақ сауалнама нәтижелері көрсеткендей ажырасудың басты себептері мыналар:

  1. Тұрмыстық зомбылық;

  2. Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;

  3. Ер не әйелдің есірткіге салынуы;

  4. Күйеуі не әйелі жұмыссыз;

  5. Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;

  6. Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната алмаған;

  7. Көзге шөп салу;

  8. Материалдық қиындықтар;

  9. Бедеулік;

 Ажырасу кезінде қатты зардап шегетін жақ- балалар. Ата-аналары ажырасқан балалар өмірдегі қиындықтарды  екі есе ауыр өткереді. Психологиялық, жүйке ауруларына жиі ұшырайды.

Ажырасудың алдын-алу. Көп жағдайда дұрыс құрылмаған қарым-қатынас пен отбасының ойрандалуы- тікелей өзімізге, серігімізге/жұбайымызға, тағдырымызға байланысты деп кінәлаймыз.

Негізінен ажырасудың алдын-алу -  қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шару емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен тыс көбеюі- адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай жататындықтары да – басты себептердің бірі. Демек, дайындық болуы керек..

Ажырасудың салдары. Отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып олардың артында «махаббатты, жылулықты сезінбеген», толыққанды отбасы деген ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен өмірге қадам басқанда  өз өмірлеріне де осы науқанды әдетке айналдыратыны дәлелденген. Мұндай отбасылардан (отбасы деуге келсе) өскен балалар толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалады. Ажырасудың бала үшін тигізетін зардабы – бірінші мәселе болса, екінші жағынан  ажырасу процесін орындаушыларға бұл үлкен трагедия. Себебі шын мәнінде жан-дүние мен адамның психологиясына күйзеліс әкелетін ажырасу нағыз –  қайғы. Бұдан кейін адамның әсіресе әйелдер қауымының қайтадан өмір айналымына қайта ену ауыр әрі ұзақ процесс.Ажырасқан ер адамдардың әйелдерге қарағанда қайта некеге тұру мүмкіндігі өте жоғары. Алайда ажырасқан ерлердің 50% сол күйінше үйленбей, жалғыз қалып қалады екен. Ал әйелдерге ажырасқан соң қайта некеге тұру үшін өте ұзақ уақыт, шашамен 10- 15 жылдай керек екен.

Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін де емес. Алайда оған міндетті түрде тоқтау қажет. Және оған тоқтау бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу- бұл өз әдеттерімізден айырылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту. Әдеттен арылуға болады. Ол үшін тек мықты күш-жігер  керек.

- Отбасы өте бір үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазіргі жеңіл өмір сүруге немесе “еркін өмірге” үйренген жастар, отбасын құруға да жеңіл қарайды, сезімге басымдық береді. Осы себептенде, қазіргі жастар арасында ажырасу күннен күнге көбейіп барады. Жастарға тәрбие беретін ата- аналардың өздерінең кейде тәрбие таба алмай жатамыз.Қазіргі ата – аналарымыз “Ішіме сыйган қыз сыртыма да сияды” деген жалаң түсінікпен ажырастырып алуға бейім тұрады. Бұл бір жағынан қарағанда жанашырлық көрінгенімен ,ұрпаққа жасалған қиянат болып есептеледі.

“Ажырасудың алдын алу үшін не істеу керек” – ол үшін жеткіншектерге арналған мектепте,колледж және ЖОО-ның оқу бағдарламаларына Отбасы құндылығы пәні енгізілсе.

















Пайдаланылған әдебиеттер :

1. А.О.Пинт. “Ата – аналар сіздер үшін”. - Алматы 1972ж

2. Ю.А.Азаров. “Отбасы педагогикасы”. - Москва 1985ж

3. Қ.Жарыңбаев, “С.Қалиев. Қазақтың тәлім – тәрбиесі”. – Алматы 1995ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
2545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі