400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қылмыстық атқату жүйесіне қарасты Кешкі мектепте оқитын жазасын өтеуші-оқушылардың қоршаған ортаға бейімделуіне, отбасына, елге, туған жерге мейірім, сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» «Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі Мектеп директоры

директордың орынбасары

_________А.Ташетова _____________Ш.Жубай

«___»________2021 жыл «___»________2021 жыл








«Отбасы құндылықтары»

арнаулы курсының (таңдау пәні)

БАҒДАРЛАМАСЫ



Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 10 сынып

Аптасына: 1 сағат

Барлығы: 34 сағат

Мұғалім: Жубай

Шамшат Унаевна

Мектебі: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

«Кешкі (ауысымдағы) жалпы білім беретін мектеп»

КММ







Ақтөбе қаласы

2021-2022 оқу жылы



Тақырыптық жоспар

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


  1. бөлім. Отбасы құндылықтары

/10 сағат/



1

Кіріспе. Халықтың тәрбиелік салт-дәстүрлері. Әдет-ғұрып ишаралары.

1


2

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні.

1


3

Атқа міну өнері, ашамайға мінгізу дәстүрі.

1


4

Ұлттық ойындар (ханталапай, асық ойыны, көкпар тарту, жамбы ату)

1


5

Қазақ ырымдары. Тыйым сөздер.

1


6

Жеті Жарғы (Әз Тәукенің заңдары)

1


7

Батырлар жыры. Алпамыс батыр. Қобыланды батыр. Ер тарғын. Қамбар батыр

4



2- бөлім. Ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелік баулу /7сағат/



8

Мақал-мәтелдер. Жаңылтпаштар. Жұмбақтар.

2


9

Қиссалар

2


10

Тәрбие тал бесіктен. Бесік жырының пайдасы

3



3- бөлім. Аңыз әңгімелердің тәрбиелік мәні

/7 сағат/



11

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

1


12

Тоқылдақ, маса қалай пайда болған?

1


13

Сүлеймен мен Тоты құс. Көкек

1


14

Аққуды атпа ырымы. Тауық асыра.

1


15

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?

1


16

Қоянның жаралуы.

1


17

Жыл басы туралы.

1



4- бөлім. Отбасы. Отбасы мәдениеті.

/5 сағат/



18

Тұлғаға айналу кезеңі. Кітап оқу.

1


19

Үй болу. Жеті қазына.

1


20

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

1


21

Қазақ киімдерінің түрлері

1


22

Үй жиһаздары.Дастархан мәзірі.

1



5-бөлім. Эмоционалды мәдениет

/5 сағат/



23

Қоғамдағы қарым қатынас құралы.

1


24

Пікірталас. «Отбасы-мәдениет бастауы»

1


25

Отбасы. Қоғам. Жеке тұлға.

1


26

«Мен және болашақ» практикалық сабақ.

1


27

Қорытынды

1



Барлығы

34



«Отбасы құндылықтары» арнаулы курсы

10- сынып


Түсінік хат


Оқушыларға, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие-тәсілдері өте көп.

«Отбасы құндылықтары» арнаулы курсын әдебиет пәніне негіздей отырып, отбасы құндылықтары, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелермен байланыстыра отырып, қоғамдағы отбасының маңызы түсіндіру.

Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.

10-сынып оқушылары алдымен отбасы құндылықтарына шолу жасап, тереңірек танысады. Әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.


Курстың мақсаты:

1. Отбасы құндылықтарын таныту;

2. Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;

3.Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;

4.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;

5.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;

6.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;

7. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету;

8. Қоғамда өз орнын табуға көмек беру;

9. Эмоционалды мәдениет меңгеру;


Курстың міндеттері:

1.Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;

2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;

3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

4.Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;

5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.


Курстың мазмұны

«Отбасы құндылықтары» баспасынан шыққан «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді»,Мың сұрақ» тағы басқа кітаптары халқымыздың сан ғасырлық дәстүр-салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.

Халқымыздың ырым-тыйымдары, жөн-жоралғысы, тағылым-өнегесі, әдет-ғұрып ишаралары, қиссалары, миф және аңыздар, нақыл сөздері, отбасы, қоғам, батырлар, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған.

1-бөлім. Отбасы құндылықтары

Бұл бөлімде кіріспе, халықтың тәрбиелік салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып ишаралары, Ұлттық ойындар (ханталапай, асық ойыны, көкпар тарту, жамбы ату), Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, атқа міну өнері, ашамайға мінгізу дәстүрі, қазақ ырымдары, тыйым сөздер, Жеті Жарғы (Әз Тәукенің заңдары), Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер тарғын, Қамбар батыр батырлар жыры қарастырылған,

2- бөлім. Ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелік баулу

Екінші бөлімде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қиссалар, тәрбие тал бесіктен, бесік жырының пайдасы қарастырылған.


3- бөлім. Аңыз әңгімелердің тәрбиелік мәні

«Отбасы хрестоматиясы» Қоғамдық қоры жинақтаған басылымдардағы түрлі аңыз әңгімелер оқылып, тыңдалады.

Сонымен бірге, оқушылар бұрын естіген немесе оқыған аңыз әңгімелерін айтуға, сыныптастарын тыңдауға, түсінгендерімен бөлісуге үйренеді.

4- бөлім. Отбасы. Отбасы мәдениеті


Бұл бөлім оқушыларды үй болуға, жеті қазынаны білуге, кітап оқуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, отбасын құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеіп, жеке тұлғаны қалыптастырады.

5-бөлім. Эмоционалды мәдениет

Осы арнаулы курс бағдарлаасының соңғы бөлімі жыл бойы берілген білімді қорытып, өзінің қоғамның бір бөлшегі екенін сезінуге, болашағын жоспарлауға, өзін қоғамда еркін сезінуге тәрбиелейді. Жазба жұмыстарын жасауға, практикалық жұмыстар жасауға үйретеді.



Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары: кітаппен жұмыс, түсіндіру, ойталқы, кіріктірілген сабақ, практикалық сабақ.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушылар білуге тиіс:

-отбасы құндылықтарын;

-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды;

-өнеге-тағылым, жөн-жоралғыны;

-тағылымдық сөздердегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

-отбасы мәдениетін.

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-отбасы құндылықтарын;

-өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуі;

-оқыған шығармаға талдау жұмысын жүргізуді;

- берілген тақырыптар бойынша өз ойын жаза білуі;

-аңыз, әңгімелердің кейіпкерлерін салыстыра отырып баға беруі.



Нормативті бөлім.

«Отбасы құндылықтары» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Бөлімдер атауы

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

өзіндік жұмыс

1

Отбасы құндылықтары

10

9

1


2

Ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелік баулу

7

4

2

1

3

Аңыз әңгімелердің тәрбиелік мәні

7

4

2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.10.2021
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі