жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы рухани байлығы (ата-аналар жиналысын өткізу)
I.Казталов ауданы «Ақбота» бөбекжайы МКҚК-да өткізілген жалпы ата-
аналар жиналысының жобасы.
Практикалық бөлім
Тақырыбы: «Отбасының рухани байлығы»
Мақсаты: -Ата-аналармен отбасы рухани байлығы туралы
әңгімелесу.
-Ата-аналарды бөбекжайға тығыз байланыста болуға тарту.
-Ата-ананың жиналысқа қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: «Келісім шарт», ақ қағаз А-3, түрлі түсті бояулар, «Атқұлақ» суретті, фонограмма.
«Отбасы мүшелері өзара бір-бірімен байланысты ұжым, оның мүшелерінің әрқайсысының нақты атқаратын міндеттері бар. Міне бала да осы ұжымның болашақ тең құқылы мүшесі ретінде онда қалыптасқан қатынастар жүйесіне енеді,соның арқасында мінез-құлық нормаларын үйренеді.»
«Ребенок- зеркало семьи: как в капле воды отражается солнце, так в детях отражается нравственная чистота матери и отца»
В.Сухомлинский.
Жиналыстың жоспары.
-
Шаттық шеңбері
-
Тақырыпты хабарлау
-
Сырласайық.
-
Ақылдасайық.
-
Танысайық.
-
Ата-аналарды бөбекжайдың жұмыстарына қатынастыруды ұйымдастыру.
-
Бала тәрбиесіндегі отбасымен бөбекжайдың бірлігі.
-
Қорытынды.
-
«Жүректен-жұрекке шеңбері»
Жиналыстың барысы.
1. Шаттық шеңбері. Амандасу-танысу
2. Тақырыпты хабарлау.
«Отбасы мен бөбекжайдың әлеуметтік серіктестігі»
3. Сырласайық.
Меңгерушінің баяндамасы.
4. Ақылдасайық.
Ата-аналарды топтастырып, жанұя ережесін жасауға ұйымдастыру
5. Танысайық
Ата-аналарды бөбекжайдың тәртібімен таныстыру,келісім шартқа отыру.
6. Ата-аналарды бөбекжайдың жұмыстарына қатынастыруды ұйымдастыру.
7. Тренинг « Ойымызды біріктірсек..»
8. Қорытынды.
Қаулы қабылдау.Жиналысты жабу.
9.«Жүректен-жүрекке.» шеңбері.
1.Шаттық шенбері
Шенбер болып тұрайық,жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Әрқайсымыз отбасымыздың берекесі, өзіміздің жалғасымыз балаларымыз. Олай болса «Мен тілеймін ұрпағыма...» -деп бастап өз балаңызға деген лебізіңізді білдірсеңіз.
-Көп рахмет. Орындарыңызға мынадай топ ерешеліктерімен отыруға рұқсат
1 топ: «Бөбекжайға алғашқы болып келген балалардың ата-аналары»
2топ: «Бір жылдан бері қатысып жүрген балалардың ата-аналары.»
3топ: «2-3 жылдан бері қатысып жүрген балалардың ата-аналары.»
2. Тақырыпты хабарлау.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Отбасының рухани байлығы»
Қаралатын мәселелер:
-
Бала тәрбиесіне отбасымен бөбекжайдың бірігуі.
-
Бөбекжайдың ішкі күн тәртіпбімен танысу.
-
Ата-аналармен «Келісім шарт» жасасу.
- Алып қосарларыңыз бар ма?
- Жиналыс бір ауыздан «ашық» деп жариялансын.
Алдымен бөбекжайдың педкадрларымен, медбикесімен таныстырып өтеді.
3.«Сырласайық» меңгерушінің баяндамасы.
Құрметті ата-аналар, бөбекжайда қолданып отырған тәрбие құндылықтарына тоқтап өткім келеді.
Эрнст Легуве «Тәрбие берудің міндеті-балалардың ата-анасыз бола алатындығы»-деген. Бөбекжайдың, қоғамның тәрбиесіне еніп кетуі үшін бүгінгі таңда педагог кадрлар көп жұмыстануда.Соның бірі, бөбекжайда өзін еркін ұстап,ортаға беймделуін қалыптастыру. Сол себепті тәрбиешінің баламен қарым-қатынас жасай білуі, олардың дара ерекшілігін, ішкі сезім дүниесін тани, көре білуі, өздігімен дербес әрекет жасауына, қимыл әрекетін дамытуға бағыт беру керек. Әр баланың табиғатына тән қызығушылық, құштарлыұ әрекетін қанағаттандыруға ата-аналрмен байланысты жұмыстар жүргізеді. Отбасын сүйе білуге балаларды тәрбиелей отырып, «Кім қымбат?»-деген сұраққа
-Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауын әкең қымбат,
Аймалайтын апаң қымбат.-дейміз. Бүлдіршіндеріміздің бұл қиын қызықты уақыттарында, бөбекжайда да ұйде де көңілге бөліп,шыдамдылықпен жылы ілтипатпен қараған дұрыс. Ата-аналар мейірімдерің үстем болсын! Отбасыларыңызға махаббат өрлесі! Естеріңізде болар «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.»-деп айтылған. Бүгінгі таңда бүлдіршіндерімізді тәрбиелеуде бұл басты мақсат болып отыр.
«Ата-бабадан қалған мұра-бүгінгі бала тәрбиесінде» баяндамды назарларыңызға үсынамын; (интернет жүйесінен алынған)
Адамның өмірлік тәжірибесі, бастан кешерлері аса мол. Ең парасатты тәжірибе-әрине халық түйген тұжырымдар,ғасырлар бойы зергерлікпен, ұқыптылықпен сұрыптаған үрдістер.
Қазақ халқы да ежелден балаға болашағым деп қарайды. Игі де зор үміт артады. Әр ата-ана арманын ұрпағына аманат ғып тапсырады.
Бөбегің қуанышын, мақтанышын.Бала-адамның бауыр еті. Балалы үй-базар,баласыз үй –мазар. Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры.Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі.Отбасының басты қызығы, алтын діңгегі-бала. Бесіксіз үйде береке жоқ. Ата-бәйтерек,бала-жапырақ. Ұядай жол бастауы-отбасы.Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы бөлек.Ұлы туғанға –күн туған. Қызы бар ұйдің- қызығы бар. Ұл беске келгенде қолға ұстаған қобызын,ұл бестен асқан сон, тіл алмаса-доңызын. Балаға кішкентайдан үздік тәрбие бер. Ағаға қарап іні өсер. Әр жақтын, әр мүшелдің өзіне лайық мінезі болады. Адамға өткен дәуір-бәрі сабақ. Жеті атасын білмеген-жетіліктің белгісі. Адамның жан дүниесі жүре келе ашылады. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер.
-Қүрметті ата-аналар не байқадыңыз менің баяндамамнан? (сөйлем түгелдей мақал-мәтел мен ақыл сөздерден құралған)
Бүгінгі баяндамамды ерекше түрде әзірлеген едім.Бүнің бәрі ата-бабамыздан келе жатқан тәрбие көзі.
Әуеле өзің үлгілі бол,ұрпағын сонда ғана өнегелі болады. Ұяда не көрсен,ұшқанда соны ілесін. Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет. Өнегенің өрісі кең. Адам өз ортасына қарап өседі. Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю.Баланың тентек болатыны үйден, ердің тентек болатыны биінен. Үйреті ұлкеннен,ұйрену кішіден.
Баланың аты-бала. Ол білместікке ұрынбай тұрмайды.Ата-балаға сыншы. Баланың балалығына әкенің даналығы бар болуы керек. Баланың мінезіне байбалам салмай сараптап ал. Жасы үлкенді сыйла,құрметте,одан ұйрен. Өзіңе дейінгіні сыйламасан, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды.Бұл аталар ескертпесі кіші буынға қалдырған.
Адамгершілік саналығы ата-ананың, отбасы мүшелерінің сыйласуы, сенісуі, татулығы мен ынтымағы, бір-біріне талап қоя білуі, әрқашан әділ болуы, өзара қамқор болуы осындай отбасынан білікті, іскер азаматтар өсіп шығады.
Жақсыдан жаман туса — емі
болмас,
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас

Әке-асқар тау,
Ана-ағып жатқан бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ
Тәрбие нәрестенің шыр етіп дүниеге келу сәтінен басталып, ақырғы деміне дейін созылатын толассыз процесс. Халықаралық педагогикалық жағымды қағидаларының негізінде тәрбиеленген бала жақсы адам боп шығады.
Адам ақылы мен сымбаты ұрпағымен қымбатты. Ұлы бар үйде – қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар. Бала – артта қалған із, бақыт – ұзатылған қыз. Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі ізбасарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың. Бала-қуаныш, бала – бақыт, бала – шаттық, бала – болашақ, бала – мақтаныш, бала – сүйеу, тірек.
Жаман бала өзінен кішкенені
ұрып жылатады,
Жақсы бала жылағанды жұбатады.
Ата-ана ақылды тәлімгер болуға міндетті. Баланы жақсылыққа жетелеп, жанастыр, жамандықтан адастыр. Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет. Зекіру – зердеге-у. Дәмін келтірсең дарымайтын ақыл болмас. Әдеп – отбасынан басталады. Сәлем – сөздің анасы дейміз. Амандаса білгізу де әдептілік. Әдепті бала өрге шығады. Әдепсіз бала орға шығады. Баласы бардың панасы бар, жақсы болса панасы бар, жаман болса басқа салар бәлесі бар деген екен халық даналары.
Мұғалім мен ата-ана балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті. Олар балалардың алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте аяғын жазатайым шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры болуға міндетті.
«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер» деп Конфуций айтқандай, білім мен тәрбие егіз. Балаға қатаң талап қоя біл, берген тапсырманы қарап, бақыла. Кез-келген жерге жіберіп, түнетіп, бақылаусыз қалдырма. Әрбір нәрсеге жұмсап, шаршатпа. Күш түсірме, білім алуына жол бер.
Өткір ой, биік арман қалыптасқан бала тәрбиелейік.
4.Ақылдасайық
Жиналысымызды жалғастырамыз. Дүниежүзілік атағы шыққан психолог Шри Сатья Сан Баба былай деген:
-Где любовь –там мир.
Где мир-там гармония,.
Где гармония-там взаймопонимание,
Где взаймопонимание-там нет проблем.
-осыған келісесіздер ме? Олай болса осы отырған ұжымды төртке бөлінуіңзді сұраймын. Әр топқа тапсырма бар.
Және жиналыстын басында біз топтасып отырған болатынбыз енді әр топтан араласып төрт топ шығарамыз.
1 топ- «Балаға қойылатын ата-ананың бірлік талабының зандылығы» -құру.
2 топ-«Мақтаудың маңызын білу және шегін білу заңдылығы» -құру.
3 топ- «Әр отбасы мүшелерінің еңбекке қатысу заңдылығы» -құру.
4 топ –«Ата-анамен баланың арасындағы материалдық және моралдық жағдайын тепетең бөлу заңдылығы»- құру
Әр топ 4-5 минутта заңдылықтарын құрып береді.
( топтың құрған заңдарын әр топтан бір ата-ана шығып таныстырады заң оқылып болғанан кейін тақтаға қосып отырамын)
1+2+3+4 Мінекй өздеріңіз байқамай
күнде бала тәрбиесіне қолданып жүрген заңдылықтарды ортаға
салдыңыздар, осыны дұрыс деп келістік (4
бөлеміз) 1+2+3+4:4 Егерде осы 4 заң отбасында
орындалып отырса, әке мен ана жылы қарым-қатынаста болса, бала
түлға ретінде дамығаны.=
деп баланың суретін
ілемін.
Баланы басқа балалармен салыстырмай оны толық дамуына кедергі болмау үшін, дұрыс бағыт беріп түсіндіру қажет.
5.Танысайық.
Құрметті ата-ана, бүгінгі баланың ерекшелігі тез шаршауы. Сондықтан, бәрінен бұрын режим сақтауды есіңізден шығармаңыз. Баланың үйқысы күніне 10сағаттан аз болмауы тиіс,оған қоса уақытылы тамақтануы, спорттың жаттығулары бар.Баланың эмоциалдық жағдайын жақсартуда таза ауадағы серуендер көп роль атқарады.Бұл баланың кішкентайынан бастап қоршаған ортамен жылы қарым-қатынаста болуға тәрбиелейді.
Бүгін бөбекжаймен отбасы болып «Келісім шарттқа» отырамыз. «келісім шарт»та баланың күнделікті тамақтанудың орташа бағасы, айлық жарна құны көрсетілген. Сонымен қатар бөбекжайдың қызмет режимі қаралып отыр,
ол балалар 8.50 қабылданып болатыны. Себебі бала саны алынып 9.00ге дейін қоймадан асхаға тамақ қабылданып болу керектігі.
Сонымен қатар құрметті ата-ана бөбекжайға бала көңілді келу үшін ертенгісін «Қайырлы таң!»-деп бөбекжайға еш асығысыз жиналыңыз.
Бөбекжайға келген кезде, балаға үгіт бермеңіз, өйткені ол баланы жылатып, танымен өзіңізді шаршатады және баланы әкелгеннен кейін тез кетуге тырысыңыз, қоштасып тұрған уақытта баланың көңілі бұзылады.
(Ата-аналардың «келісім шарт»қа байланыста сұрақтарына жауап беру)
6. Ата-аналарды бөбекжайдың жұмыстарына қатынастыруды ұйымдастыру.
Құрметті ата-аналар, бөбекжайда мейрамдарға арналған спорт, отбасылық сайыстар, дәріс, әртүрлі іс-шаралар өтетін болады. Осыларға тәрбиешілер шақырғанда қатысуларыңыз сұралады.Және балаларды саябаққа т.б. шараларға апаруға көліктен көмек керек болады. Аға, әкелеріміздің арасында көлікпен көмектесем дегендер болса, қатерге алар едік.
(Ата-аналардың арасынан суретші, жүргізуші,демеушілік білдіре алатын ата-аналарды анықтау.Бөбекжайда безендіруге ұйымдастыру.)
7.Тренинг
Әр адамның өзінің ойы болады, бірақ осындай кең кездесулерде бірі айтылса, бірі айтылмай қалатыны рас. Балаларымызды бірігіп тәрбиелегін ойымыз бірге болсын деген мақсатпен мына ақ плакатқа бірінші отырған адам шығып кез-келген жерінен «пішін» не болмаса «дене» суретін салсын. «Шапалақтын» дыбысы шыққанда жұмысын тоқтатады, келесі адам сол бастаманы өз ойы бойынша жалғастыратын болады. Мына столдың үстінде түрлі түсті карандаштарды пайдалануға болады.
-Қане, бастайық.
(жақсы әуенің ырғағымен, залда қатысып отырған ата-аналардан бір-де бір адам қалмай сурет салуға қатысып шығады)
-Өздеріңіз көргендей керемет сурет пайда болды. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген осыдан. Қандай да жұмысты сізбен біз болып қолға алсақ қиындығы білінбес дегенім.
8.Қорытынды.
Құрметті ата-аналар, бөбекжайдың жұмысына және педагог кадрларға сұрақтарыңыз бар ма?
Сұрақ-жауап.
Бұгінгі жиналысымыздың қаулысын алайық.
Қаулы:
-Бөбекжай ұжымы мен ата-аналардың ынтымақтастығы міндетке алынсын.
-Бөбекжайдың оқыту-тәрбиелеу бағдарламасы басшылыққа алынсын.
-______оқу жылында қабылданған балалардың ата-аналарымен «келісім шарт» бекітілсін.
( дауысқа қою. Қаулыны қабылдау)
9.«Жұректен-жүрекке» шенбері.
Ата-аналармен халық әні «Қызыл өрік»әнің айту.
(қайырмасы: Ай-ай жаным,ай жаным
Асыл жарым,
Керегі не өзіңнен басқа жанның
Жақсы перзент ата-ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата-ана ықпалында тәрбиеленген бала балабақшада өз ісіне жауап бере алады. Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік жағдайын толықтыру. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиелеу. Ата-ана отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келгеннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында, тәрбие, білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. « Саналы тәрбие, терең білім-тәуелсіздігіміздің –тірегі» деген Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін, ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, отбасы құндылықтарын бойына сіңіріп өскен, бәсекеге қабілетті, тұлға болуға маңыз береді.
Қолданылған материалдар:
Н.А.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жанғыру» мақаласы
В.А.Сухомлинский «Сердце отдаю детям»
Шри Сатья Саи Баба «Сборник цитат»

Автор: «Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі Хасанова Ф.А.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген