Тәрбие сағатының жоспары
Мерзімі: 06.09.2021 жыл
Сынып жетекшісі: Кеңес Индира Манасқызы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – тәрбие бастауы
Сабақтың мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Сабақтың көрнекілігі: Балалардың өздерінің отбасылық суреттері, плакаттар, смайлик
Сабақтың түрі: тілдесу сағаты
Тәрбие сағатының барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу,
- Оқушыларды түгендеу,
- Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіріледі.
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалімнің сөзі: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Тәрбие сағаты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) «Миға шабуыл» сұрақ-жауап (оқушыларға отбасы туралы сұрақтарға жауап береді)
2) «Жалғасын тап...» (мақал-мәтелдердің жалғасын айту)
3) «Отбасындағы менің рөлім» тақырыбында балалар өз ойларын айтады
4) « Менің отбасым» тақырыбына эссе жазу ( үйге тапсырма)
Мұғалімнің сөзі:
Отбасым - менің жүрегім,
Отбасым - менің тірегім.
Отбасым – менің Отаным,
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
2.Миға шабуыл (сұрақ - жауап):
1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?
2. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?
4. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Отбасының ұйытқысы кім?
6. Отбасының басшысы кім?
7. Отбасы бақыты деген ол?
Мұғалімнің сөзі: Қазіргі заманғы отбасының ұрпақ тәрбиесімен шыңдап айналысуы ата-ананың білім және мәдени деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Отбасы тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса,баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру,оның тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады.
2. «Жалғасын тап» мақал-мәтелдер
1.Атаңның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8. Әке – асқар тау,.............................( ана – шалқар көл)
ІV. Қорытынды
3. «Отбасындағы менің рөлім» тақырыбында балалар өз ойларын айтады
Үйге тапсырма: « Менің отбасым» тақырыбына эссе жазу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы-тәрбие бастауы

шағым қалдыра аласыз