Қордай ауданы
Бетқайнар ауылы
№27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта жалпы
білім беретін мектебі КММ
Тақырыбы
Отбасы –тәрбиенің қайнар көзі
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Алишева Шынар Кулисбековна
Отбасы –тәрбиенің қайнар көзі
Жоспары:
І КІРІСПЕ
Отбасы- тәрбиенің қайнар көзі
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Бала тәрбиесі ата-ана айнасы
2. «Бала тәрбиесі – басты байлығың, кешіксең қайғы -мұң» (Абай)
3. «Бала тәрбиесінің көзі еңбекте...» (Ж.Ж.Руссо)
4. «Болса тәртіп,бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» Жүсіп Баласағұн
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
«Ата-ана, бала, мектеп» үштік одағы
Кіріспе
Отбасы... Бұл сөздің астарында қаншама жылылық, қаншама жүректі тербер сезім, қаншама естеліктер жатыр. Осы сөзді естігенде кез келген адамның бойында ерекше сезім болары анық. Біреулер балалық шағына серуендеп кетсе, енді біреулер ауылдағы ата – анасына сағынышы кеудесін кернейді. Яғни, отбасы сөзінің құдіреті шексіз.
Отбасы –тәрбиенің қайнар көзі. Баланың шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, қаз-қаз тұрып, қанат қағып ұясынан ұшқанға дейінгі аралықтағы тәрбиенің қайнар бұлағы. Тіпті есейіп кетсе де, ата- аналарымыз ақыл кеңесін айтқаннан жалыққан емес. Бұл қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жайдан жай қарамайтындығын білдіреді.
Негізгі бөлім
Ғалым Ш.Ахметов өз зерттеулерінде негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке –шеше баласына «әдепті бол» дегенді міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, олардың ақыл кеңестерін бойларына сіңіре білуді үйреткен. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе, қарып –қасірлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ) бетіне баспа деп үйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса деп ерінбей –жалықпай айтып отырған. Байқап қарасақ, ата-ана баласын есін біле бастағаннан ақыл тоқтатқанға дейін тәрбиенің нәрімен сусындатып отырған. Осы ақылды тыңдап өскен аға ұрпақ өкілдері адамгершілік тұрғыдан тәрбиенің жоғары сатысында тұрды десек, артық айтпаған болар едік. Өкінішке орай, жаңа ғасырға аяқ аттағаннан бастап бала тәрбиесіне деген көзқарас басқа бағытқа қарай бұрылғандай болып көрінеді.
Қазіргі кезде психолгтарға жүгінетіндер көбейген, бала бойынан бір оғаштық байқасақ болды, ол баланы психолог маманға бағыттаймыз. Бала байында сәби кезінен қалған жан дүниесінде жарақат бар дегенді алға тартамыз.
Абай атамыз да бала тәрбиесі мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Осындайда ұлы Абайдың оныншы қарасөзі еске түседі. «Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, мұны берем» деп. Баста балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңы... балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта» деп біреуді боқтатып: «кәпір-қияңқы, осыған тимеңдерші» деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, «хат таныса болады» деп, «қу, сұм бол» деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп тірі жанға сендірмей, жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?!» – дейді. Абай атамыз тағы да «Бала тәрбиесі – басты байлығың, кешіксең қайғы -мұң». Демек, бала тәрбиесі кезек күттірмейтін кейінге қалдырып қоятын мәселе емес. Яғни, батыстық психологтардың «Бүгінгі күнің –ертеңгі болашағың» деген тұжырымына сай келеді. Сонымен қатар, француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо: «Бала тәрбиесінің көзі еңбекте, тәрбиені отбасындағы еңбекке үйретуден бастау керек»-деген. Бұл да шындыққа жанасады. Біз баланы жұмыс жасатуға көп көңіл бөле бермейміз. Олардың жасаған жұмысын місе тұтпаймыз, істей алатынына сенім артпаймыз. Бізге адам жалдап, тезірек бітіруді ойлаймыз. Біз негізі үнемі асығып жүретін қоғам болып кеткенбіз. Еңбек те баланы шынықтырады, жауапкершілікке үйретеді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, 19 қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»-деп ақыл- естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп жазды.
Жалпы қазақтың ұлы тұлғаларының ешбірі бала тәрбиесі мәселесін естен шығарған емес. Өз шығармаларында арнайы қалам тартқан.
Момышұлы айтқан ұлағатты сөзі еске түсіп отыр: «Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқaмын. Үшінші, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ». Бауыржан атамыздың сол кездегі қорқынышы бүгін орындалған сияқты. Қазіргі ата-аналар балаға деген жауапкешілікті материалдық жағдайымен шатастырып алған сияқты. Қарны тоқ, киімі бүтін , қалаған затын алып берсек болды ата-ана міндетімізді атқарып жүрміз деп есептейтіндер қатары күннен күнге көбейіп келеді. Бұл шын мәнінде қорқынышты құбылыс. «Болса тәртіп,бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастамасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Демек, қарны тоқ, киімі бүтін болуы бұл ата –ананың бала алдындағы жауапкершілігінің басы емес екендігін көрсетеді. Баланың сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі, әдеті, тәртібі, бар болмыс бітімі үшін ата- ана жауапты екенін сезінуі керек. Сонда ғана бала тәрбиесіне көңіл бөлген болып саналады. Алайда қазіргі уақытта ата-аналардан бұндай жауапкершілікті аңғару өте сирек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, бала тірбиесі нәзік гүл сияқты, кішкене мүлт кетсең сабағы не күлтесі үзіліп кететіндей өте нәзік процесс.
Баланы тәрбиелі де, саналы
азамат етіп өсіргіміз келсе,ең алдымен өзіміз кіршіксіз
таза,тәрбиелі азамат болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың
бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың
болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ.Қазыргі кезде баланың дамуына,
жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани байлыығының молаюына
ата-анамен бірлесіп еңбек ету,ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін
жетілдіре отырып, тығыз қарым-қатынас орнату ең басты мәселелердің
бірі болып табылады.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз
байланыс арттыру және мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің
жолдарын көрсету бала тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеу
сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал етеді. Ата-ана мен мектеп
арасындағы өзара байланысын нығайту жолдарын жақсартуға
төмендегідей нәтижелерге жетеді.
Ата-ананың педагогикалық
мәдениеті жетіледі; мектеп өміріне белсенділік танытады; өз
баласының дұрыс дамуы үшін ата-ананың тәрбиелеу мен білім беру
саласындағы қажеттілігі анықталады; ұл, қыз тәрбиесіне
жауапкершілікпен қарауға көңіл
бөлінеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. « Қазақ тәлім-тәрбиесі» Қ.Жарықбаев, С.Қалиев «Санат» баспасы 1994 ж
2. «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы https://adebiportal.kz
3. Абай қара сөздері https://abai.kz
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз