Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы татулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасының татулығы жайында түсінік беру мақсатында сабақ жоспарымды жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзiмі:

Тақырып: Отбасы татулығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, қамқорлық, мейірімділік

Мұғалiм:

Сынып 5

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:. Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларғаотбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстырып отырып ұғындыру.

Дамытушылық: Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды отбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

17 сабақ «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» мәтінін сұрақтар арқылы сұрау. 72 бет

Сұрақтар:

  • Дәрігер Болаттың іс - әрекетіне неліктен риза болды?

  • Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді?

  • Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?

  • Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.

Халық нақылы

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Ана алдында құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әке алдында құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ата – аналарына деген сүйіспеншілікті қалай білдіріп жүрсіңдер?

  • Өздерің ата-аналарыңа қандай құрмет жасап жүрсіңдер?


5.Әңгiмелеу. «Сүйіспеншілік»



Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,-дейді. Оң жақтағы досым - Байлық, сол жақтағы досым - Сәттілік. Менің атым-Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

- Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреуімізді ғана шақыртуға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтыңыздар ,- депті.

Сендер болсаңдар қайсысың шақырған болар едіңдер? Оқушылардың жауабын тыңдап, әңгімені әрі қарай жалғастыру.

Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтыпты. Үй иесі оған қандай жақсы болды біз байлықты шақырайық - депті. Әйелі жоқ Сәттілікті шақырсақ қайтеді депті. Екеуі ортақтасып, мынандай шешімге келіпті: Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз.

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға қарап: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,-депті.Сүйіспеншілік орнынан тұрып, үйге қарай беттесе, соңынан жолдастары да ере барыпты. Әйел таң қалып, сіздер тек біреуіміз ғана барамыз деп едіңіздер ғой!

Қариялар:

- Егер тек Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ,сіз Сүйіспеншілікті таңдадыңыз, сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек деп жапуа беріпті.

Өйткені Сүйіспеншілік жүрген жерде біз Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз деген екен.

Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады

Сұрақтар:

  • Аңыз әңгіме бойынша қандай ой түюімізге болады?

  • Үй иесімен әйәлі неліктен сүйіспеншілікті тандады деп ойлайсыңдар?

  • Сүйіспеншілік құндылығы туралы не айта аламыз?

  • Өздерің қайсысын таңдар едіңдер?



6.Шығармашылық жұмыс.

1 – тапсырма бойынша балалар төмендегі тірек сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырады. Қажетті тірек сөздер: мейірімділік, сыйластық, татулық, сүйіспеншілік, қамқорлық.

Дәптермен жұмыс.

2 – тапсырмада оқушылар мақал – мәтелдерді жалғастырып жазады.

Атаға қарап - ұл өсер, ...........

Атаның баласы болма, ............

Ұяда не көрсең, ...........

Ата көрген оқ жанар, .........

Ананың сүті - бал, .........

Ө

7.Топпен ән айту. «Ақ мамам»

Сөзі: Ф.Оңғарсынованікі

Әні: А. Асановтікі


8.Үй тапсырмасы.

18 сабақ «Ағаның хаты» мәтінін оқу . 74 бет


9. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1064
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12