Отбасылар сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала мен ата-арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін өткізілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Shape1































Тақырыбы: «Отбасы – өмір аясы»

Мақсаты:

Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.





Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Отбасы – өмір аясы» байқауына қош келдіңіздер!

Баланың бас ұстазы – ата-ана.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек. Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл , анадан мейірім алады .

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

Бүгін міне осы отбасы арасындағы татулықты, өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар. Олай болса, осы сайысымызға қатысатын аналары мен балаларын ортаға шақырайық.

1. Анасы ............................................ мен қызы .....................................................

2. Анасы ............................................ мен қызы .....................................................

3. Анасы ............................................ мен қызы .....................................................

4. Анасы ............................................ мен қызы .....................................................


Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар

1.........................................................

2.........................................................



Сайыс бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады:
1–бөлім:Таныстыру

2–бөлім:Сұрақ – бізден, жауап - сізден

3-бөлім:«Аялы алақан».

4-бөлім:«Қылқалам шебері»

5-бөлім: «Менің балам қандай?»

6-бөлім: «Бала, балапан»



Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 - бөлім — Таныстыруға кезек береміз


Жүргізуші:

2–бөлім:Сұрақ – бізден, жауап - сізден


Аналарға ситуациялық сұрақтар қойылады.

1-СҰРАҚ. Балаңыз сыныпта үлгілі оқушы. Жыл сайын мақтау қағазын алады. Балаңыздың жақсы білім алуына бар жағдайды жасау мақсатында оған сыйға компьютер алып ғаламтор орнаттыңыз. Балаңыз сабақтан келгеннен кейін бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі сабағының нашарлағанын, мінезінің қатты өзгергенін, сыныптастарымен мүлде қосылмайтынын ескертті. Сіз қандай шара қолданасыз.


2-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз кішкентайынан дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз,сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз. Балаңыз сізді ренжітпеу үшін үйірмеге барады. Ол үйірме жетекшісіне өнерді ұнатпайтынындәрігер болғысы келетінін айтты және мұғалімі сізге баяндады.Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз.


3-СҰРАҚ. Сіздің балаңыз үйдің кенжесі ерке бала.Сабақ оқығаннан гөрі ойынды жақсы көреді.Ол математика пәнінен үй жұмысын орындамай 2деген баға алды. Бар жағдайға балаңыз кінәлі екенін білдіңіз. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?


4- СҰРАҚ. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?


5 сұрақ. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?





Жүргізуші:

3-бөлім:«Аялы алақан». Бұл аналарға арналған сайыс. Бұл кезеңде әрбір ана байлаулы көзбен алақанымен сипап-сезу арқылы өз баласын тануы тиіс.


Жүргізуші:

4-бөлім:«Қылқалам шебері» «Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп «Біз бақытты отбасы» тақырыбында шағын сурет салады. Алдарыңызға сурет құралдары беріледі.


Жүргізуші:

5-бөлім: «Менің балам қандай?» Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек.


Жүргізуші:

Сен бар жерде керегем кең сияқты,

Кең  сияқты, терезем тең сияқты.

Ешкім мені дәл сендей еркелетіп,

Жұбата да алмаған сен сияқты.

6-бөлім: «Бала, балапан» Аналар балдарына қадам бойынша еркелетін сөздерін айту керек






Жүргізуші:

Ата - аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.


Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттайды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі