«Отбасылык құкық ұғымы және негізгі бастаулары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Отбасылык құкық ұғымы және негізгі бастаулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

М



КЕЛІСІЛДІ

колледж әдіскері:

___________ Н. Тогайбаева

«____»_____________20___ ж.


ерзімі: 08.11.2018

Топ. ЕжА 17-09к

Сабақтың № : 10

Тақырыбы: «Отбасылык құкық ұғымы және негізгі бастаулары»

Сабақтың мақсаттары:

білімдік: Оқушыларға отбасы құқығы, қайнар көздері, қағидаттары, некелесу, некені бұзу, отбасындағы ерлі-зайыптылардың, балалардың құқықтары мен міндеттері, неке шарты туралы түсіндіру.

дамытушылық: Құжаттарды, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

тәрбиелік: Оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, отбасылық құндылықты ұғынуға, мейірімділікке, имандылыққа, намысшылдыққа, қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ОСКТ технологиясы бойынша интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс, хронологиямен жұмыс, картамен жұмыс, сызбамен жұмыс.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а) оқу-көрнекілік құралдар: «Адам.Қоғам.Құқық» оқу құралы, карта, интерактивті тақта, тірек-сызбалар, суреттер ҚР Конституциясы, ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі, слайд.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелер

в)ТОҚ/ТСО «Электронды оқулық»

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, қоғамтану, мәдениеттану.

Қолданатын әдебиет:

Негізгі:

1.Ә.НысанбаевМ.ИзотовМ.Сабит.Адам қоғам құқық. Оқулық 10 -сынып.Алматы: Мектеп, 2014

2. Ә.Нысанбаев, М.Изотов, М.Сабит. Адам және қоғам.Окулык 11-сыныпАлматы: Мектеп, 2014

Қосымша:

1. Мультимедиялық кабинет

2. Электрондық оқу құралдары:

3. Электронды әдістемелік жүйе

3. Электронная библиотека по правам человека

4. Әбдікерова Г. Әлеуметтану Алматы 2012

5. Кестелер

Өз бетінше жұмыс: Топпен жұмыс, постер құрау, презентация қорғау және сөз жұмбақ шешу.

Сабақтың жоспары:

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгелдеу.

Білім алушылармен амандасу, аудиторияның тазалығы мен дәріс өткізуге қолайлылығын тексеру, білім алушылардың сабаққа қатысын түгендеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақты бастау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сұрақтар:

  1. Саяси элита деген не?

  2. Саяси көшбасшы туралы түсінік, жетекшіліктің типологиясы.

  3. Саяси көшбасшының көрінісі , коғамдық санадағы құрылымы және қолдау.

  4. Қазақстан азаматтары кұкығы мен бостандықтарын жүзеге асыру және корғау деген не?

  5. Адам құқығын халықаралык-құқықтық қорғау деген не?

  6. Адам құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-кұкықтық актілер.

  7. Еңбек шарты деген не?

  8. Еңбек шартын бекіту және бұзу деген не?

  9. Кәмелетке толмағандар еңбегінің ерекшеліктері қандай?

  10. Жұмыс және демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік деген не?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

«Ой шабуылы» жаттығуын өткізу. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз:
-    мен еңбекке араласқанда , ең алдымен ... ( жауабы -  еңбек қатынастарына түсемін).
-    менің ойымша, еңбек жағдайының болуы....( жауабы – бұл менің материалдық жағынан қанағаттануыма және өз еңбегімнен рақат табуым).
-    маған жұмыс уақыты мен демалыс уақытын алдын ала білген дұрыс, себебі... (жауабы- бұл мені еңбек тәртібіне, жауаптылыққа, өз уақытымды үнемдей білуге үйретеді)
-    мен еңбек етуге қатысты құқықтарым мен міндеттерімді білу үшін ... (жауабы- Еңбек заңы туралы білімім болу керек).

ІV. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Жоспар

  1. Отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық кұкықтың принциптері.

  2. Неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату.

  3. Ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары.

1. Отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық кұкықтың принциптері. Сіздер неке,отбасы деген ұғымдарды күнделікті өмірде жиі естисіндер. Отбасы дегенде әрқайсымыздың ойымызға әке-шеше,туыс-бауырларымыз, қамқор адамдардың жылы лебіздері кіреді. Отбасы деген не? Оның құқықтық негізі қандай?-деген сұрақтарға көп ойлана бермейтініміз рас. Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қ.Р-да да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.

Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы” туралы заңы 1998 ж. 17 желтоқсанда №321-I қабылданды. Ол 7-бөлім, 28-тарау, 213-баптан тұрады.

1998 жылы Қ.Р. «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жеке бастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы.

Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкім де күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізгі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады.

Отбасы  қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар:

  1. Отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;

  2. Өмірге ұрпақ әкелу қызметі. Слайд Отбасы туралы

2. Неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату. Неке сарайларында салтанатты жағдайда тағдырларын біріктірген екі азамат жаңа отбасының дүниеге келгенін жариялайды. Бұл екі адам үшін және оның туыстары үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін маңызды оқиға. Осы сәттен бастап мемлекеттің отбасы алдындағы, отбасының мемлекет алдындағы құқықтық кезеңі басталады. Қ.Р Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылған неке ғана заңды деп танылады. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынған. Бұл тыйым салу неке заңында да көзделген. Неке, тілек білдіруші адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілері тіркеу органдарында қиылады. Некені қию тілек білдірушілердің азаматтық хал актілерін тіркеу органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Некеге отыру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау қажет. Аталған шарттардың оң және теріс деп  бөлу қабылданған, яғни некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі тиіс.

ҚР-сының «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке 18 жас деп белгіленген. Дәлелденген себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орындары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге кемітуі мүмкін. Мұндай себептер қатарына, әйел адамның жүктілігі немесе дүниеге сәби әкелуі, ерлердің әскер қатарына шақырылуы, т.б. жағдайлары жатады.

Мұндай некеге тілек білдірушілер мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісім бергенде рұқсат етіледі.

Некеге тұрушылар заңды түрде ерінің немесе әйелінің тегіне өтуге құқылы. Некені күштеп, қорқытып немесе басқада жағдайлармен мәжбүрлеп қиюға жол берілмейді.

ҚР- сының  «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол бермейтін адамдар санаты берілген:

- Біреуі  болса да басқа некеде тұрған адамдардың арасында
- Тікелей ататегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың  ата-анасы бір немесе бір әкелі, ортақ аға-қарындасты, апа-інілер арасында
- Асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасында
- Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында

Некеге тұру тәртібі. Жоғарыда айтылғандай неке, ниет білдірген адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады.

Еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің некесін тіркеу аталған мекеменің орналасқан жерінде жүргізіледі.

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» жарлығына сәйкес шетел азаматтары да ҚР азаматтарымен тең негізде тұруға, тоқтатуға құқылы.

Некеге тұрғысы келетін адамдардың біреуі ерекше жағдайларға байланысты АХАТ органына келе алмаған жағдайда неке сол адамның тұрғылықты жерінде қиылуы мүмкін.

Мысалы, азамат А. ауыр науқастанып қалуына байланысты АХАТ органына келуге мүмкіндігі болмады. Мұндай жағдайда заң некені «Неке және отбасы» туралы заңның нормаларын сақтай отырып, емдеу мекемесінде, үйінде, т.б. осыған сәйкес орындарда тіркеуге рұқсат етеді.

Некені тіркеу органына өтініш бергеннен кейін аталған некені тіркеуге кедергі болатын жағдайларға байланысты шағым түсетін болса, Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАТ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Бір айлық мерзім белгілеудің маңызы үлкен.

АХАТ органдарына арыз бергендердің 10-12%-ы тіркеуге келмей қалатыны, осы органның тәжірибесінде жиі кездесіп жүрген құбылыс. Бұл жастардың неке құруға атүсті қарауынан туған жағдайлар болуы мүмкін. 1 ай мерзім өмірлік маңызы бар мәселені жан-жақты ойланып шешуге қажетті шарт. Дәлелді себептер болған жағдайларда некені тіркеудің жергілікті мемлекеттік органдары некені мерзімінен бұрын тіркеуге немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

Күнделікті өмірде әр түрлі оқиғалар кездесіп жатады. Осындай ерекше жағдайларда (тараптардың біреуінің өміріне қауіп төну, дүниеге сәби әкелу, жүктілік, т.б.) некені тіркеу өтініш берілген күні де жүргізілуі мүмкін.

3. Ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары. Неке — отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілікигілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.

V. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

І. Сұрақтар

1. Неке және отбасы ұғымы
2. Отбасылық қатынастар ұғымы
3. Некеге тұру тәртібі қандай?
4. Некеге тұру шарттары қандай?

ІІ. Күнделікті көрініс

Рауан: Әділ, бүгін Ғанидың баласының тойы ғой, білесің бе?

Әділ: Ия, ия, айтпақшы Болаттар бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Рауан:Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Әділ: Кеттік, жолшыбай Алматқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Рауан: Алмат, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Алмат: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Рауан: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.

Алмат: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.

Рауан: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!

Әділ: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Сұрақ:

1. Отбасылық тәрбиенің осы көріністе орны бар ма?

2. Сендердің іс-әрекеттерің қалай болар еді?

VІ. Сабақтың қорытындысы:

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев





 INSERT әдісі.

Білемін


Не білдім?


Не білгім келеді?








Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?

Бағалау:  Сабаққа жақсы қатысқан, белсенділік танытқан оқушыларды топ басшылары бағалайды. Оқытушының ұйғаруымен сәйкес бағамен оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы: оқулықпен жұмыс, конспект жазып, толықтырулар енгізу. «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбында реферат жазып келу.


Оқытушының қолы/Подпись преподавателя _________________


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі