Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Отбасылық ғұрыптар" 5- сынып Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ғұрыптар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІІ бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Мерзімі 19.10.2018 ж.

Сабақтың тақырыбы : Отбасылық ғұрыптар

Мұғалім: Ә. А. Тукеева

Сынып: 5 қазақ тілі

Қатысқандар- Қатыспағандар-

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні) көтерілген мәселені түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап бере алады, тілек сөздердің эмоциясын ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ән мәтініндегі сөздерден буын, дыбыс үндестігін ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтінді оқып, түсінгенін айтып бере алады, ұлттық дәстүрлерге түсініктеме бере алады.

Бағалау критерийлері

Буын және дыбыс үндестігін ажыратады,

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Видеодан «Тойға тілек» деген ән мәтінін тыңдап, көре алады. Ән мәтініндегі сөз қолданыстарының мағынасын ашады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шымылдық, абысын

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Абысын тату болса, ас көп, дүниенің шымылдығы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасылық ғұрыптар дегенді қалай түсінесің?

  • «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп» деген мақалдың мағынасы қандай?

Ишара: жест, ым-ишара, қол сигналдары

Құндылықтарға баулу

Тіл, мәдениет, ұлттық құндылықтар

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Отбасылық ұлттық дәстүрлер туралы ақпараттар көзі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс

тар

Басы 5минут

.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.


Қызығушы

лықты ояту

Психологиялық ахуал

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.


- Осындай бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан отбасындай болып сабақта белсенділік танытайық.


Ортасы

30минут

1-4-тапсырма

















Ойтүрткі

1. Отбасылық ғұрыптар дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Абысын тату болса, ас көп,

Ағайын тату болса, ат көп»

деген мақалдың мағынасы қандай?

«Бейнежазба» әдісі.

Видеодан «Тойға тілек» әнін тыңдайды. Қазақ халқының қандай қасиетін жырға қосқаны туралы талқылау жүргізеді.

Топқа бөліну:

І топ- туыстық атаулар-әже, ата, ана, апа;

ІІ топ- отбасылық ғұрыптар- бесікке салу, шілдехана, қырқынан шығару, тұсаукесер;

ІІІ топ-мақал-мәтелдер арқылы бөлінеді. Анаңа ауыр сөз айтпа. Ананың алды-ақ жайлау. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Әйел-үйдің ажары, бала- үйдің базары.

Үш топқа бірдей тапсырма беріледі.

1-тапсырма. Ән мәтініндегі мына сөз қолданыстарын «Қосжазба» күнделігіне салып түсіндір.

Сөз қолданысынан үзінді

Түсініктеме

Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын


Қызығын да, қайғысын да ән-күйменен бөліскен


Бөліп жеген бір үзім нан, көжесін де бөле ішкен


2-тапсырма Көгершіндер сәлемдемесі» әдісі. (ЖЖ)

Ән мәтініндегі тілек сөздердің қандай мағынаны білдіретінін парталасыңа дәлелде.

Ширату жаттығуы.

Білетіндерден бесік жыры сұралады.

\\\\\\\ Оқулықтағы мәтін оқылады.

1-топ.«Төрт сөйлем» әдісі.(ТЖ)

Пікір: Мәтінге қатысты пікірлерін білдіреді.

Дәлел: Пікірлерін бір сөйлеммен жазады.

Мысал: Өмірмен байланыстырады.

Қорытынды: Қанатты сөзбен түйіндейді.

ІІ топ. «Қос диграмма» әдісі.

Сәбилік ғұрып жырлары мен Үйлену ғұрпына қатысты жырлардың ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін жазады.

ІІІ топ. Сахналық көрініс көрсетеді.

ҚБ «Қиын. Құнды. Қызық әдісі

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1-топ.

Мәтінге қатысты пікір жазады


-Мәтінге қатысты пікірлерін білдіреді.

-Пікірлерін бір сөйлеммен жазады.

-Өмірмен байланыстырады.

-Қанатты сөзбен түйіндейді.



ІІ топ.

Диаграммаға салады

- Ерекшеліктерін жазады

- Ортақ қасиеттерін табады

- Ойларын түсінікті жеткізе алады

-


ІІІ топ.

Сахналық қойылым көрсетеді

- Сахналық қойылымды ұтымды құрастыра алады

- Отбасылық ғұрыптар туралы айтады

- Рөлдерді сомдайды

-Дауыс ырғағын келтіреді








Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ- мен байланыс

Бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қою арқылы кедергілердің алдын аламын.

Сабақтың өн бойында комментарий арқылы, «Үш шапалақ» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар не үйренді?


Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)


Уақытты қалай пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді

(оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12