Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 

Мұғалімнің аты:

5-сынып

3-бөлім, 1-сабақ

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы отбасылық мерекелер тақырыбын болжау.

Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттердің) желісі бойынша отбасылық мерекелер туралы әңгіме құрастыру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар ұсынылған суреттер бойынша сабақ тақырыбының, мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді табады.

Оқушылардың көпшілігі сюжетті сурет пен мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады.

Кейбір оқушылар тақырыптағы негізгі ойды анықтайды, өз пікірін білдіреді. Суреттер ретімен тақырыпқа сай әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтінге қатысты иллюстрациялар мен тірек сөздерді пайдалана отырып мәтінді болжайды.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Той бастар, отбасылық мерекелер, қыз ұзату, той жыры, әдет-ғұрып, отбасы.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Отбасылық мерекелер дегенді қалай түсінесіздер?

2. Отбасылық мерекелер деп қандай мерекелерді айтамыз?

3. Сіздер отбасыларыңызбен қай мерекені жақсы көріп тойлайсыздар?

4. Не себепті ол мереке сіздер үшін отбасылық болып саналады?

Алдыңғы оқу

Оқушылар иллюстрациялар арқылы отбасы туралы әңгімелей алады, болжам жасау жолдарын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру.

А) Шаттық шеңберін құру

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Міне, сендермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй бөлшектері сияқты біздің сыныбымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. 

Б) Оқушылар «Уық», «Кереге», «Шаңырақ» суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. «Уық»

2-топ. «Кереге»

3-топ. «Шаңырақ»


Кеспе қағаздар, түрлі-түсті суреттер.


Тыңдалым алды тапсырмасы:

Оқушыларға суретті кесте беріледі.Сол суреттердің жанына тірек сөздер жазу және ортақ тақырып қою арқылы жаңа тақырыпты болжайды.

«Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні»

Тақырыпты анықтауға арналған критериалды бағалау парақшасы


Тыңдалым тапсырмасы:

1-тапсырма.

«Той бастар» жырын аудиотаспадан тыңдайды. Жырдың тәрбиелік мәнін «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы айтады.

Мысалы:

Менің ойымша, «Той бастар» қазақ халқының ұлттық салтын көрсететін жыр.

Себебі, мен оны атам заманнан ата-бабаларымыздан бізге жеткен жыр екенін білемін, түсіндіремін.

Тойбастар жыры қазіргі күні отау құрған жас жұбайлардың тойында айтылатын болса, бұрын оны қыз ұзатқанда айтатын болған. Мен оны мына жыр жолдарымен дәлелдеймін:

Егіліп сен жылайсың: «Елім-ай!» - деп,

«Құрбылас, ойнап-күлген теңім-ай!», - деп.

Бұл жыр маңызды, осыны ескере, мен халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін сақтауымыз керек деген шешімге келдім.

Оқушылардың жауаптары әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.

ҚБ

Егер жауап дұрыс және нақты болса;

Егер жауабы дұрыс, бірақ нақтылықты қажет етсе;

Егер жауабы толықтыруды қажет етсе.

2-тапсырма:

«Суреттен суретті өрбіту» тәсілі арқылы суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңдар.

























Сергіту сәті.

«Жаңбыр тамшылары»

Бір-бірлеріңнің соңыңнан шеңбер жасап тұрыңдар. Джунглида жүрміз деп елестетіңдер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңіз)

Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз)

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасынт саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыз)

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз)

Тағы да нөсер жауын жауды

Ұсақ жаңбыр сіркіреді...

Дауыл соқты...

Жел соқты...

Жел басылып келеді...


Кітаппен жұмыс

I топ

5-тапсырма. Төмендегі сөздердің қосарланып айтылатын сыңарын тауып, осы қос сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Кәрі- , той- , табақ- , салт- , ән- . Мысалы: Бүгінгі салтанатты тойға барлық кәрі-жас қатысты.

II топ

6-тапсырма. Тойға, қуанышқа, отбасылық мерекеге қатысты мақал-мәтелдерді жалғастырып жаз.

  1. Жақсы сөз – жарым ырыс

  2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл

  3. Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз

  4. Той сылтауымен тон бітер

  5. Берекелі жерден мереке кетпейді

  6. Батыр жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар

  7. Тойдың болғанынан боладысы қызық

  8. Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де, қойға бар

III топ

8-тапсырма. «Бесік жырын» айту қазіргі қазақ дәстүрінде бар ма? Төменге пікіріңді жаз.

ҚБ


Сабақтың соңы



Кері байланыс

«Бес саусақ» тәсілі арқылы жүргізіледі.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе (дағды) алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақта мадақтау арқылы оқушыларға қолдау көрсетіп, ынталандырып, өзіне деген сенімділігін арттыру үшін топтық тапсырмаларды бірлесе, ынтымақтаса талқылауына, ықпал жасалады. Оқушылардың білім деңгейлері ескеріледі.


Қалыптастырушы бағалау геометриялық фигуралар, арқылы жүргізіледі. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.


Пәнаралық байланыс – этнопедагогика, тарих. «Суреттен сурет өрбіту» тапсырмасын орындау барысында АКТ тиімді пайдаланылады. Мәтінді оқу арқылы отбасындағы құндылықтар, әдет-ғұрыптар туралы біледі, ұлттық құндылықтарды қастерлеуді түсінеді («Мәңгілік Ел» бағдарламасы)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?








 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12