жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасылық қарым-қатынас
«Отбасылық қарым-қатынас» тренингі
Мақсаты : Отбасы мүшелерінің қарым –қатынасын жақсарту.
Менің есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр кім есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
Тренер қатысушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренингтің ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
1.Құпиялылық
2.Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
3.Белсенді боламыз
4.Бір-бірімізге ренжімейміз
5.«Қазір» және «Осында» принціпі
«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы
Мақсаты: Қатысушыларды тренингке дейін сергітіп алу.
Нұсқаулық: Мұнда тренингке қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған адамдар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.
Талқылау : Жаттығу барысындағы эмоцияларының қандай болғаны. Жаттығу несімен қызық болды.
Сауалнама
Мақсаты:Ата-аналардың балаларымен қарым қатынасын анықтауға арналады.
Құрал-жабдықтар: қағаз қалам керек
Нұсқаулық : Сауалнамаға «иә» «жоқ» және «кейде» деп жауап береді.
1.Сіздің отбасыңызда баламен түсіністік бар деп есептейсің бе?
2.Жеке өмірі туралы балаңызбен шын жүректен сөйлесесізбе?
3.Сіздің жұмысыңызға ол қызыға ма?
4.Балаңыздың достарын білесіз бе?
5.Олар сіздің үйде бола ма?
6.Балаңыз үй жұмысына сізбен бірге араласа ма?
7.Сіздің балаңызбен ортақ қызығушылығы немесе бір ісі бар ма?
8.Сіз балаңыздың қалай оқитындығын тексересіз бе?
9.Жанұялық мерекелердің дайындығына балаңыз араласа (қатысама) ма?
10.Балалық мерекелерде балаңыз сіздің олармен бірге болғаныңызды қалай ма әлде ересексіз болғанын қалай ма?
11.Сіз балаңыздың оқығанын кітабын бірге талқылайсыз ба?
12.Теледидар передачалармен киноларды ше?
13.Сіз балаңызбен бірге серуендейсіз бе?
14.Сіз балаңызбен концертте, көрмелерде бірге боласыз ба?
15.Еңбек демалысыңызды олармен бірге өткізгеніңізді қалайсыз әлде қаламайсыз ба?
Сауалнама қорытынды бағасы
Әрбір «иә» жауабына 2 ұпай, әрбір «кейде» - жауабына 1 ұпай, «жоқ» - жауабына 0 . Жалпы жиналған ұпай санын санаймыз.
20 ұпайдан жоғары: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды негізінде жақсы деп есептеуге болады.
10-нан 20 ұпай аралығы: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды орташа деп бағалауға болады, бірақ жан-жақтылық жетіспейді.
10 ұпайдан төмен: Сіздің балаңызбен тіл табысуыңыз жеткіліксіз. Қарым-
қатынасты жақсартуға тездетіп шара қолдану қажет.
«Менің отбасым» проективті әдістеме.
Мақсаты: балалардың салған суреттері арқылы отбасына деген қатынасын анықтау, отбасы мүшелерімен өзара байланыс деңгейін, негізгі проблмеаларды белгілеу.
Қажетті құралдар: ақ парақ, түрлі түсті қағаз немесе сулы бояу.
Нұсқаулық: Тренингке қатысушыларға «Менің отбасым» әдістемесін түсіндіру. Қатысушыларға ақ парақ және түрлі түсті қарындаштар немесе бояу таратылып беріледі. Осы берілген ақ параққа отбасының суретін салу ұсынылады.
Талқылау:
-
Отбасы мүшелерінің толық салынуы.
-
Егер суретке салынбай қалған отбасы мүшесі бар болса не себепті ұмыт қалғанын анықтау мақсатында сұрақтар қою: сол отбасы мүшесімен қатынасыңыз қандай? Оның сізге деген көзқарасығ қатынасы қандай? Оған баға бере аласыз ба?
-
Отбасы мүшелерін қағаз теінде орналастыруы.
-
Параққа өзін орналастыруы.
«Суретті аяқта» жаттығуы
Мақсаты: отбасы мүшелерінің вербальды емес қатынасын анықтауға арналған жаттығу.
Құрал-жабдықтар:плакат немесе тақта және маркер не қалам.
Нұсқаулық: Алдын-ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Қатысушылар кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
Талқылау:Қатысушылардың әр қайсысына не салғысы келгені туралы сұралады және нәтежесінде не шықты туралы айтып береді.
«Түсіну» жаттығы
Мақсаты: отбасы мүшелерінің бір-бірін шынайы таныуына сенімділікті арттыруға арналған жаттығу.
Нұсқаулық: Топтың ішінен біреуі сыртқа 10 секундқа шығып кетеді. Қалғандары екі топқа бөлінеді. Топтың бірі оны жақтайтындар, екіншісі оны жақтамайтындар Бірақ топтағылар өздерінің сезімдерін тек көз қимылдары арқылы байқатуына болады. Топтың негізі ойы оған деген қатынасын тануы қажет.
Талқылау: Топ мүшелерінің ойын түсіну қиын болды ма? Қандй көңіл күйде болдыңдар?
Қорытынды.
Әрбір қатысушы алғашқы алған әсерлерін, сезімдерін топпен бөлісу. Психотренер әрқайсысының жұмысына талдау беріп , қиналғандарды атап өтеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген