|
Сабақтың басы
5
минут
|
Жағымды орта
қалыптастыру
Оқушылар шаттық шеңберін құрып
тұрады. «Марапат»
әдісі арқылы мұғалім оқушыларды
марапаттайды
Мұғалім марапат, мақтау сөз
айтып, алғыс хатты бір балаға береді.Ол бала марапат, мақтау сөз
айтып келесі балаға ұсынады.Осылайша жалғаса
береді.
Топқа
біріктіру.
«Мозайка»
әдісі арқылы топқа
бөлінеді.
Оқушыларға сурет қиындылары
беріледі
1.Елордамыз Нұрсұлтанның
суреті .
Осы ретте оқушылардан
Елордамыз Астананың қай жылдан бастап Нұрсұлтан атауына
өзгертілгенін сұрау.
2.Отбасының
суреті
3.Әке мен ананың
суреті.
Сурет құрастырып болған
соң,сол суретке қатысы әр оқушы мақал-мәтел айтады.Суретке қарап өз
топ аттарын қояды.
1-топ
«Нұрсұлтан»
2-топ
«Отбасы»
3-топ
«Ата-ана»
Үй тапсырмасын
пысықтау. «Сандар сөйлейді»
әдісі.
1.Қазақ елінің тарихы туралы
не білесіңдер?
2. «Туған тарихты
білу-әркімнің парызы»дегенді қалай
түсінесіңдер?
3.Елін,жерін сүйетін адамды
кім деп атайды?
4.Егемен еліміз
өзТәуелсіздігін қай жылы алды?
5.Ата –бабаларымыз ғасырлар
бойы нені аңсады?
6.Ата- баба тарихы сен үшін
несімен құнды?
Дескриптор:
1.Туған тарих туралы
мәліметтер айтып бере алады.
2.Берілген сандар бойынша
сұрақтарға жауап бере алады.
Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы
бағалау
|
«Марапат»
әдісі
Алғыс
хат
«Мозайка
әдісі»
Елорданың ,отбасының, әке мен
ананың суретінің қиындылары
«Сандар сөйлейді»
әдісі
|
|
Сабақтың
ортасы:
3-тапсырма.
5
мин
«Сөз
өнері»
|
Ой шақыру
«Кинометафора» әдісіарқылы
интербелсенді тақтадан отбасы туралы бейнематериал
көрсету.
Сын тұрғысынан ойлау
сұрақтарын қойып,сабақты ары қарай
өрбіту.
1.Отбасы деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
2. Отбасындағы ең басты рөл
кімде?
3. Бала тәрбиесінде кімнің
тәрбиесі маңыздырақ?
2.Тату-тәтті отбасы болу үшін
әр адам қандай болу қажет?
3.Адам бойындағы ең асыл
қасиет не деп ойлайсыңдар?
Дескриптор:
-
Берілген сұрақтарға нақты
жауап бере алады.
-
Өз ойларын дамыта, айтып бере
алады.
Бағалау: бағдаршам арқылы
бағалау
1-тапсырма.
«Кім жылдам?» ойыны бойынша
қойылған сұрақтарға жауап беріңдер.
-
Балдан тәтті
не?
-
Қара шаңырақ иесі
кім?
-
Балаға кім
сыншы?
-
Әкеден балаға берілетін
зат?
2-тапсырма
«Спикер»
әдісі арқылы «Дастарқан» мәтінін
оқиды, түсінеді.Әр топтан бір оқушы спикер болып ортаға
шығып,жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды
анықтайды.
Дастарқан
Қазақ халқы өте жоғары
бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып
қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның
қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде
тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары
қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе « арпа, бидай ас екен,
алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә
бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты
құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп
әзірлеудің де көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді
татуластыру да, жақсылармен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің
мырзалық, мәрттілік, үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын
білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да
қазақ кең дастарқан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы
жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін
ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де
елді осы қонақасы біреудің жолы мен жөні арқылы санап, бағасын
берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық,
дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Қазақ қонақасы
беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді білмеген,
төрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен.
Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да
білген.
Дескриптор:
- Мәтіндегі негізгі ойды
анықтайды.
- Мәтінді екпіннің түрлерін
(сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде
орынды қолдана отырып оқиды.
- Берілген сұрақтарға нақты
жауап береді.
Мәтін бойынша
сұрақтар:
-
Халқымыз үшін дастарқанның
маңызы қандай?
-
«Ас – адамның арқауы» дегенді
қалай түсінесің?
-
Дефис арқылы жазылатын сөздер
мәтінде қандай маңызға ие?
Бағалау:смайликтер арқылы
бағалау
3-тапсырма.
Топтық жұмыс. «Ойлан,тап!»
әдісі.
Әр топ берілген тапсырманы
орындайды.Берілген сөздерден мақал- мәтел құрастырып
жазады.
Мақал- мәтелдерден екпінді
тауып,түрлеріне ажыратады.
-
Ұя,
ұшу;
-
Әке, ұл, ана ,қыз,
өсу;
-
Әке, тау, ана, бұлақ, бала,
құрақ.
Дескриптор
-
Берілген сөздерден мақал
–мәтел құрастыра алады.
-
Мақал- мәтелдерден екпін
түрлерін анықтай алады.
-
Мақал-мәтелдердің негізгі
мағынасын аша алады.
Бағалау: Топтар бірін-бірі
бағалайды
4-
тапсырма
Кестені сөйлет. Ережелерді
айт. Үзілістегі оқиға бойынша ережеге сай мысал
келтір.
Дескриптор.
1.Ережелерді толық
айтады;
2.Ережеге сай бүгінгі сабақтан
мысал келтіреді.
5-тапсырма . Жеке
жұмыс.
«Хат жазу»
әдісі.
«Менің отбасымның мүшелері»
тақырыбында ата-анаңа немесе іні-қарындасына құттықтау сөз жазады.
Екпін түрлерін(сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және
сөйлем ішінде дұрыс қолдана алады.
Дескриптор:
-
Құттықтау сөз
жазады
-
Екпін түрлерін(сөз
екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде дұрыс
қолданып оқып береді
Бағалау: Өзара
бағалау
|
«Кинометафора»
әдісі
бейнематериал
«Кім жылдам?»
ойыны
«Спикер»
әдісі
«Ойлан, тап!»
әдісі
|