Отбасылық сайыс Әкем, анам және мен 5-6 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылық сайыс Әкем, анам және мен 5-6 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру,  ата – анамен  бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені  шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.


Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: доптар, кедергілер, түрлі - түсті шарлар, , жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Өтілетін орны: Спорт залы

Сабақтың барысы:

-Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Әкем, анам және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.


Таныстыру

«Әкем, анам және мен» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде

5-6 сынып оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз.

3 отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады. Ендеше  ортаға  бүгінгі сайыста өнер көрсететін сайыскерлерімізді шақырайық. Қол соғып қарсы алайық!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: Мұқатовтар отбасы
2 - топ: Мажитовтар отбасы
3 - топ: Хайрушевтар отбасы


Әр топ өз ұрандарын таныстырады.


Әділқазылар алқасымен таныстыру

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
-Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға 
беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. Спорттық сайысымыз балдық жүйемен бағаланады.

1. Мукатова Ж.Е.  –тәрбие ісінің меңгерушісі;

2. Гиниятов А.Г. - дене шынықтыру пәні мұғалімі;

3. Тулешев  М.Е. - дене шынықтыру пәні мұғалімі;


Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 асудан тұрады

1-асу: «Сигналды тыңда» ойыны

2-асу: «Допты ыдысқа түсіру» ойыны

3-асу: «Кедергілер арасымен жүгіру» ойыны

4-асу: «Қапшықпен секіру» ойыны

5-асу: «Қай команда алысқа секіре алады?» ойыны

6-асу: «Ракеткамен шарикті апару» ойыны

7 -асу: «Кім шапшаң?» ойыны

8 - асу: «Қызықты эстафета» ойыны

9-асу: «Арқан тарту»


1-асу: «Сигналды тыңда» ойыны

Шарты: Ойыншылар бір қатарлы колоннада сап құрып жүріп бара жатады. Ойын басқарушы алақан соғып немесе ысқырып сигнал береді. Егер ойын басқарушы  алақанын бір рет соқса, ойыншылар жүрісін тоқтатып тұра алады, ал екі рет соқса  жүрісін тоқтатпай жүре береді. Үш рет соқса жүгіруге тиіс. Бұл сигналдан жаңылып қалған ойыншылар ойыннан шығады.

2-асу: «Допты ыдысқа түсіру» ойыны

Шарты: Ойыншылар 3 топ бойынша  бірінің соңынан  бірі тізіліп, сапқа тұрады. Әр топ екі-екіден  доп алып, оны көздеп баскетбол сақинасына лақтырады да, саптың соңына  келіп тұрады. Ойын соңында допты баскетбол сақинасына ең көп түсірген  топ жеңіске жетеді.

3-асу: «Кедергілер арасымен жүгіру» ойыны
Шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
4-асу: «Қапшықпен секіру» ойыны
5-асу: «Қай команда алысқа секіре алады?»  ойыны

Ойыншылар бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Төреші топтарды бір-бірден секіртіп, нәтижесін есептейді. Алдыңғы ойыншының  секіріп түскен жері сызықпен белгіленеді де, келесі ойыншы әлгі сызықтан ары қарай  жалғастырып секіреді. Барлық  топ түгел секіріп болған соң қорытындысы шығарылады. Қай топ алысқа секірсе, сол топ жеңіске жетеді.

6-асу: «Ракеткамен шарикті апару» ойыны
Шарты: Шарикті түсірмеу керек

7 -асу: «Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Допты аяқтың ортасына қысып жүгіру
8 - асу: «Қызықты эстафета» ойыны

Әр топ бір-бір ойыншы ортаға шығады. Олар жүрелеп отырып алады да, межелі жерге дейін жарысып барып, жарысып қайтады. Бұл шартты барлық ойыншылар  түгел орындайды.

9-асу: «Арқан тарту»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Қорытынды

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Жеңімпаз атанған топқа арнайы марапат қағазын тапсыру.

Осымен ойынымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп  рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2018
869
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі