Отбасылық сайыс Дені саудың – жаны сау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылық сайыс Дені саудың – жаны сау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау» отбасылық сайысы


Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:Доп,кегли,шеңбер,скакалка,секундомер,ысқырық,арқан


Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

«Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда».Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» спорттық отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Дені саудың – жаны сау» отбасылық сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі! Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектепте 3- 4 сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Сайысымызды ашып беру үшін ортаға мектебіміздің директоры Мукатов Риат Геннадийұлын шақырамыз.


1-жүргізуші: Ендігі сөз әрдайым игі істердің қасында жүретін еліміздегі көшбасшы «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясынан келіп отырған аса қадірменді қонағымызға береміз.

2-жүргізуші: Ендігі сөз мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әрі әділқазылар алқазылар алқасының төрәйымы тәрбие ісінің меңгерушісі Гиззатова Р.А. береміз.

1-жүргізуші:

Спорт – денсаулық кепілі десек, «Дені саудың – жаны сау» отбасылық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

2-жүргізуші:

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Гиззатова Р.А. –тәрбие ісінің меңгерушісі;

2. Гиниятов А.Г. - дене шынықтыру пәні мұғалімі;

3. Тулешев М.Е. - дене шынықтыру пәні мұғалімі;


1-жүргізуші:Бүгінгі спорттық сайыс 2 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру

2.«Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығу жасауы

2-жүргізуші: Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.

Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!

Әр отбасы өздерінің командаларын таныстырып өтеді.


1-жүргізуші: Ал,енді ойынымыздың негізгі бөлігіне көшейік . «Шынықсаң,шымыр боласың» тақырыбында әр түрлі дене жаттығулары.

2-жүргізуші:1 тур Эстафеталық таяқша.


Топ мүшелері таяқшаны алып жүгіре отырып,белгіленген межені айналып,таяқшаны келесі ойыншыға табыстайды.


1-жүргізуші:2 тур Аралас эстафета.


Әкесі допты кедергілер арасымен аяғымен жүргізе отырып межеге қойып кетеді,ал баласы тіке жүгіріп барып,межедегі допты кедергілер арасымен қолымен жүгірте отырып алып келеді.Анасы скакалкамен кедергілер арасыен жүгіре отырып,межеге скакалканы қалдырып,тіке жүгіріп қайтып келеді.


2-жүргізуші:3 тур Шеңбермен жүгіру.

Әкесі тіке жүгіріп барып межедегі шеңберді алады да беліне ұстап жүгіріп келіп,тобындағы баласын шеңбер ішіне салып екеуі межені айналып орындарына келеді,енді шеңберден әкесі шығады да,анасымен бірге баласы дәл осы тәртіппен жүгіреді


1-жүргізуші:4 тур Арба.

Қатысушы допты шеңбер ішіне салып,кедергілер арасымен жүгіре отырып,межені айналып келесі ойыншыға табыстайды.


2-жүргізуші:5 тур Пингвин.

1 қатысушы допты екі аяғының ортасына салып,межені айналып келеді де,допты келесі ойыншыға табыстайды.Осылайша ойын жалғасады.

1-жүргізуші:6 тур Арқан тартыс.

2-жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы отбасылық сайысымыз аяқталды.

Қорытынды: Командаларға ойын нәтижелері бойынша, орындар,соған сәйкес дипломдармен марапатталуы тиіс.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2018
933
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі