«Отбасылық
тәрбие мектебі» тақырыбы бойынша есеп
Ата-аналар
жиналысының тақырыбы:
«Аналық махаббаттың келбеті. Баланың
тәрбиесіндегі ананың рөлі»
Өтетін
орны: №44
«Мәдени» жалпы орта мектебі
Түркістан
облысы, Сайрам ауданы, Ханқорған ауылы
Мен
Есболова Меруерт Нарымбекқызы 10.09. 2019
жылы ұйымдастырылған «Аналық махаббаттың
келбеті. Баланың тәрбиесіндегі ананың
рөлі» тақырыбы аясында 7 «А» сыныбының
оқушыларының ата-аналармен жұмыс
жүргіздім.
Қазіргі
таңда ана тәрбиесі, тәрбиедегі ананың
рөлі күн тәртібінен түспей келе жатқан
мәселе. Неге десеңіз қазіргі таңдағы
аналардың наразылығы, ғаламтордағы,
әлеуметтік желідегі арандатушылықтар
жас ұрпақтың санасына қатты әсер етіп
жатыр.
Сыныпта
22 оқушы бар, барлығы толық отбасыда
тәрбиеленіп жатыр, сондықтан бұл
тақырыпта оқушылар мен де ата-аналармен
де толық ашық сөйлесуге болады.
Тәрбие
сағатының мақсаты:
Аналық
тәрбие дегеніміз не? Ана тәрбиесінің
теориялық негіздері қандай? Оның негізгі
ұғымдары қандай?
Ана
тәрбиесінің қалыптасудағы отбасының
алатын рөлі. Ана тәрбиесінің дамудағы
мектептің орны.
-
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі
тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер
ететінін атап өту.
Міндеті:
1.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі
ата-ананың жауапкершілігі.
2.
Мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы
рөлі.
3.
Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде
мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс
жасауы.
Тәрбие
сағатының басында ата-аналармен
сәлемдесіп алғаннан кейін Отбасы тәрбие
мектебінің Цветкова Наталья Афанасьевнаның
«Аналық махаббаттың келбеті. Баланың
тәрбиесіндегі ананың рөлі» тақырыбындағы
дәрісін тыңдағаннан кейін өзіме көптеген
сұрақтар мен қызығушылықтар пайда
болды сондықтан осы мәселе тәрбие
сағатында тақырып бола алатының білдім.
Құрметті
ата-аналар! Бүгінгі біздің сабақтың
тақырыбы- ана махаббаты және ананың
бала тәрбиесін, оның жеке тұлғасын
қалыптастыруға әсері. Осы тақырыпқа
аналардың әсері туралы, ұлткөшбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев не деді? «Болашақ
аналардың қолында» деді. Бұл керемет
өрнек Далай-Ламаның ойымен ұштасады.
Оның пікірінше, адамзатты не құтқара
алады? деген сұраққа, жауап өте қысқа
болды : анасы-деген екен.
Олай
болса әр-қайсымыз «Мен қандай анамын»,
Ана махаббаты қандай қасиеттерге ие
болуы керек? Оның қандай келбеттері
бар? Әйел шынымен жақсы ана болу үшін
не істеу керек?- деген сұрақты қойып
жауап іздейік. Топ-топқа бөлініп
жауаптарымызды ортаға салайық. Ата-аналар
өзара әңгіме деват құрып ортаға салды.
Ата-аналардың
пікірі:
Арысбекова Құндыз- менің 7 балам бар әр
баланың орны бөлек бірақ жүрекке жақын,
ойыңды оқып тұратын 2 қызым, сол қызымен
кез келген тақырыпта әңгіме құра аламын.
Жалпы жақсы ана мінсіз мінезге ие болу
керек деп ойлаймын. Ана деген сөз
мейірімді сөзбен тең болу керек. Әрбір
баланың әлемін түсінуге тырысқан ана
ғана Жақсы ана құметіне лайық.
Ата-аналардың
пікірі:
Жансейтова Нүрипа- Ұлдарыма қарағанда
қызымның жан дүниесін түсінуге тырысамын.
Бірақ қазіргі өтпелі кезеңдерден өтіп
жатырған соң кейде өте тұйық, ашуланшақ
болып кеткен. Бар жағдайын жасап көңіліне
қарауға тырысқанымен, кұйбең тіршіліктен
ашуға ерік беріп қоятын кездерім де аз
болмайды. Ана махаббаты қандай қасиеттерге
ие болуы керек?-деген сұраққа менде
мейірімді, ақылмен шешетін, сабырлы ен
бастысы баланың досы болу керек деп
ойлаймын.
Барлық
аналардың ойы Ана – мейірімді болу
керек деген оймен түйісті.
Қалай
ойлайсыздар балалар ата-аналары
арасындағы проблемаларды, ұрыс керісті
қалай қабылдайды?.
Ата-аналардың
пікірі:
Құрбан Зухра- Баланың ана алдыңда кей
отбасылық проблемаларды айтпауға
тырысамын. Бірақ отбасының қаржы
жағдайларын, үйге керекті заттардың
үнемділігі туралы жиі айтамын. Ал
ұрыс-жанжалдан аулақ болуға тырысамын.
Айналып келгенде барлық бәле тілден
деген ұстанымды ұстанамын. Отбасылық
проблемаларды отағасымен жеке талқылаймыз.
Ата-аналардың
пікірі:
Балтабай Раушан- Балалар отбасылық
ұрысты әрине қорқынышпен қабылдайды
сондықтан менде отбасы проблемасын
жеке талқылаймын көп нәрселерді жабық
күйде қалдырамын. Оған себеп қазақ
отбасларына тән отағасын силау деп
білем. Еуропалықтар сияқты барлық
әңгімені ашық балалармен талқылай
алмаймыз. Оған біздің ұлтық құндылықтарымыз
кедергі келтіреді.
Жақсы
ана болуға не кедергі келтіреді- дегени
сұраққа алдарыңыздағы қағаздарға қысқа
жауап жазып тақтаға ілңіздер.
Психологиялық
дайындықтың жоқтығы, мазасыз ене,
отбасылық махаббат, қаржы жетіспеуі,
жұмыс бастылық.
Сабақтың
соңында аналар жақсы пікірлер айтысып
тарқасты.
Қорытынды
Қорыта
келе мектеп пен отбасы бала тәрбиесінде
үлкен үлес қосады. Баланың рухани азық
алып шексіз ана махаббатына бөленуіне
ешқандай кедергі болмау керек. Қандай
кезең болмасын ана тәрбиесі, ана махаббаты
өзекті болмақ. Сондықтанда ана мәртебесін
көтеру керек деп ойлаймын. Өйткені
«Балалар
– ата-аналар қолына берілген аяулы
аманат»