400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылық тәрбиеде кездесетін қателіктер және оны болдырмау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне көмегі тиеді, тәрбие барысында басшылыққа алуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасылық тәрбиеде кездесетін қателіктер және оның балаға әсері

Отбасы — ұлылықтың ұясы. Отбасында адамзат баласы алғаш рет өмірмен, өзін қоршаған ортамен танысып, өмірлік мінез-құлық нормаларын меңгереді. Отбасының ең басты қызметі — баланы өмірге жан-жақты, тиянақты дайындау. Ол – тәрбиенің ең басты бөлігі. Сондықтан бала болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана және отбасы мүшелері бала дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлау керек. Және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдайлар жасау керек.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі бала болашағына әсер ететін маңызды мәселелерді талқылау және ата-аналарды құлақтандыру.

Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы оның жеке-тұлғалық және мінез-құлықтарының қалыптасуына біршама әсер етеді. Баланың тұлғасы оның өмірі өтетін барлық қоғамдық қарым-қатынастарының әсерінен қалыптасады. Алайда, ата-ананың адамгершілік мәдениетінің деңгейі, олардың өмірлік жоспарлары мен мақсаттары, әлеуметтік байланыстары, отбасылық салт-дәстүрлер, осының барлығы жас тұлғаның дамуына айтарлықтай маңызды әсер етеді. Отбасында бала қоғамдағы қалыпты өмірге қажетті өзіндік нақты ұстанымдар, қоғам мақұлдайтын өз-өзін ұстай білу қабілеттерін қалыптастырады.

Бала дамуына маңызды әсер ететін үш топты атап өту қажет: Ата-ананың объективті әсері, бала тұлғасының дамуы, сондай-ақ отбасындағы қарым- қатынастардың түрлері. Осы орайда ұсынылып отырған тақырыпқа сәйкес көптеген зерттеулер мен авторлардың тәжірибесіне сүйенсек мынаны байқай аламыз: тәрбиелеудегі қателіктер көбінесе, ата-аналармен педагогтердің баланың жеке дара қасиеттерін ескермей өздеріне қажетті нәтижені басты құндылық ретінде қарауы.Соңғы уақытта оқыту және тәрбиелеу процестерінде тұлғаны басты құндылық деп қарау принципі жиі айтылып жүргенімен, оны тәжірибеде қолдануда біраз қиындықтар бар.

Олай дейтінім осы заманғы психологияда ата-ана – бала арасындағы қарым-қатынас келесі санаттарда қарастырылады: ата-ананың ұстанымы (Х.А.Арғынбаев, Л.А.Байсерке, А.А.Бейсенбаева, А.С.Спиваковская), ата-аналық қарым-қатынас (А.Г.Қазмағамбетов, Б.И.Мұқанова, Ш.А.Бейсембаева, А.Я.Варга), өзара әрекеттесу сипаты (А.Д.Давлетова, О.А.Карабанова, Е.И.Захарова), отбасының тәрбие стилі ( Ж.Алпысбаева, Э.Г.Эйдемиллер).

Ата-ананың балаға қарым-қатынасы – бұл балаға деген біртұтас сезімдердің жүйесі, баламен қарым-қатынас барысында байқалатын, өзін-өзі ұстай білу дағдысы, баланың жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсіну және соны ескере отырып әрекет жасау.

Олар: 1.Демократиялық стиль. 2. Бақылаушы стиль. 3. Авторитарлық стиль. 4. Либералдық стиль. 5. Кері қайтару стилі. 6. Индифферентті стиль. 7. Гиперсоциалды стиль. 8. Эгоцентрикалық стиль. 9. Беделдік стиль.

Отбасы тәрбие стилінің бала дамуына әсері әлеуметтік қауіпсіздік немесе қорғансыздық сезімі, мейірімділік немесе қатыгездік, гиперактивтілік және т.б. болуы мүмкін. Жеке-жеке анықтама беретін болсақ:

Демократиялық стиль – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста вербалды қатынастың жоғары болуы; баланың отбасылық мәселелерге араласып, өз ойын білдіруі мен оны үлкендердің ескеруі; қажет болған жағдайда ата-ананың көмекке келуге дайын болуы және баланың өз бетімен жетістікке жететіндігіне деген сенім; баланы қарастырған кезде, өзіндік субъективтілікті шектеу. Демократиялық стильдегі отбасында тәрбиеленген балалар көшбасшылыққа деген қабілеттілік пен агрессивтілік, басқа балаларды бақылауға деген құштарлықпен сипатталады, бірақ ол балалардың өздері сырттай бақылауға әрең көнеді. Ол балалар дене дамуы тұрғысынан жақсы дамыған және өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.

Бақылаушы стиль – баланың іс-қимылына шектеу қою; балаға шектеу сөзінің мағынасын айқындап түсіндіру; тәртіп мәселесі бойынша ата-ана мен бала арасында келіспеушіліктің болмауы. Тәрбиенің бақылаушы стилі түрінде балалар тәртіпті, ұғымтал, қорқақ, өз мақсаттарына жетуде табандылық көрсетпейді, агрессивті емес. Тәрбиенің аралас түрінде балалар ұғымтал, тәртіпті, эмоционалды сезімталдық, агрессивті емес, жаңа нәрсені білуге деген қызығушылықтың болмауы, ойлаудың бірегейлігі, ой ұшқырлығының жұтаңдығы.

Авторитарлық стиль — балалар мен ата-ана арасында қарым-қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп пен ережелер алмастырады. Ата-аналар көбінесе бұйрық беріп, оның нақты орындалатынына, талқыланбайтынына сенімді болады. Мұндай отбасыларда балалардың оқшау, тұйық, қорқақ, жалтақ болатыны заңды. Бойжеткен шаққа дейін қыз балалар әдетте пассивті және бағынышты болып өседі. Ұл балалар керісінше, басқаруға келмейтін агрессивті, шектеу қоятын талаптарға бірден қарсы шығатын қызу қанды болып өседі.

Либералды стиль — балалармен қарым-қатынастағы ашықтық. Ата-аналар балалардың іс- әрекетіне тиым салмайды десек те болады. Ата-ана тарапынан аздаған басқару жүргізіліп, балаларға толық еркіндік берілген. Ешқандай шектеу қоймау құлықсыздық пен агрессивтілікке алып келеді, балалар адамдардың көзінше өздерін көбінесе дұрыс ұстамайды, өздерінің қабілетсіздіктерін алға тартып, импульсивті болып келеді. Отбасындағы жағдай жақсы болса, мұндай отбасында тәрбиеленген балалар белсенді, сенімді шығармашыл тұлға болып өседі. Егер де жасалған бассыздыққа ата-ана тарапынан ашық түрде қарсылық болса, баланың ең бұзық ойларын жүзеге асыруына ешнәрсе кедергі болмайды.

Кері қайтару стиль— ата-аналар өздерінің ашық немесе жасырын іс-әрекеттерімен баланы қабылдамауын көрсетеді. Мысалы, ата-ананың баланың дүниеге келуін немесе қыз бала болғанын қалап, ұл баланың дүниеге келуін қаламауы. Бала басынан бастап ата-ананың қалауына сәйкес келмейді. Кей жағдайда бала ата-ананың қалауымен дүниеге келіп, оны мұқият қарап, оны бағып-қағады, бірақ та оның ата-анасымен рухани байланысы жоқ. Мұндай отбасындағы балалар агрессивті немесе, тұйық, жасқаншақ, ренжігіш болып келеді. Мұндай қабылдамаушылық балада наразылық сезімін тудырады. Оның әсіресе үлкендермен қарым- қатынастағы мінез-құлқында тұрақсыздық, негативтілік байқалады.

Индифферентті стиль — ата-аналар балаларға ешқандай шектеу қоймайды, оларға немқұрайлылықпен қарайды, қарым-қатынасқа түспейді. Көбінесе олардың өз мәселелерімен бастары қатып, балаларын тәрбиелеуге уақыты болмайды. Егер ата-ананың немқұрайлылығы өшпенділікке үйлессе, бала бейсоциалды қылықтарға бейімділік танытуы мүмкін.

Гиперсоциалды стиль — ата-аналар «үлгілі» тәрбиелеуде барлық нұсқауларды тәптіштеп орындауға ұмтылады. Мұндай отбасындағы балалар өте тәрбиелі және ұқыпты болып келеді. Олар үнемі өздерінің эмоцияларын және қалауларын тежеуге мәжбүр болады. Осындай тәрбиелеу нәтижесі қатты қарсылыққа, баланың өзін агрессивті ұстауына, кейде аутоагрессияға алып келеді.

Эгоцентрикалық стилі -отбасындағы жалғыз немесе зарығып көрген балада көбінесе өзін өте бағалы адам деп санау пікірі қалыптасады. Ол ата-ананың табынушысына және «өмірінің мағынасына» айналады. Сонымен қатар, оның айналасындағылардың қызығушылықтары назардан тыс қалып, баланың жолында құрбандық болады. Нәтижесінде ол бала басқалардың ой-пікірімен санаспайды, назарға алмайды, ешқандай шектеуді қабылдамайды, кез-келген шектеуді агрессивті түрде қабылдайтын болады. Мұндай бала кертартпа, тұрақсыз, мазасыз болып өседі.

Беделдік стиль — баланың үйлесімді тұлғасын дамытудағы ең тиімді, әрі жақсы тәрбиелеу стилі. Ата-аналар балаларының өсіп келе жатқан дербестігін қабылдап, қолдайды. Белгіленген тәртіп бойынша балалармен ашық түрде өздерінің талаптарын талқылайды, шешімдерін саналы деңгейге дейін өзгерте алады. Мұндай отбасындағы балалар өте жақсы бейімделген, өздеріне сенімді, оларда өзін- өзі бақылауы және әлеуметтік дағдылары қалыптасқан, олар мектепте жақсы оқиды және өз-өздерін жоғары бағалайды. Қарастырылған ата-аналық қарым-қатынас түрлері баланың әлеуметтік бейімделуіне көп ықпал етеді.

Отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау керек, ол махаббат, құрмет және отбасының басқа мүшелері сияқты оларға деген талаптармен теңестірілуі керек. Әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлер болуы керек. Отбасы, басқа әлеуметтік институттар сияқты, дәстүрлерді жасап шығару арқылы, нақты іс- әрекет үлгілерін қайталай отыра өмір сүреді, оларсыз отбасының өзіндік дамуы мүмкін емес.

Отбасының әртүрлі саладағы іс-әрекеті үлгілердің түрлерімен сәйкестендіру арқылы жасалады, олар жаңа жас отбасылардың дүниеге келуімен жаңарып, жаңа отбасын жасау арқылы реттеліп отырады: ерлі- зайыптылар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, үй шаруашылығын жүргізу, бос уақытты өткізу және т.б. Әр отбасының өзі және оның құндылықтары мәдениеттің пайда болуына жеткізетіндіктен, онда кез-келген материалдық және рухани іс-әрекеттің үлгісі отбасылық дәстүрдің пайда болуына негіз бола алады. Дәстүр – нақты жағдайларда белгілі бір іс- әрекеттердің дәл көрсетілуі.

Дәстүрлер осы немесе басқа отбасылық қарым-қатынастардың буындарын тұрақтандырып, оларды жаңа ұрпақтардың өміріне енгізеді. Мысалы, балаларды бағып күту, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, қонақты қабылдау, отбасылық шығын мен кіріс кітабын жүргізу тәртібі және т.б. дәстүрлер. Дәстүрлер өзіндік мағынаға ие, бірақ үлгі формасында көрсетілмейді. Дәстүрлер не істеуге болады және не істеуге болмайтынын ғана көрсетеді, қандай болу керектігін нұсқамайды. Дәстүрдің негізі – дәстүрлі қылықтардың мәнін анықтайтын отбасы құндылығы.

Балаларды дамытудың тиімді шарты – жақсы көретін отбасының болуы. Жақсы көретін отбасы – бұл балалармен үйлесімді және өзара түсіністікке қол жеткізетін отбасы, бұл жерде балалармен қарым-қатынас жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды мәдениет басымдылық танытады. Саналы махаббат баланы қабылдаумен, оған деген оң эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен іс- әрекеттің кооперациясымен анықталады. Ата-ананың балаға қатыстының барлығына, мейлі ол маңызды емес мәселелер болсын, қызығушылығының шынайы болуы, бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың балаға деген махаббаты көрінеді. Махаббаттың негізінде адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге болады: тек махаббат қана жақсы көруді үйрете алады. Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігінен тәрбиелеу және баланы дамытуға қатысты жауапкершіліктен шеттелу үрдісі байқалады. Ата-аналар баланың даму кезеңдерінде жас шамасы мен жеке дара ерекшеліктері жайлы білімдерінің жеткіліксіздігінен, кейде соқыр түйсікке сүйеніп тәрбиелеу үдерісін жүргізеді. Ата-ананың бала мүддесі жолындағы іс-әрекеті келесі жағдайларда: егер олар педагогтермен серіктес болғанда, баланы жақсы білуіне, оны түрлі жағдайларда көруіне және ересектерге олардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуына, құндылықты өмірлік бағдарлар қалыптастыруына мүмкіндік берген кезде ғана табысты болады.

Бала тәрбиесіндегі ескеретін жағдаяттар:

1. «Сен ұл (қыз) бала болып өмірге келсең, қандай жақсы болар еді?!» Бұл сөздерді айтып, балалардың жыныстық айырмашылығына қатысты сын айту баланы жастайынан жасытып жібереді.

2. «Ойынды қойып, кітап оқы, сабағыңды қара». Ойын ойнау баланың табиғи қасиеті. Бала ойнау барысында көптеген заттарды танып, тәжірибеге ие болады. Мұндай сөздер баланың белсенділігіне ықпал жасайды. Сондықтан, ата-аналар өздерінің көзқарастарын балаға күшпен таңуға болмайды немесе ол сөздерді басқаша жолмен жеткізу керек.

3. «Әлі кішкентайсың, бұл қолыңнан келмейді». Балалардың ақаусыз өсіп-жетілуін қадағалау керек, бірақ, оны шамадан асырып жіберу кері әсер береді. Кейде баланың жас шамасына қарай жұмыстарды өздерінің істеуіне дем беріп, ынталандырып отыру қажет.

4. «Сәтсіздікке ұшырауға болмайды». Кішкентай бала түгілі, үлкен адамдардың өзі әр уақытта сәтсіздік пен жеңіліске ұшырап отырады. Сондықтан, балаға артықша талап қойып, оның істеген әрбір жұмысынан табысты нәтиже күту қате болады. Ол баланың өсуіне кері әсерін тигізеді.

5. Ол істі қайталауыңа болмайды. Бала әрқашан балалығын істейді. Қате жасағанын немесе сәтсіз істеген жұмысын балаларының екінші қайтара жасауына жол бермеу қате көзқарас. Бұл балалардың тәжірибе жинап, сынақ жасап, өздерінің тәуелсіз ойлау қабілеттерін жетілдіруіне кедергі жасайды.

6. «Үлкендердің шаруасына араласпай, ойыныңды ойна» деп дүрсе қоя беру. Балалар мен үлкен адамдар арасында шекара қалыптастырып, көңіліне қая түсіру баланың есейе келе әрқандай кезде қол қусырып қарап тұратын икемсіздігін тудыруы мүмкін.

7. Ол баламен ойнауыңа болмайды. Өз баласын басқалармен үнемі салыстыра сөйлеу оның ішкі әлемінде қорашсыну идеясын пайда қылуы мүмкін. Бұл баланың ержеткенде қоғамдық қарым-қатынас орнатуына зор ықпал жасайды.

8. Айтқанымды екі етпей орындайсың. Өз көзқарастары мен бұйрықтарын балаға зорлап таңу бала бойына өзгенің сөзінен аса алмайтын жасық мінез қалыптастыруы мүмкін. Ол кейін дербес ойлана алмайтын болып қалады.

9. Жылап, қиғылық салма. Бала ата-ананың қорғауы мен аялауын қажет етеді. Бала жылаған кезде анасы мен әкесінің ұрсуы уақыт өте келе психологиялық ақау түсіруі мүмкін.

10. «Сені дүниеге әкелгеніме өкінемін». Кейбір әкелер мен шешелер балаларына осы сөзді айту арқылы оған тәрбие бермекші болады. Бірақ, бұл сөздер баланың тіршілік ету құнын жойып, жанын жасытып, ауыр соққыға ұшыратады. Сондықтан, баланың жанына кірбің түсірер мұндай сөздерді айтпаған дұрыс.

Ата-ана баласына қалай көмектесе алады?

Бірінші кезекте балаңыздың шын мәнінде қандай да бір қиындықтары (сөйлеу қабілетіндегі ақаулар, дамуының кешеуілдеуі) бар-жоғын анықтау (мамандардың көмегімен) қажет, егер бар болса, оларды жеңу бағытында жұмыс жасау қажет. Кез-келген жағдайда балаңыздың хабардарлығы деңгейіне көңіл бөліңіз. Әңгімелесу және сөйлесу үшін білудің өзі жеткілікті. Өзіңіздің тәрбиелеу мәнеріңізді сарапқа салыңыз, тәрбиеңіз «тым қамқоршыл» немесе «бетінен қақпайтын» емес пе, немесе, керісінше, тым қатал, «өктемшіл» емес пе.

Ұялшақ балалар үшін ең қолайлысы – «демократиялық» тәрбиелеу мәнері. Отбасындағы барлық мүшелер балаға қатысты бірдей мәнерді,бірыңғай ережелерді және талаптарды ұстануы маңызды. Отбасында қорғаныш, қолдау, махаббат үстемдік орнатуы тиіс. Барынша баланың дербестігін құптау және дамыту қажет (ойланып көріңіз, сіз балаңыздың қолынан келетін қандай істерді оның орнына жасап жүрсіз). Балаға орынды тәуекелге баруға және жеңілісті көтеруге мүмкіндік беріңіз – сонда ғана ол өз қателіктеріне сәйкесінше қарайтын болады.

Балаға дұрыс баға беруді үйреніңіз. Оған жаратылысынан берілген қасиеттері (әдемілік, ақылдылық) үшін мақтаудың қажеті жоқ. Нақты жетістіктеріне мақтау айтыңыз, мақтай отырып, оның керемет жеке қасиеттерін емес, ісінің нәтижесін атап өтуге тырысыңыз. «Жарайсың, қандай ақылдысың!» деудің орнына «Жарайсың, сондай қиын есепті өзің шығардың!» немесе «Мен сені мақтан тұтамын, сен досыңа көмектестің!» деңіз. Есіңізде болсын, сенімділік қиын мәселелердің сәтті шешімін табудың арқасында қалыптасады. Қарапайым істерден бастап, біртіндеп күрделілігін арттырып отыруға болады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі