жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ОТБАСЫМ -БАҚЫТ МЕКЕНІМ"
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
№ 63 негізгі орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Отбасым - бақыт мекенім »
Сынып 6 «Б»
Сынып жетекшісі ;
Сарымсақ Зада
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының
маңызың түсіндіру
Оқушылардың есте ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту. .
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасын сыйлауға . тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сынып сағаты
Көрнекіліктер отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, интербелсенді тақта.
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, « Отбасым- бақыт мекенім» атты тәрбие
сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Отбасы - өнегінің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының
өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың
мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар
тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса, баланың бас ұстазы ата - ана.
1-жүргізуші: Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Ата- ананың отбасы тәрбие
сіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге
болады. Дана халқымыз «Әке - асқар тау, ана - бұлақ, бала- жағасында
өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген
екен.
1- оқушы: Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шеше-
сіне қарап өседі .Ата- ана балаларына үлгі - өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала
өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата- анасына, ұстаздарына өте еліктегіш
келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді., көргенін қайталайды. Жас балаға өз
ата- анасы асқар тау. Әке - шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
2 2- оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ.Сол тал бесіктен жер бесікке дейін бала-
ның өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды
ы өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет
өмірін, қоршаған ортамен танысып, мінез құлық нормаларын игереді. Отбасының
басты қызметі бала тәрбиелеу.
3 – оқушы: Бүгінгі дүниеге келген бала ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ
ата - ана мен сабырлыда салиқалы ата - әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық
тәлім - тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата- бабаларымыз кезінде оқу оқуға
мүмкіндіктері болмай, көшіп - қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке,
үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиелеген.
4- оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы»
дейді қазақ. Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала
кәмелеттік жасқа толғаннан орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық,
психологиялық өзгерістер оның мінез құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да
ата ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгні жөн.
5 - оқушы : Ей, перзентім, ата анаңды ешқашан ренжітуші болма.. Олардың көңіл - күйіне
қаяу салып қапаландырма.Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген
ата- анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң,сен ешқашан жақсылыққа
лайықты жан емессің, өйткені кімде кім ата- ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің
жақсылығын да бағаламайды.Перзент жеміске, ата ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс
ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады.
2- жүргізуші: Келесі кезекте әнге тыңдаңыздар! Мелдебек Нұрсұлтанның орындауында
«Қазақ қызы» әні.
1- жүргізуші: Балалар, олай болса, отбасы тақырыбында мына видеороликке қарап
тамашалайық!
2-жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағаты көзі - әке. Әкенің бұл рөлі
балалардың әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас
қабағынан, жанарынан байқаймыз, танимыз ата- анаға сенім нығая, биіктей бермек.
1- жүргізуші: Айтқаны заң, өзі үйдің тірегі, алтын қазығы болған ер азаматтырымыз бар.
Әкесінен бата алмай алыс сапарға шықпай, жеті атасын білу тек біздің қазақтың
салтына тән. «Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылға азық».
2– жүргізуші: Жаннаның орындауында «Туған жер» әнін ұсынамыз, қабыл
алыңыздар!
1- оқушы: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның.
Әке деген- бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр бір демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқақ жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Қамқорсың, әке, өмірде,
Қуатым сенсің көңілге
2- оқушы: Отқа түстің, суға түстің мен үшін,
Енді міне бағың берді жемісін.
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,
Бұның бәрі, Әке сенің жемісің!
Анашымды отырғызып қасыңа,
Той берейін салып алақаныма.
Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер
Бұл өмірде әкелердің барына.
Хансарайы, патша тағына!
3- оқушы: Ыстық - ау кім- кімге әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартысына,
Біp үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық - сайран салып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында.
4- оқушы: Әлпештеп мені өсірген,
Ұшармын ертең көгіңде
Теңіздей шалқып жүремін,
. Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда, жан әкем,
Өзіңмен бірге жүрегім.
Көкке өрлеп көңілің,
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол, жан әке.
Ұзақ болсын ғұмырың.
1- жүргізуші: -Иә , әке орны қашанда отбасында ерекшеленіп тұратыны сөзсіз.
Ал ана туралы не айтар едіңдер.
5- оқушы: Ана - аққан бұлақ.
Дүниеде Ана есіміне қатыссыз қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы»
ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып,
дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп,
аяғынан тік тұрғызады.
6- оқушы : Ақ жаулығың қымбат маған, анашым,
Тірегімсің, сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол, мейірімді данасың,
Өзгелерден мен үшін сен дарасың,
Береке отын шаңыраққа жағасың.
Ақ шашыңның әр талынан белгілі,
Асыл ана сан ойлаған баласын.
7 - оқушы: Мейіріміңнен алтын сәуле шашылған,
Жүрегіңнен жомарттық та табылған.
Көкірегің аппақ қардай тап таза,
Парасатты, сен данышпан, асыл жан.
Өрнек тапқан өмір сыры өзіңнен,
Асыл ізет, өнеге боп төгілген
Ақ сүтіңді ақтағаным болар ед,
Өз орнымды таба білсем өмірден.
8- оқушы: Әжемнің саясында ержетіп мен,
А Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
1 - жүргізуші: Пірәлі Әселдің орындауында «Ана сен бақыттысың» әніне кезек
берейік !
: 2- жүргізуші: Отбасы - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам
бойындағы асыл қасиеттерді өалыптастыруда рухани – адамгершілік бастауы.
1- жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,
қоғаның діңгегі де берік болады
2- жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық
болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен
ыстығын, қайғысы мен қуанышы бірге бөлісіп жете алады.
1-жүргізуші: Әмірдің орындауында «Әке» әнімен бүгінгі 6 «Б» сыныбының
тәрбие сағатын аяқтаймыз !
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген