Материалдар / "Отбасым-бақыт мекенім"

"Отбасым-бақыт мекенім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасыға деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу туралы түсініктерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МКҚК №26 «Үміт» МДҰ

тәрбиеші

Ешниязова М.Ұ.

Taқыpыбы: «ОТБАСЫМ - БАҚЫТ МЕКЕНІ»

Мақсаты: Сүйіспеншілік, сыйластық кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

2 .отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

3 .отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi : Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарынддаштар.

Сөздік жұмыс: Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды.

Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy.

Шаттық шеңбері

- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!

- Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.

- Қане, осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме кұрастырып көрейікші!

- Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Отбасы деген сөзді қалай түсінесіндер?

Отбасын неліктен жақсы көресіндер? Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді үйдегі туған-туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Қане, тыңдап көрейікші.Ботақаным, сен үшін.

Iздeнicтep,ұйымдacтыpy Педагог балаларға арнайы ұнтаспаға, бейнетаспаға, диктофонға немесе қағазға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тыңдатып, ойларымен бөліседі. Бұл жұмыстарды педагог алдын ала дайындайды. Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдерінді өзгертіп, еркелетіп жатады.Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп, айтып көрейікші. Балалардың жауаптары тыңдалғаннан соң, педагог ақын Ә. Искаковтың «Кім ойлап тапкан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталайды.

(қойылған сұрақтарға жауап береді.)

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы, Жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды Кімнің ойлап тапканын. «Күнім», «жаным» дегенді, «Кұлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Қошаканым» дегенді, «Айналайын» дегенді, «Толған айым» дегенді Ойлап тапқан аналар.

Отбасы мүшелерін ата.

Сен отбасында кімді жақсы көресің?

Сен ез отбасыңа қалай көмектесесің?

Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?

Анаңды қалай мадактайсың? Қалай жақсы көресің?

Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

Атаң мен әжең саған не үйретеді?

Атаң мен әжеңе қандай көмек бере аласың? т.с.с.

Ә. Исқақов

Ойыннан соң педагог балалардын жауаптарын қорытындылап, әрбір адамның өз отбасы - әкесі, анасы, әжесі, атасы, ағасы, әпкесі болатынын, олар бір-бірін қалай жақсы көретінін, сыйлайтынын, үлкен-кішінін өзара көмектері, жағымды қарым-қатынастары туралы төмендегідей айтып түсіндіреді.

-Ата мен әке - ер адамдар; аға мен іні - ұл балалар; ана мен әже - әйел-аналар; әпке, сіңілі, қарынддастар - бұл сүйкімді қыздар.

Аналар мен қыздар үйде тамақ әзірлейді, үйді ретке келтіреді. Ұлдар мен әкелер оларға көмектесіп үйдегі ауыр жұмыстарды жасайды, ауыр сөмкелерді көтереді т.с.с.

Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамкөр болады.

Отбасында барлығының жақсы көңіл күйде жүруі үшін ешкім бір-бірін ренжітпеу керек, үйдегілер демалып жатқанда шуламау, үлкендерге көмектесіп, кішілерді ойнатып, қамқор болуымыз керек.

Әңгімелесу

Педагог алдын ала әр балаға өз отбасыларымен бірге түскен суреттерін алып келуін ұсынады. Балалар үйден әкелген өз отбасыларымен бірге түскен суретке қарап, әр-кім өз отбасы, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, сыйластықтары туралы айтып береді.

«Мен отбасымды жақсы көремін...» деп әр бала өз ойын жалғастырады.

Дәйексөз

Балаларға «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік береді.

Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер пайда болды?

Педагог тақтаға күнніи суретін салып, балалардың айтқан сөздерін күннің шуағына жазады.

Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандай байланыс бар?

Педагог ана махаббатынан тарайтын өз аналарының бойларындағы оларға жарық және жылу беретін қасиеттерін айтып берулерін ұсынады.

Педагог балалардың айтқан сөздерін тақтадағы күннің шуағына жазып, толықтырып, ана мейірімі мен күн жылуының арасындағы байланысын көрсетеді.

Қорытынды түзету жұмыстары.

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарынддас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.

Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, күрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады.

Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайық.

Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, кұрметеу керек.

Жүректен жүрекке

Балалар, сендер өз отбасыларыңды өте жақсы көресіңдер. Қане, өзіміздің жылы сөздерімізді отбасында кімге жолдайтынымызды, микрофонға барып айтайықшы. Сендерді де аналарың, әкелерің тындап қуанатын болады.

Балалардың ойларын ұнтаспаға, бейнетаспаға, диктофонға немесе қағазға жазып алып, ата-аналар жиналысында немесе ертеңгіліктерде отбасы мүшелеріне тыңдатуға болады.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: Отбасы мүшелерін атай білулері керек.

Tүciнiгi: Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын.

Kөpceтe бiлyi: Жақсы істер жасай білу.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ