«Отбасы
-менің ауылым»
Өмірде
біреулер бір балаға зәру болып, Аллаға
жалбарынып жүрсе, енді біреулері өзі
туған сәбиінен безіп, жетімдердің
қатарын көбейтіп жүр. Алайда, қазақ -
ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін
тентіретпеген халық. Әкеден, анадан
мүлде ажырап қалған балалардың болашақ
өмірлері кім-кімді де бейжай қалдырмасы
анық. Өркениет дамығаннан бері біздің
елде де жетімдер үйі қаптап кетті.
Әрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның
қасіреті, трагедиясы. Балалық атты
әлемде қатыгездікке жол, зорлыққа орын
жоқ. Өкініштісі, мына жарық дүниеге
келмей жатып, тағдыр тәлкегіне тастап
кеткен анасының қатыгездігін сезінген
бала мына жалған дүниеде зорлық,
жауыздықтың да орын алатындығын тым
ерте сезініп өседі. Қорғансыз баланың
отбасында, қоғамдық орында қорлық не
зорлықты көріп, бұл өмірден алыстап
қалуы, өкінішке орай, әлемнің барлық
елдерінде әлі де болса жиі орын алатын
қауіпті құбылыс. Ата-ана қамқорлығынан
айырылған әрбір бала - отбасында
тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар
міндетті түрде ата-аналарының өмірін
қайталап немесе қайталайтын болса
болашақта олардың саны екі есе көп
болмақ. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар
үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін
және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын
делдалдық ұйым. Баланың өзін қоршаған
объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы
үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік
бере алады. Басқа балалар қалай отбасында
тұрса, жетім, тастанды балаларымызда
отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы
қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы
махабатын сезіне алмаған жетім
балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын
сезіндіруіміз керек.
2003
жылы Орал қаласында «Бөбек» қайрымдылық
қорының президенті, «Өзін-өзі тану»
пәнінің авторы Сара Алпысқызы бастамасымен,
жетім балаларға арналған «Отбасы
үлгісіндегі балалар ауылы» ашылды.
Балалар ауылында тәрбиеленушілерге
мейілінше отбасы құндылықтарына
жақындатып тәрбие береді. Өкінішке орай
балалар ауылында тәрбиеленіп отырған
балалардың көпшілігі әке-шешесі тірі
бола тұра тастанды және тірі жетім.
Отбасы құндылығын, жылулығын, махаббатын
сезіне алмағандар.
Алғашқы
рет біздің ауылға түскенде бала әртүрлі
сезімде болатыны анық. Біреулері қоршаған
ортаға тез бейімделіп, өз үйіндей көріп,
білімге мән беріп, балалар ауылындағы
және мектептерінде өтетін, қоғамдық
іс-шараларға да белсенді қатысып, үй
шаруасына бағытталып, тез тіл табысып
кетеді. Ал кейбір балалар, өзінің
бойындағы жағымсыз қылықтарынан арыла
алмай, өз дегенімен жүргісі келіп,
жағымсыз қылықтар көрсетіп, басқа да
балаларды еліктіреді. Балалар ауылынан
рұқсатсыз кетіп , ішімдік ішіп, бұзақы
балалармен қосылып өмірлерін қорлап
жүрген де балалардың болатыны жасырын
емес. Түрлі мінезді, әрқилы ортадан
жиналған балаларды тәрбиелеу, бабын
таба білу өте жауапты іс. Осы орайда
оларға әрі ана, әрі әке болып жүрген,
балалар үйіндегі, нәзік жанды, отбасын
құрмаған ана-тәрбиешілердің еңбегі
өлшеусіз. Бар жүрегінің жылуын, күш-жігерін
аямай жұмсап отбасы бақытының ұйытқысы
да – ана тәрбиеші. Отбасы үлгісіндегі
деп атынан аңғарылып тұрғандай мұнда
тәрбиешілер аптасына бір-ақ күн демалып,
қалған уақытта балалардан ажырамайды.
Мұндағы балалар ананың ыстық алақаны
мен жүрек жылуы дегенді туғаннан
білмейді. Сондықтан, ана орнындағы
тәрбиеші оларды еркелетіп, мейірімін
төгіп, ұрыспай, жекірмей тіл табысып,
үнемі жанынан табылып, жақсы тәрбие
беруі керек. Ал мұндай қызметке кім-кім
де шыдай бермейді. Оған асқан төзімділік,
жылы жүрек керек. Рас, қанша күш-жігерінді
жұмсасаң да баланың бәрін бірдей
білімді, адамгершілігі мол азамат етіп
тәрбиелеу мүмкін емес, десек те
жеткіншектерге үкілеп үміт артып,
ертеңгі күні нұрлы болсын деп қамқорлық
жасауды басты мақсат санайтын ана
тәрбиешілер балаларға отбасы құндылығын,
бауырмалдық, қайырымдылық туралы
айтқаннан жалыққан емес.
Біздің
балалар ауылында жалпы адамазаттық
құндылықтарды «темірқазықтай» шегелеп,
балаларға өмірлік ұстаным беріп, балалар
ауылы ашылғаннан қызмет етіп келе жатқан
әріптестерім Ш.Г.Хамзина, Ф.Т.Акмурзина,
П.М. Сюналиева, Н.И.Асанова. бүгінде
зейнеткерлікке шыққан А.У.Бисенова,
Л.К.Бактыгалиеваларға алғысым шексіз.
Ең бастысы ана-тәрбиешілер тәрбиеленушілерге
адал қызмет ете отырып, жанұяның –ол
адамға сүйіспеншілік, сеніміділік
беретін ұжым екеніне , жанұяң болса
барлық қиындықтарды, тағдырдың соққыларын
жеңуге көмектесетін қорған екеніне
және күнделікті қуаныш пен бақытты
сезінуге болатындығына көздерін
жеткізді.
Бүгінде
мен қызмет еткен 10 жыл ішінде 14 алғашқы
қарылғаштарым ұшып өмірде өз орындарын
тауып келеді. Алды жанұялы болып, жақсы
қызметте еңбек етіп жүр. Тәрбие деген
өте ұзақ, әрі күрделі үрдіс десекте,
қоғамда балаларымның жаман аты естілмесе
екен деп тілеп отырамын.
Ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балаларды
жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруға
жұмыстанып жатқан балалар ауылының
ұжымына және ана-тәрбиешілеріне
мейірімділік пен шыдамдылық тілей
отырып, ал балаларымызға Ы.Алтынсарин
атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш
дүниеге,кетігін тапта, бар қалан» дегім
келеді.
Ана-тәрбиеші
Ж.Е.Мукатова
Облыстық
отбасы үлгісіндегі балалар ауылы