жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Отбасым-құт мекенім» отбасылық сайыс
«Отбасым-құт мекенім» отбасылық сайыс
Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіре отырып, отбасылық сыйластық, адамгершілік ізгіліктерін дәріптеп, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бұл-қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі өткізілгелі отырған «Отбасым-құт мекенім» сайысына хош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз:
1. Ерзатқызы Ақбаян, анасы Гүлзинат
2. Кенжебекқызы Айша, анасы Айжан
3. Ризабек Мадияр, апасы Риза
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
-
«Отбасым менің осындай» (әр отбасы өздерін таныстырады).
-
«Өнерлі өрге жүзер» (отбасылардың өнері: ән, би, тақпақ т.б)
-
«Асыл жандар» (сұрақ-жауап)
-
«мен анамды танимын» балаларымызға арналған сайыс.
-
«Ең тапқыр» (сайыс)
Жүргізуші: әділқазылар алқасын таныстырып өтсек:
1. «Абай » орта мектебінің бухгалтері: Көкенова Мансия
2. «Абай» орта мектебінің музыканты: Шинпу Шолпан
3. «Балапан» орта тобының ата-анасы: Сарсенбаева Әсел
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастап реттік нөмірлерімізді анықтап алсақ:
(Балалар шығып, қораптың ішіндегі реттік нөмірлері жазылған қағазды алады.)
І. «Асқар тауы-сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреуіші анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Бірге олар болады мықты отбасы»,-деп сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық.
ІІ. «Жарайсыңдар, барлығың да өренім,
Асып бір төселсінші кемелің.
Риза болып, біздер қане көрелік,
Тамашалап отбасының өнерін»,-дей келе «Өнерлі өрге жүзер» атты сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр жанұяның өнерлерін тамашалайық.
ІІІ. «Отбасының таусылмайтын қызығы бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен аналар,
Аналарға қоятын сұрағы бар»,-деп сайысымыздың 3-кезеңі аналар асыл жандарымыз өздеріңізге арналады. Мен мақал-мәтелдің басын не соңын айтамын, сіздер жалғастырасыздар.
1. Отан-отбасынан басталады.
2. Анасын сүйгеннің баласын сүй
3. Ағайын-алтау,
Ана-біреу
4. Анаңның хақы-құдайдың хақы.
5. Әкеден-ақыл, анадан-мейір.
6. Ата-бәйтерек
Бала-жапырақ.
ІV. «Өзің барда еш қатерде төнбейді,
Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.
Асыл ана, мейіріміңді ойласам,
Жыр оралып, шабыт мені тербейді»,-дей келе сайысымыздың төртінші бөлімі «Мен анамды танимын» деп аталады. Ортаға барлық аналарды шақырамыз және кішкентай бүлдіршіндерімізді.
Ойын: Балалардың көздері байланып тұрады, осы кезде аналардың орнын айырбастап, балаларға «аналарыңды қолынан ұстап, сипау арқылы табасыңдар, егер осы кісі анам десеңіздер «Анашым» деп айтасыңдар»,-деп бүлдіршіндерімізге арналған ойынды бастаймыз.
V. «Ең тапқыр» (сайысы). Логикалық сұрақтар қойылады.
1-сұрақ. Қайыңда 90 алма өсіп тұр еді. Қатты жел соққан кезде 10 алма жерге түсті. Қанша қалды? (Қайыңда алма өспейді)
2-сұрақ: Нені дайындап, жеуге болмайды? (сабақ)
3-сұрақ: Қандай сұраққа «иә» деген жауап қайтаруға болмайды? (Сіз ұйықтап жатсыз ба?)
4-сұрақ: Жұмық көзбен не көруге болады? (түс)
Әділқазылардың құттықтауы, марапаттары табыс етіледі.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Отбасым-құт мекенім» сайысы өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға береке-бірлік, табыс тілеймін. Аман-сау болыңыздар!

шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген