400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасым тіршіліктің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отбасы - тіршіліктің тірегі»

Мақсаты:cтуденттердің отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Студенттердің ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Студенттерді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сынып сағаты

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,Презентация отбасы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту)

- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

ІІ. Мұғалімнің сөзі.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмірбосқа тек.

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке - тірек,

ана – жүрек,

бала–тілек.

Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес.



- Балалар, біз неліктен бүгін отбасы туралы сөз қозғамақпыз?

- (студенттердің жауабы тыңдалады)

- қыркүйектің екінші жексенбісінде қандай мереке аталатын болады?

- Отбасы күні мерекесі.





Ойқозғау.

1. Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар? Соларды атап өтсеңіздер.

Топтастыру.

Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай болуларың керек?

Т О П Т А С Т Ы Р У

Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда, әуелі отбасындатамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп шығады.



Оқушыларға алдын-ала отбасымен түскен (мерекеде, туған күнде, саябақта) фотосуреттерін алып келу тапсырылды. Сол фотосуреттерден көрме ұйымдастыру.

Сыныпты үш топқа бөлу. Екі топқа А4 форматтағы қағаздар, маркер, фломастер, бояулар беріледі. Екі топқа «Отбасы бақыты» тақырыбын демонстрациялау арқылы көрсетут апсырылады. Уақыт регламенті – 10 минут. Кейіннен екі топ кезегімен өз жұмыстарын қорғайды.

Топпен жұмыс.

Отбасы тірек сызбасын толтыру.

ОТБАСЫ

ТАТУЛЫҚ

МЕЙІРІМ

ЖАҚСЫ

ЖАМАН

ҰРЫСУ

БАҚЫТТЫ

СЫЙЛАСТЫҚ

СЫЙЛАМАУ



Мақал – сөздің мәйегі.

Бала болсаң болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың

Сыйламасаң, жан қинарсың.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.



Мұғалімнің сөзі.

Әке, Ана – үш-ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүлшығып...

Баланың ыстық-суығына күймейтін,

жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгін ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.

Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.

Біз бақытты жанұямыз:

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз? 

Қорытынды.

Оқушыларға қиылған суреттер тарату. Олар суреттерді құрастыру керек. Осы суреттерге байланысты мақал шығару.

«Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген мақалшығу керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі