«ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛДАРДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ӘСЕРІ»
Байкенова Гүлзада Еркебекқызы.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының
IV курс студенті
Жетекшісі: Емілесова Сания Жаныбеқызы.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, психология пәнінің оқытушысы
Аннотация. Қазіргі уақытта қоғамдағы отбасы институты, оның ішінде ата-аналар арасындағы қатынастар, бала тәрбиесіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Отбасындағы жанжалдар мен түсінбеушіліктердің балалардың психологиялық жағдайына, дамуына және мінез-құлқына әсері айтарлықтай. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық және психологиялық дамуы отбасындағы тұрақсыздыққа немесе жанжалдарға өте сезімтал болады. Осы мақалада біз отбасындағы жанжалдардың балалардың эмоционалды және психологиялық дамуына ықпалын қарастырып, оның себептері мен салдарын талдаймыз.
Түйін сөздер. Отбасылық жанжалдар, бастауыш сынып оқушылары, эмоционалды даму, психологиялық даму, балалардың психологиясы, жанжалдардың әсері, психологиялық қолдау, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас.
Аннотация. В настоящее время институт семьи в обществе, включая отношения между родителями, является одним из важнейших факторов, влияющих на воспитание детей. Влияние конфликтов и недоразумений в семье на психологическое состояние, развитие и поведение детей является значительным. В частности, эмоциональное и психологическое развитие младших школьников становится очень чувствительным к нестабильности или конфликтам в семье. В этой статье мы рассмотрим влияние конфликтов в семье на эмоциональное и психологическое развитие детей и проанализируем их причины и последствия.
Ключевые слова. Семейные конфликты, учащиеся начальных классов, эмоциональное развитие, психологическое развитие, психология детей, влияние конфликтов, психологическая поддержка, взаимоотношения между родителями.
Annotation. Currently, the institution of the family in society, including the relationship between parents, is one of the most important factors influencing the upbringing of children. The impact of conflicts and misunderstandings in the family on the psychological state, development and behavior of children is significant. In particular, the emotional and psychological development of younger schoolchildren becomes very sensitive to instability or conflicts in the family. In this article, we will look at the impact of family conflicts on the emotional and psychological development of children and analyze their causes and consequences.
Keywords. Family conflicts, primary school students, emotional development, psychological development, psychology of children, impact of conflicts, psychological support, relationship between parents.
Отбасы бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Әр бала бақыт, махаббат пен түсіністік атмосферасында өсуі керек. Күрделі заманауи әлемде адамның өміршеңдігі әл-ауқаттың субъективті қабылдауына байланысты. Егер бала отбасында сүйіспеншілік пен қолдау көрмесе, онда ол эмоционалды күйзеліске ұшырайды, бұл агрессия, тежелу, қорқыныш, оқшаулану түрінде көрінеді. Зерттеушілердің пікірінше, бұл адам есейгенге дейін бірге жүреді. Егер, керісінше, ата-аналар баласына сүйіспеншілік пен қолдау көрсетсе, онда ол эмоционалды жайлылық күйіне ие болып: сенімділік пен белсенділік; өзін-өзі бағалау мен бақылау; жетістікке ұмтылу сияқты құзіреттіліктерді меңгереді. Зерттеушілер ата-аналарды баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі көзі ретінде қарастырады, олар балаға мектепте, ортаға бейімделуге, өз өмірін өз бетінше басқаруға қажетті дағдыларды игеруде маңызды рөл атқарады [1].
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту болып табылады. Бала психикасының дамуын зерттеудің міндеттері төмендегідей болып келеді:
-
Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
-
Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
-
Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Әл-Фараби өз еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды. «Қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді». Осы жағдайда біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән рольді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып шоғырланады [2].
К.Д. Ушинский: «... ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»,-деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде білімнің рольі, білімнің сенімге айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті шарттар ретінде беріледі [3].
Отбасындағы жанжалдар – бұл ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, түсініспеушіліктер, дау-дамайлар және конфликтілер, олар баланың эмоционалды және психологиялық дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Баланың жас кезеңінде психологиялық ахуал мен отбасындағы қарым-қатынастар арасында тығыз байланыс бар. Ата-аналар арасындағы тұрақты жанжалдар немесе ашық қақтығыстар, әсіресе бастауыш сынып жасындағы балалар үшін, олардың эмоционалды тепе-теңдігін бұза алады.
Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Яғни, балалармен көбірек уақытын бірге өткізіп, балалармен сөйлесіп, ақылдасып отыру отбасының берік болуына, бауырмалдық қасиеттің қалыптасуына әсер етеді. Себебі қалалық жерлерде тұратын отбасының иелері жұмыс басты болып бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, соның салдарынан балалардың бұзық жолға түсіп кетуіне алып келеді. Отбасындағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше мен үй ішіндегі үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді, мұның бәрі әсер етуі мүмкін. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ананың басты парызы [4].
Отбасы – бұл белгілі бір моральдық-психологиялық климат, ол бала үшін адамдармен қарым-қатынас мектебі. Баланың жақсылық пен жамандық, әдептілік, материалдық және рухани құндылықтарды құрметтеу туралы түсініктері отбасында қалыптасады. Отбасындағы жақын адамдарымен ол махаббат, достық, борыш, жауапкершілік, әділеттілік сезімдерін сезінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың ішкі әлемінің басты ерекшелігі – ол әлі өз уайымының мазмұны туралы аз біледі. Бала көбінесе үйдегі және мектептегі қиындықтарға өткір эмоционалды реакциялармен, яғни ашумен, қорқынышпен немесе басқа да әсерлерімен жауап береді.
Отбасындағы жанжалдардың балаларға теріс әсерін азайту үшін бірнеше тәсілдер ұсынылады:
-
Отбасындағы психологиялық қолдау: Ата-аналарға жанжалдарды шешудің конструктивті жолдары туралы кеңес беру. Жанжалдарды дұрыс шешу үшін отбасылық психотерапия мен кеңес беру маңызды.
-
Эмоционалды қолдау көрсету: Балаларға эмоциялық қолдау көрсетіп, олардың қорқыныштарын жеңуге, стресс жағдайларынан шығуға көмектесу. Баланың эмоцияларын дұрыс түсініп, оларды басқару үшін психологтардың көмегі қажет.
-
Ата-аналар арасындағы коммуникацияны жақсарту: Ата-аналар арасында ашық және шынайы қарым-қатынас орнату, жанжалдардың алдын алу үшін өзара түсіністікке негізделген коммуникацияны дамыту.
-
Баланың әлеуметтік дағдыларын дамыту: Балалардың эмоциялық сауаттылығын дамыту, олардың ішкі күйзелістерін дұрыс басқаруға және қарым-қатынас дағдыларын үйрету.
Біздің пікірімізше, бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу үрдісінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің тағы басқа салаларын өз алдына дербес зерттеу – ғылыми-педагогикалық мәні зор мемлекеттік талап міндеттердің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған мәселелер ді шешуде біздің де зерттеуіміз өз үндестігін табады деп сенеміз.
Отбасындағы жанжалдар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды және психологиялық дамуына теріс әсер етеді. Жанжалдар балаларда қорқыныш, мазасыздық, ашуланшақтық, және өзін-өзі бағалаудың төмендеуі сияқты мәселелерге әкелуі мүмкін. Балалардың психологиялық денсаулығы мен оқу жетістіктерін сақтап қалу үшін отбасындағы жанжалдарды басқарудың тиімді жолдары қажет. Осыған байланысты ата-аналар мен педагогтардың бірлескен әрекеттері балалардың психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Жумасова К. Психология: Оқулық К. Жүмасова, Л. Есенова. - 3- басылым, толықт., өңд. - Астана: Фолиант, 2017. -4 0 0 б. (қазақ тілінде)
-
Психолог в начальной школе: Учебно-практическое пособие / Г.С.Абрамова, Т.П.Гаврилова, А.Г.Лидерс и др.; под ред. Т.Ю.Андрущенко. – Волгоград: Перемена, 1995.
-
Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания. Монография. – Москва: «Директ-Медия», 2012. – 245 с
-
Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы: «РБК», 1997. – 141 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз