жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_______ колледждің әдіскері:
Келісемін:_______ Жунусова.Л.Б Сынып жетекшісі: Секетаева.Т.М.
САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Отбасындағы
өзара түсіністікті үйренеміз
Өтетін орны: №17 мектеп КММ
Сынып: 4
Мерзімі: 22.10.2020
Тобы: 310
Машықкер: Асылтаева Дильназ Болатовна
Семей, 2020
Тақырыбы: Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, татулық, бауырмалдық
|
Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы өзара түсіністіктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
|
Сабақтың барысы:
Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар: • Ата-әженің мейірімі дегенді қалай түсінесіңдер? • Айғаным әжесі мен Шоқанның арасындағы жылылық қалайша байқалады? • Шоқанның үлкен жырды түсіне алатынын Айғаным әжесі қайдан білді? • Отбасында өзара түсінісу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? • Өзің отбасында түсіністікке қалай қол жеткізіп жүрсің? |
|
|
3) Сабақтың дәйексөзі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» Халық мақалы. Сұрақтар: 1. Ата-баба –өнері дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдің? |
|
|
4)Оқиға айту (Мұғалім сыйы). «Отбасы ошағы» аңыз әңгіме Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады. Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады. Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады. Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды. Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды. Сұрақтар: 1. Оқиғаның мағынасы неде? 2. «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады? 4. Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз? 5. Сен өз отбасыңды қалай жылытар едің? Иә балалар, қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. |
|
|
4)Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: «Диалогты жалғастырып айт!» Әжесі мен немересі Немересі Айару әжесін еркелей құшақтап:
Әжесі:
Атасы мен немересі Немересі Ерсұлтан атасының қолынан ұстап:
Атасы:
Әкесі мен ұлы Әкесі мен ұлы Темірлан үстел теннисін ойнамақшы болды. Әкесі:
Ұлы Темірлан:
Анасы мен қызы Анасы қызы Нұрайымға майда моншақтан әшекей жасауды үйретіп жатыр. Анасы:
Қызы Нұрайым:
2-тапсырма:. «Отбасы аясында» деген тақырыпта постер қорғау. |
Түрлі – түсті қағаздар, А4 бет, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер. |
|
5)Топпен ән айту. «Анажаным» Анашым
анажаным Бойыңда мен
сүйетін |
Таратпа қағаздар (әннің сөзі бар)
|
|
7) Үй тапсырмасы. «Бақытты отбасы» тақырыбына әңгіме құрау. |
|
|
8) Сабақтың қорытынды сәті. Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіреттін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегің, ананың ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рефлексия: «Өз сөзімнің дәлелі» |
|
Пайдаланылған көрнекіліктер:





шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген