Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Отбасыңды қадірле!

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасының құндылығы туралы таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп:Қойгелді Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Отбасыңды қадірле Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, өз өзіне адал болу, бәрін жақсы көру. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның отбасы алдындағы азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрете отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - отбасы ұғымдары туралы түсінік беріп өзіне адал болуға үйрету;

Дамытушылық: - отбасының бәрін жақсы көруге баулу;

Тәрбиелік: - отбасымен саналы қарым- қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сәлемдесу

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыр

ылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтау, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру

Музыка қойылады


Тыныштық сәті


3. Дәйексөз

Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас,

Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.ересін

Бауыржан Момышұлы

Дәйексөз талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелесу

Қала және қыз бала Марат Қабанбай

  • Әжесі мен немересінің бір-біріне деген ризашылықтарын қандай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

  • Әжесі мен немересінің қарым-қатынастары қандай құндылықтарға негізделген деп ойлайсыңдар? Қалайша?

  • Отбасын қадірлеудің маңызын қалай түсінесіңдер?

  • Өз отбасындағы ізгі қарым-қатынас көріністерінен мысал келтіріп, айтыңдар.

Сұрақ –жауап




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

«Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес» Қорқыт ата.

«Ата-анадан ұрпақ өсіп тараған, Жақсы, жаман болса, бала – солардан» Жүсіп Баласағұни.

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»

«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» Б.Момышұлы.

«Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп , өмір сүретін орны» А.С.Макаренко.

«Елін сүйер, сеніңіз, өз семьясын сүйе алған»

2-тапсырма: Суреттегі отбасы үндестігін тауып, әңгімелеп беріңдер.

3-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, өз аналарыңмен сүйіспеншілік қарым-қатынас туралы айтып беріңдер.

Шешенің балаларын сүюі Міржақып Дулатов

Кім сендерді, балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді ,келгеніңше

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келсеңдер адам болып,

Еш арманым болмас еді өлгенімше.



6.Топпен ән айту

Ата – Әже Нұржан Төлендиев

Қалмасын деп қатардан Қанша көрдім дегенмен,

Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің

Айналайын әжемнен Қанша білдім дегенмен,

Айналайын атамнан. Білмегенім көп менің

Мақтанбаймын бекер мен, Мен дегенде ештеңе

Өшпейсіңдер санамнан Аямайтын осылар

Айналайын әкемнен Таңертең де кешке де

Айналайын анамнан. Аялайтын осылар

Күн сияқты ашылар Қалай жаман боламын

Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын

Қ-сы: Атаааааааа Әжеееееее

Мен сіздерді сүйіп өтемін

Анааааааа Әкеееееееее

Сыилаймынғой бәріңді

Мен сіздерге қарап өсермін



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Ана мен сәби» өлеңін жаттап келу.

Күнделік теріне белгілеу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1094
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12