Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасының адам өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп: Бозтал «ЖОББМ» КММ

Күні: 25.09.2020

Машықкер: Есхожина Аяжан Ромбекқызы

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Отбасының қоғам өміріндегі маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқушылар отбасының маңыздылығын дәлелдеуге, отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдауға үйренеді.

Көптеген оқушылар: Конституцияны туралы ұғымдарын толықтырады. Оқушылар адам өміріндегі ата заңның маңыздылығы туралы қорытынды жасауға үйренеді.

Кейбір оқушылар: Тапсырмалар отбасылық бюджеттің табысын және шығыстарын талдау мүмкіндігіне бағытталған. Оқушылар отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеуге, отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдауға үйренеді;

  • Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің болуын, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу дағдысы дамиды;

  • Оқушылар отбасы мүшелерінің міндеттері мен тұлғалық қасиеттерін талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • отбасы;

  • қоғам;

  • тұлғалық қасиеттер;

Мысалы (тілдік мақсатқа байланысты):

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасының қоғам өміріндегі маңызы қандай?

  • Отбасыдағы ата мен әженің, әке мен ананың рөлі қандай?

Жазу үшін мысалдар:

  • Отбасындағы балалардың рөлі туралы кластер;

  • «Отбасы адамға не үшін қажет?» кесте;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу ортасын құру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: «Отбасы мүшелерінің мамандықтары»; 56- сабақ; 118 – бет. Әдебиеттік оқу: «Мен бақытты баламын»; 81 – бет.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Оқушылардың 1-сыныптың «Менің отбасым және достарым» тарауынан отбасы мен достық туралы түсініктері бар. Мектептеп және үйдегі өзін- өзі ұстау ережелерін 1-2 сыныптың «Өзім туралы», «Менің мектебім», «Менің отбасым және достарым» тарауларынан біледі. Олар өздерінің отбасыларының кірістері мен шығыстарын талдай алады және күнделікті өмірдегі білімдерін қолдана отырып, өздерінің шығындарын жоспарлай біледі.. Оқушылар мектептегі өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіре алады (2 тарау «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» 3-сынып)

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут












1 минут






1 минут








Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Сабақтың мақсатымен танысу:

  • Сен отбасының әр мүшесі қандай рөл атқаратынын білесің;

  • Сен отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдей аласың;


Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Отбасы дегеніміз – бұл адамдардың некеге немесе туыстық жақындыққа негізделген, тұрмыс ортақтығы, рухани жауапкершілік және бауырмалдық тұрғысынан өзара байланысқан бірлестігі. Әдеттегі отбасын әке-шеше, ата мен әже және балалар құрайды. Отбасылары үлкен немесе шағын болуы мүмкін. Әр отбасы өз шаруашылығын жүргізуде қаржы-қаражат пен ақыл-ой мүмкіндіктерін бірлесе атқару арқылы шешеді.





















https://yadi.sk/d/_KOTMHg6qOTCxw

Сабақтың ортасы

4 минут























3 минут














3 минут















3 минут










2 минут










7 минут

ОТБАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.

Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады

Дескриптор:

  1. Диалогке қатысады;

  2. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады;

  3. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі;

  4. Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді;

Кестені толтыр:

Адамға отбасы не үшін қажет?


Отбасы мүшелері бірін бірі қалай атайды?


Отбасындағы бір адам бірнеше істі атқара ала ма?Мысал келтір.


ҚБ: «От шашу» әдісі

Дескриптор:

  1. Кестені толтырады;

  2. Әрбір сұраққа жауап бере отырып, мысалдар келтіреді;

Отбасы бір үйде тұратын ең жақын адамдар құрайды. Отбасы үй шаруашылығына, бала тәрбиесіне пайдаланатын қаржы-қаражатты бірлесе, ақылдаса отырып атқарады.

(ӨЖ) «Ашық микрофон» ойыны:

  1. Отбасындағы әр адам өз шаруашылық міндеттерін қалай жүргізеді?

  2. Жалғыз істегеннен гөрі бірлесіп атқарған жұмыс жеңіл әрі тиімді екенін дәлелде. Мысал келтір.

  3. Отбасы кез келген мәселенің ыңғайлы жолын тауып, шеше ала ма?

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Дескриптор:

  1. Отбасындағы әр адамның шаруашылық міндеттерін талдай отырып, өз ойларын еркін жеткізеді.

  2. Сұрақтарға жауап береді.

  3. Мысалдар келтіреді.

Әр отбасының өз тәртібі бар. Ол қоғамға байланысты қалыптасады. Сонымен бірге, отбасы – өз алдына өмір сүре алатын қоғамның бір бөлшегі.

Кластерді оқиық

(ӨЖ) «Ой бөліс!» әдісі:

Ата мен әженің, әке мен ананың отбасындағы рөлі туралы әңгімелеп бер.

Отбасындағы балалардың рөлі туралы кластер құрастыр.

Дескриптор:

  1. Ата мен әженің, әке мен ананың отбасындағы рөлі туралы әңгімелейді;

  2. Отбасындағы балалардың рөлін талдай отырып, кластер құрастырады;

Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі.

(ТЖ) Шығармашылық жұмыс:

Топпен бірлесе отырып, отбасының күн тәртібін құрастыр. Қоғамның не екенін есіңе түсір.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Дескриптор:

  1. Топтасып, отбасының міндеттерін ескере отырып, күн тәртібін құрады;

  2. Қоғамның не екенін естеріне түсіреді;


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Белсенді оқу тапсырма

лары.







Жұмыс дәптері.<

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12