жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасының берекесі бәрінен де қымбат 3 сынып
|
Мектеп: Мұғалімнің аты –жөні: |
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы РАхманбердиева А.Т |
||
|
Пән: Дүниетану № 31 сабақ Күні: |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Ортақ тақырып: |
Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.1 Менің отбасым. |
||
|
Тақырыбы: |
Отбасының берекесі бәрінен де қымбат. |
||
|
Оқу мақсаты |
1.1.3 Өз отбасыңның құндылықтарын анықтау. |
||
|
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) |
Барлық оқушылар: – отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға құрмет көрсетеді, қамқор болады; |
||
|
|
– отбасылық құндылықтарды сақтаудың мәнін түсінетін болады. |
||
|
Тілдік мақсат |
Көптеген оқушылар: – «отбасы», «бақытты отбасы» деген түсініктердің мағынасын ұғынатын болады. |
||
|
Бастапқы білім |
«Су- тіршілік көзі» бөлімі бойынша. Табиғи ортада қандай қауіп- қатерлер бар? тақырыбын біледі. |
||
|
Сабақтың жоспары |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
|
|
|
|
|
Ой қозғау Жаңа сабақ Сабақтың ортасы Оқушылар сергіту сәтін жасайды Жазылым Дәптермен жұмыс |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім, Қайырлы күн, өсімдіктер, жəндіктер, Қайырлы күн, барша тіршілік иесі. Жұмыс ережесін келісу
Мұғалім: Барлығыңның жақсы көңіл күйде болғандарыңды көргеніме өте қуаныштымын. Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастасақ, жақсы нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын. Сабақтың басында өткен сабақты қайталайықшы. Қайталау білімнің анасы «Таңдаулы сауал» әдісі арқылы алдыңғы білімді бекіту.
Табиғи қатерлердің болу себебі неден деп ойлайсыңдар? Төтенше жағдайларда не істеу керек? Төтенше жағдайларда қайда хабарласу керек? Жарайсыңдар балалар,ендеше қандай сурет көріп отырмыз?
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
Ендеше біз сендермен қандай тақырыпты сөз етеміз? Дұрыс, біз сендермен отбасы жайында сөйлесетін боламыз. Отбасы дегеніміз –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бір үйде тұратын жақын адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз. Ендеше әрбір адам бақытты отбасы болу үшін не істеуі керек. Оқулықпен жұмыс Ендеше оқушылар сендердің ойларынша бақыт дегеніміз не? Балалар, барлық адамдар бақытты болғысы келеді, солай емес пе? Яғни, бақыт деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді. Ендеше мына берілген бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді мәнділігіне сәйкес нөмірлеп көрейікші.Бақытты болу үшін бірінші орынға нені қоямыз? Оқулықтағы «Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай нөмірле?» деген тапсырманы орындау.
Бақыт Отбасы балалар ма отбасы балалар материалдық игілік демалыс мансап Дескрипторлары: * Сұрақтарға жауап береді. * Қажеттіліктерді мәнділігіне сәйкес нөмірлейді. * Отбасының бақытты өмір сүруіне байланысты өмірдегі құндылықтарды біледі. Қараңдар, барлығың 1 және 2 деген нөмірде отбасы және бала сөздерін бірауыздан жазған екенсіңдер. Жарайсыңдар! Ең бірінші отбасы және балалар болу керек.Онан кейін материалдық игілік ,дмалыс болса мансабымыз өсіп жатса ,бұлардың барлығы бақытты өмір сүруге қажеттіліктер болып саналады. Отбасы – қоғамның негізі. Себебі қоғам отбасыдан тұрады. Отбасы- біздің өміріміздегі ең басты құндылық.Егер біздің басымызға жамандық,қиындық және бақытсыздық төнсе ,бізді кім тыңдайды,кім көмек береді,сабырға шақырып ақылын айтып,кім қорғайды?Біз бірінші көмекті және ақылды кімнен сұраймыз? Оқушылардың жауабын тыңдау. Мұғалім : Әрине,бізге көмекке келетін, сабырға шақыратын ақылын айтып қорғайтын біздің атамыз,әжеміз ,әкеміз және шешеміз яғни отбасымыз екен.
Суреттерге қараңдаршы. Бұл отбасындағылар бақытты ма? Оқушылар суретте бейнеленген жағдайларды талқылайды.
Дескриптор: * Суреттегі бейнені баяндай алады. * Мәтіннің мазмұнын суретпен салыстырады, айырмашылығын айтады. * Бейнеленген жағдаяттардан шығу жолын таба алады. *Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Мәтіннің мазмұнын талқылайды. Отбасындағы құндылықтарды біледі.
- Бірінші суретте анасы мен әкесі сөзге келіп қалды, ал оның балаға кері әсер етті. - Екінші суретте әкесі баласына ашуланды ,бұл жерде де отбасында татулық ,тыныштық болмай тұр. - Келесі суретте әкесі де анасы да баламен ісі жоқ яғни бұл суреттерден біз бақытты отбасын көре алмай тұрмыз Ал ендеше біз бұл суреттерді басқа суреттермен алмастырып көрейікші
Отбасының жылуы әрбір отбасы мүшесінің үлесінен құралады.Тату отбасында бірін-бірі түсіне де алады.Үлкендер мен балалардың өзара сүйіспеншілігі мен сыйластығы орныққан отбасылар бақытты әрі берік болады. Үй ішіндегі келісім мен тыныштыққа отбасының әрбір мүшесінің көңіл күйі мен мінез құлқы әсер етеді. Сергіту сәті Ендеше көңілімізді көтеріп, бір сергіп алайықшы «Топтастыру» әдісі Балалар отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Ерте кезде бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелері өте көп болған. Атасы, әжесі, анасы, әкесі, балалары, немерелері, шөберелері – барлығы бірге тұрған. Бірігіп еңбек еткен, балаларды тәрбиелеген, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне қамқор болған. Барлығы тату- тәтті өмір сүрген. Осы сөзімізге дәлелді біз мақал-мәтелдерден таба аламыз. Кәне, мақал- мәтелдерді құрастырып көрейікші
Мақалдарды толықтыр
Әкеге қарап…… өсер.
………көрген тон пішер.
………… бардың жағасы бар. Жарайсыңдар балалар! Адамға өмірде ең қымбаты –отбасы .Сонымен, отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.Бір – бірін аялап, кешіре және түсіне білгенде отбасы берік болады. «Күнбағыс» әдісі мейірімді
Бақытты отбасы
кешірімді өзара түсіністік үлгілі адал сыйластық Отбасында қандай қасиеттер сақталуы керек?
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Мұғалім: Балалар, біз тағы бір отбасы туралы айтуды ұмытып барамыз. Ол отбасы – біздің сыныбымыз. Сынып – сендердің екінші отбасыларың. Мұнда біз көп уақытымызды бірге өткіземіз, бірге еңбектенеміз, білім аламыз, пайдалы істермен айналысамыз, бірге көңіл көтереміз, демаламыз. Біздің сыныбымыз - өте ұйымшыл. – Балалар, кез келген отбасы бақытты да баянды өмір сүруі үшін оның әрбір мүшесі белгілі бір жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Бір-бірін жақсы түсініп, қамқорлық танытып, барлық нәрсені ұйымдасып істесе ғана әрбір отбасы бақытты болады. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 11.06.2021 3671
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген