Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өткен күндер жеңісі -Тәуелсіздік жемісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Өткен күндер жеңісі -Тәуелсіздік жемісі»
Мақсаты: Қазақ елінің қаһармандық тарихы туралы түсінік беру. Тарихымызға шолу жасау арқылы «Тәуелсіздік» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басуға жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.Р.мемлекеттік рәміздері, тарихи шолу слайдтары, бейнематериалдар, жалаушалар, шарлар,стендтер, оқушылар шығармалары т.б.
Түрі: саяси танымдық сабақ.
Барысы:
Жоңғар шапқыншылығы.
Ашаршылық (1928 – 1932 жж)
Репрессия (1937 – 1939 жж)
Ұлы Отан соғысы (1941 – 1945 жж)
Желтоқсан (1986 ж)
Жүсіпбергенов Ислам «Жаным Қазақ» 6 б класс
7ә класс оқыту Ләтіпбаева Гүлсана
Сараптта тарих беттерін
Парақта тарих беттерін
Оқисын одан не қилы,
Шежірелі сөздерін.
Қанды қырғын Шыңғыс та,
Салды ойран қазаққа.
Өзбекппен, қалмақта,
Салды ланды қазаққа.
Ер Абылай тұсында
Азаттық алған елім – ай
Талай қырғын азапты
Көтерген менің жерім – ай.
Кенесары Қасымдай,
Саржанменен, Сырымдай,
Исатай мен Махамбет,
Еңіреп туған ерлерім
Айта берсем мың бір рет
Ашаршылық құрбаны,
Болған қайран елім- ай
Репрессия құрбаны,
Болған қайран ерім – ай.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Мағжан, Дулат, Ахмет,
Әлихан, Тұрар, Шәкәрім,
Еңіреп өтті – ау елім деп.
Соғыс зарын шеккен ел,
Қорылықты сонша көрген ел,
Желтоқсанға құрбандық,
Өз қолымен шалған ел.
Дүниеге паш болып,
Тәуелсіздік алған ел,
Нарықтың қыспағын
Жаншыла басып көтерген
Қазақ деген елім бұл!!!
І-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің еліміздегі атаулы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мереке аясында өткізіліп жатқан танымдық кешіміз «Өткен күндер жеңісі - Тәуелсіздік жемісі» іс-шарасына қош келдіңіздер!
ІІ-жүргізуші: Биыл – қазақ елінің мәртебесін жоғарлатып, шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Бабаларымыздың мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанымызға – 25 жыл.
Әнұран орындалады
І - жүргізуші: (слайдтар жүріп жатады) Біздің туып өскен жеріміз-Қазақстан Республикасы. Ол-көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін қазақтың ұлан-байтақ жерін ата-бабамыз,ел басқарған дана басшыларымыз сан- ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен», «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» сырттан төнген қауіп-қатерден қызғыштай қорғап келген. Қазақ халқы –ержүрек, достыққа адал, бауырмал,қонақжай халық. Қазақ еліне тәуелсіздікке жету өте қиынға соқты.Біздің көптеген ата-бабаларымыз құрбандыққа душар болды. Енді соларға байланысты еліміздің тарихына көз жіберейік. ХV ғасырда Қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда Қазақстан мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді.
Деректі фильм «Жоғар шапқыншылығы»
6ә класс оқушылары Элонора мен Нұрайдың орындауында
Ән «Қазақ елі» орындайтын:
Қарашы қазақ
еліме
Қарашы қазақ
жеріме
Кең өлкесі
Сарыарқасы
Берекенің
алқасы
Мерекенің
арқасы
Арайлы алтын
таңдарың
Жайдары жарқын
жандары
Асқарлы арманы
бар
Аспаны таулары
бар
Бақшалы баулары
бар
Қайырмасы:
Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай
Иә солай, Иә солай Қазақ елі
осындай
2.Алатау, Алтай арасы
Еділ мен Ертіс жағасы
Түсік пен терістігі
Көрінбес тегістігі
Қиысып кеңестігі
Алақай дархан бейілі
Анадай айтай бейілі
Бір тұтас халқымыз бар
Мызғымас халқымыз бар
Әлемге даңқымыз бар
Қайырмасы:
Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай
Иә солай, Иә солай Қазақ елі
осындай
3.Көгінде күлген ай, күні
Шалқыған шалқар қылығы
Сарқымаз еліміз бар
Алтылды көліміз бар
Айтылды еліміз бар
Қайырмасы:
Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай
Иә солай, Иә солай Қазақ елі
осындай
ІІ жүргізуші: 15-ғасырда Шу мен Қозыбасы өңірінде Жәнібек пен Керей қуатты қазақ хандығын құрды.
І жүргізуші:: Қасым мен Тәуекел Сыр бойындағы қалалар үшін күресті.
ІІ жүргізуші: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды шешен де әділ билеріміз елді бірлік пен берекеге, батырлық пен елдікке шақыра білді.
І жүргізуші: Сырым Датұлы,Махамбет,Исатай,Жанқожа және тағы басқа батырлар патша отаршылығына қарсы күресіп өтті.
ІІ Жүргізуші: Қыстан әрең шығып, бір уыс тары табалмай, Кеңес өкіметі әдейі ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының көбісінен айырылып шыбынша қырылды.
Деректі фильм «Ашаршылық», «Елім-ай» 2-3
1 Жүргізуші: Алаштың арыстарын тоз – тоз еткен зұлмат жылдары алдағы күннен үміт үзбеген Әлихан Бөкейханов «Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні бөлек мемлекет болар» депті. Ұлт көсемінің осы корегендігі жүзеге асты.
«Қазақ биі» орындайтын қыздар тобы
ІІ Жүргізуші: 1937 жылы « Қызыл репрессия-ны бастан кешті..
Деректі фильм «Репрессия» 4
І жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22-сінде фашистік Германия Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады, елін, жерін қорғау үшін халық майданға аттанды,тылда еңбек етті. «Бәрі де Отан үшін ,бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін!»-басты ұран болды.
Деректі фильм «Ұлы Отан соғысы» 5
Қыстаубаева Динара 7в класс
Тастар көкке атылды , Оқ астынан зулаған
Орман шулап, тау құлап, Туған жермен бір болып,
Жиырма сегіз батырды, Жау алдында тұрды олар
Жеңе алмады жау бірақ. Жиырма сегіз шың болып.
Жамылды жер тұманды, Жау жеңілді ақыры,
Өрт ішінде қалды бақ, Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз қыранды Жиырма сегіз батырын
Жеңе алмады жау бірақ. Ұмытпайды ел мәңгілік
ІІ Жүргізуші: Қазақ халқының Төлеген Тоқтардай, Нүркен Әбдіровтей, Мәншүк пен Әлиядай, Қасым Қайсеновтай, Бауыржан Момышұлындай, Мәлік Ғабдуллиндей неше мыңдаған батырлары жауға қарсы шайқасып қаншама қазақ боздақтары жер жастанды, бірақ намысты қолдан бермеді.
«Бейбіт күн тілегі» хорымен орындалады:
1.Жойылсын жалғыз сөз соғыс
деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән
бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
2.Көктесін жас ағаш одан
әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
3.Қайғыны білмесін ана
жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы.
І жүргізушы: Би «Катюша» қыздар тобы
ІІ Жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде де аз жазылған жоқ. Халқымыздың Тәуелсіздігі, Егемендігі жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету – қазақ азаматтарының игі борышы.
-
Жүргізуші:
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,
Құпия шерттім осы жан сырымды.
Хош енді, жолықпасаң, қайран ана,
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.
Деректі фильм «Желтоқсан көтерілісі» 6
ІІ Жүргізуші Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков секілді ұл-қыздарымыз еліміздің болашағы, еркіндігі үшін күресті. Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді.Солардың арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық
І- Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Әсел 7в класс. «Желтоқсан» өленін оқиды.
Мұз жастанып азаттық жолында
Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда.
Жеңіп шықтың бас имедің қасардың Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиған ұлдардың
Аз болған жоқ азап шеккен қыздардың
Күйініштен ауырады жүрегім
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.
Ән «Алға Қазақстан» Жүсіпбергенов Ислам
ІІ Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Деректі фильм «Тұңғыш Президент» 7
І Жүргізуші Тәуелсіздік - елдің ұраны. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы 16-желтоқсан күні еліміз өз алдына егемендік алып,тұңғыш Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келді.1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенті етіп сайлады.1996 жылы 9-желтоқсанда призидент жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке ҚР «Халық қаһарманы» атағы беріліп айырықша ерекшелік белгісімен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сондай-ақ Сәбира,Ләззат,Ерболға «Ақтау» жөніндегі анықтама қағаз берілді.
ІІ Жүргізуші: Тәуелсіздік – ұмыт қалған тілімізді, дінімізді, әдет – ғұрпымызды, тарихымызды жаңартты! Тіл мемлекеттік мәртебе алды.
І Жүргізуші:
1992 жылы 4-маусымда Президент «Қр мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны туралы» Заңға қол қойды.
ІІ Жүргізуші:
*1993 жылы 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
І Жүргізуші:
*1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны Т.Мұсабаев ғарышқа сапарға аттанды.
ІІ Жүргізуші:
*1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
7в класс оқушылары
Біздің ту- Мерей
Айнымайды аспаннан Жанатындай өзі отша
Біздің тудың бояуы Жалын шарпып бетіңді,
Оны халық қашанда Туымыз да қазақша
Биікке іліп қояды Сөйлеп тұрған секілді.
Елтаңба-Аружан Қатар шапқан қос тұлпар,
Бұл –таңбасы елімнің, Ай астында қазақы үй.
Елдігімнің белгісі. Қалықтаған жас сұңқар,
Мұнда да бар ерлігім, Шарықтаған таза күй.
Мұнда да бар жер күші Әнұран- Райлан