Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өткенді пысықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты: әдебиеттік оқу

Уақыты: 24.02.2017 ж.

Сынып: 4 « »


Сабақтың тақырыбы:

Жазғытұрым М.Жұмабаев

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже

Сабақтың көрнекілігі: 

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын,өлеңнің мазмұнын игерту.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыланады.

оқытудың техникалық құралдары, Мағжан Жұмабаев суреттері, жазғытұрымғы уақытты бейнелейтін суреттер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Әр бала өз есіміні айта отырып, жағымды сөз қосып айтады.

Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Саған күн шуағы жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды? Не себептен? Адам тіршілігіне күннен басқа тағы не қажет?

«Топтастыру» жүргізу.

Ендеше бүгінгі сабағымыз осындай шуақты күндердің бірі және табиғат сыйы болмақ. Мағжан Жұмабаевтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.

(интерактивті тақта арқылы суретін көрсете отырып, қысқаша өмірбаянымен таныстыру.)

Сергіту сәті

Мұғаліммен бірге түрлі қимыл жаттығуларын жасайды.

Жаңа сабақ

ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-1938 ж.), ақын, аудармашы, жазушы, публицист. 1908 жылға дейін өз әкесі — Бекеннен хат танып, ауыл мұғалімінен сауатын ашады. 1908-09 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды, өздігінен орыс тілі мен әдебиетін оқып үйренеді. Сонда жүріп қазақ шәкірттерінің «Садақ» атты қолжазба журналынын негізін салады. Кейін Омбы мүғалімдер семинариясын бітіреді (1917 ж.). Омбыда оқып жүрген кезіңде «Бірлік» атты әдеби үйірменің «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын басқарады. Осы кезде алашордашылармен байланыс жасайды, бірак кейін Кеңес өкіметі жағына шығады да, 1917-1923 ж. «Бостандық туы» (Қызылжар), «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында (Ташкент) қызмет істейді. 1923-26 ж. Мәскеу көркем әдебиет институтында (белгілі орыс ақыны Брюсовтің жетекшілігімен) оқиды. 1927-29 ж. Қызылжар педтехникумында, орыс орта мектебіңде қызмет атқарады. 1930 ж. тұтқынға алынып, он жылға сотталып, Архангельск облысы «Соловец» еңбекпен түзеу лагеріне жіберіледі. Одан А. М. Горькийдің жұбайы А. Пешкованың көмегімен, жаза мерзімінен бұрын босанып шығып, 1936 ж. аяғында өз аулына оралады. 1937 ж. маусымда Алматыға келіп, жұмысқа орналаспақ болып жүргенде, 1937 ж. 30 желтоқсанда қайта тұтқынға алынып, атылады.

«Баяғы өткен заманда ерте, ерте, ертеде болған дейді. Күн, Су, Жел.

Бір-бірінен әбден зеріккен жаратыпты олар бір еркетай Жер нәрестені» өлеңнің бірінші шумағын оқушыға мәнерлеп оқыту.Мазмұнына тоқталу.

Өлеңнің екінші шумағын оқыту.Мазмұнына тоқталу.

Сонымен кім келеді?

Желді бейнелеу « Жер нәрестенің әр қимылын қызықтап отырған әрқайсысы оны аймалағысы ,өпкісі келді. Тіпті қолына алып,шырқата ән салып тербеткісі келді. Бірақ Жер нәресте олардың әрекетіне ояна қоймады. Сол кезде....»

Өлеңнің үшінші шумағын оқыту. Мазмұнына тоқталу.

Кім келді?

Су не істегісі келді деп ойлайсың?Егер біз ұйқыдан оянбасақ, ата-анамыз не істер еді?

«Судың салқын лебінен көзін ашқан Жер нәрестені бәрі аймалай ортаға алып, қызықтап жүр. Оның әрбір қылығын, әрбір қимылын, әрбір күлкісіне мәз болған олар әрқайсысы одан өз сыйын аямады.»

Өлеңнің төртінші шумаған оқыту. Мазмұнына тоқталу.

Содан бері талай жылдар, талай ғасыр өтті.Күн, Жел, Су т.б. Жер нәресте өз балаларындай бағып-қағып, әрқайсысы барын беріп әлпештеуден еш жалыққан емес. Жер нәресте де ер жетіп, ол да Адам атты балақайды бағып-қағуда.

Ал адам баласы, біз, Жердің бізге береген сыйын, не арқылы өтеуімізге болар екен?

Топпен жұмыс. Әр топ өз қалауы бойынша кез келген шумақты қағаз бетіне бейнелеп салып көрсету.

Жыл мезгілдері туралы тағы қандай ақын-жазушылардың өлеңдерін білесіңдер? Жатқа айта алар ма еді?

Абайдың «Жазғытұры» өлеңін интерактивті тақатада көрсету. Мәнерлеп оқу.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,

Көбелек пен құстар сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп,жылып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

М. Жұмабаев пен Абай өлеңдерін « Вен диаграммасына» салып салыстыру.Айырмашылықтары мен ұқсатықытарын табу.

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Оқу ісінің орынбасары: Ж.А.Дүйсетаева













Пәннің аты: қазақ тілі

Уақыты: 23.02.2017 ж.

Сынып: 4 «А»

Мұғалім: Ибраева Н.М.

Сабақтың тақырыбы:

Жіктеу есімдіктері

Мақсаты:

Жіктеу есімдіктері туралы түсінік қалыптастыру, жіктеу есімдіктерін қатыстыра отырып сөйлем құрату

Күтілетін нәтиже:

Тақырыптың мағанасын ашу арқылы түсіктері қалыптасады, ой-өрісін дамыйды, топпен тапсырмалар орындауға үйрене отырып,сабаққа деген қызушылықтарын дамытады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Деңгейлік тапсырма. Өзіндік жұмыс.
І - деңгей.
Біз, сіз, ол жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІІ - деңгей. Танымдық жаттығу.
Нүктенің орнына есімдіктерді қойып жаз.
Астана – Еуразияның кіндігі.... Европа мен Азияның басын қосар көпір болмақ.
... Астанамыз Қазақстанның орталығында орын тепкен. Астанамен... әлемге таныламыз. Астана -... мақтанышымыз... болашақта елімнің мақтанышы, қуанышы болуға өз үлесімді қосамын.
ІІІ - деңгей.
Туған жер туралы өлең жаз немесе өлең құрастыр.

Сергіту сәті

Мұғаліммен бірге түрлі қимыл жаттығуларын жасайды.

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады.

4,5-жаттығу жеке жұмыс.

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма

6-ж,54-бетте

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс







Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Оқу ісінің орынбасары: Ж.А.Дүйсетаева







Математика:

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау

Сілтеме:

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор


Көп таңбалы сандармен есептеу дағдыларын жетілдіру, қозғалысқа берілген есептерді шығару және теңдеулерді шешу қабілетін нығайту; Өздігінен, жұпта, топта жұмыс істеуге үйренеді

сұрақ-жауап, талдау, іздену

кестелер, суреттер, сызбалар.

Жалпы мақсаттар


Оқыту  нәтижесі

Әдісі:

Көрнекілігі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау

6 тапсырма тексеріледі (ауызша)

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

1 Есептеп жауабына сандықшадан іздеу. (ауызша)


2 қатесін тауып, дұрыстығын тексеру. (ауызша, жұптық жұмыс)

3 тапсырма өзіндік жұмыс

1-топ

3 568 + (36 532 + 860) : 456 =

1)

2)

3)

2-топ

800 + 115 023 : 23 + 2 600 * 345 =

1)

2)

3)

4)

3-топ

511 785 : 17 * 29 – 836 250 : 625 =

1)

2)

3)

4)






Сергіту сәті

Топ, топ, добым.
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым, -
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ.
Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев)

Ой толғаныс

БББ кестесі

Оқушылар толтырады

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

7,8 60-бет

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12